
Дайындықсыз үйленбе
Ер адамдар нені қалайды?
https://t.me/mergembaiakan
Жақсы қатын алғанның тойы үйінде,
Жаман қатын алғанның соры үйінде.
(с) Шал Күлекеұлы
Қазақта
“Ұстазы жақсының ұстамы жақсы”-
деген сөз бар. Адам жақсы ұстаздан тәлім-тәрбие алады, өмірлік көзқарастарын,ұстанымдарын (принциптерін)
дұрыс
қалыптастырады.
Отбасылық өмірге қадам басып, дайындық жасап жүрген бойдақтарға тіпті рухани ұстаздың болуы
қажеттілік
деп білемін. Қазір фитна толы заманда отбасымызды дұрыс құру үшін, өзіміз қалаған Ислами отбасы құру үшін діннен де, дәстүрден де, ер мен әйел қарым-қатынасын жақсы меңгерген ұстаз керек.
Отбасылық өмірге дайындықта
Ақан Мергембай ұстазымыздың
біліміне көп жүгінеміз. Ол кісі еліміздің бағына біткен бір туар азаматтардың бірі ма ша Аллаһ. Дін мен дәстүрді қатар ұштастыра, ер мен әйелдің психологиясын жақсы түсіндіреді. Алла ол кісіні, отбасын тіл-көзден сақтап, екі дүние жақсылығын нәсіп етсін. Ғұмыр жасы ұзақ болсын. Елге пайдалы бола берсін
🤲🏼
Түсіне білгенге бұл өте үлкен нығмет.
“Ұстазы жоқтың ұстазы - шайтан”
Шайтан деп қазіргі псевдо коуч, тренер, психологтарды атасақ та жарасады. Отбасыны ойрандауға себепші болып, әйелдердің эгосын қанағаттандырып, олардың тәуелсіз болып, күйеуін қажет етпейтіндей ажырасуға үгіттегендер.
Сол үшін бойдақ қарындас-әпкелеріме айтарым:
әлеуметтік желіде кімді оқисыздар, соған өте қатты сақтықпен қараңыздар.
Ажырасқан, “успешный успех” жасап жүрген, бизнесі бар, психолог-коуч, мотиватор әйелдер сіздің жазылымыңызда болмасын.
“Адамның адамшылдығы - жақсы ұстаздан”
Ер
мен әйел теңдігі тақырыбын қозғап,
якобы ҚЫЗДАР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАП ЖҮРГЕНДЕРДЕН алыс болыңыздар. Ойыңыз бірте-бірте қалай батыстық түсініктермен уланып жатқанын өзіңіз де байқамай қаласыз.
Роза коуч, Перизат Мырзахмет, Айкерім Есенәлі, Әлия Әшім, Жансая Мұратбек, Дина Төлепберген, Ару Сағи тб.
Иә, атын атап, түсін түстеймін. (Тізім көп боп жалғаса береді)
Жігіттер, сіздер де осындай теңдік мәселесін қозғайтын қыздардан аулақ болыңыздар.
Ауылға тұрмысқа шығу
≠ дамымау, бақытсыз болу
Қалаға тұрмысқа шығу ≠ бақытты болу
Егер Алла Тағала бір пендесіне нығметті кәміл күйінде беруді қаласа, әуелі оның қолындағы нығметтің қадірін түсіндіреді. Сондай-ақ, алда күтіп тұрған нығметке оны рухани тұрғыдан әзірлейді. Өйткені, кейде дайын емес жүрекке көтере алмайтын нығмет берілмейді.
Кейде Алла пендесіне білім алуды нәсіп етеді. Сол білім арқылы адам тура жолды табады, кейін өзгелерді де сол жолға шақыратын дәрежеге жетеді. Бұл - нығметке апаратын ең көркем дайындықтың бірі.
Осылайша Алла Тағала пендесіне нығмет бермей тұрып, алдымен оның жүрегін тәрбиелейді.
Нығмет атаулыны үш түрге бөлуге болады:
1.
Біз білетін нығметтер.
Бұлар көзіміз көріп, қолымызбен ұстап жүрген, күнделікті өмірде пайдаланып жүрген нығметтер.
2.
Біз күтіп жүрген нығметтер.
Бұлар - тілектеріміз бен армандарымыз, үміт етіп жүрген жақсылықтар, болашақтан күтер игіліктер.
3. Қаперімізге де кіріп шықпайтын нығметтер.
Біз оларды сұрамадық, тіпті бар екенін де аңғармаймыз. Алайда, дәл сол нығметтер өмірімізді қауіптен сақтап, тағдыр ағымына әсер етеді.
Көбіне адам бірінші және екінші нығметке ғана назар аударады. Ал үшінші нығмет Алланың ең нәзік әрі терең даналығы екенін түсіне бермейді.
Егер Алла Тағала бір пендесіне нығметті
кәміл
күйінде беруді қаласа, әуелі оның қолындағы
нығметтің қадірін түсіндіреді.
Сондай-ақ, алда күтіп тұрған нығметке
оны рухани тұрғыдан әзірлейд
і. Өйткені, кейде
дайын емес жүрекке
көтере алмайтын нығмет
берілмейді
.
Кейде Алла пендесіне
білім алуды нәсіп етеді
.
Сол білім арқылы адам тура жолды табады, кейін өзгелерді де сол жолға шақыратын дәрежеге жетеді.
Бұл - нығметке апаратын ең көркем дайындықтың бірі
.
Осылайша Алла Тағала пендесіне
нығмет бермей тұрып, алдымен оның жүрегін тәрбиелейді
.
Нығметтің өзі сынақ болса, оны сақтап қалу одан да
үлкен жауапкершілік
екенін білдіреді.
Ержан Бақытжанов
ұстазымыздың
“Сынақ сыры мен даналығы” кітабынан
Некеде теңдік - ер адам тараптан болады. Қыз тараптан емес.
Сондықтан да намазы бүтін, орамалдағы тақуа қызға, намазы жоқ пасық жігіт тең бола алмайды. Осы кезде бұл некені бұзуға қыздың ата-анасының толық құқығы бар.
Ал, егер жігіт намазхан болып, қыз пасық болса, жігіт қыздың теңі болады. Бірақ, бейнамаз қызды алуы арқылы ол - өзіне екі есе жауапкершілікті алған болады.
Қыздар тұрмыс құрарда жігіттің мал-мүлкiне, дене бітіміне қарап емес, тақуалығына қарап шығу керек. "Мен оған тұрмысқа шығып, оны намазға, тақуалыққа шақырамын", деген бос қиялдарға берілмеңіздер! Себебі, әйел адам - ердің дінінде болады. Керісінше емес.
Сол үшін қыздар, қаншалықты көп "дамысаңдар", соншалықты отбасы болып кетулерің қиын болады. Ұзақ уақыт жалғыздыққа үйреніп қалған адамның да біреумен бас қосып кетуі де қиынға соғады.
Ұсыныс айтып келген жігіттің біріне тиіп кетіңдер демейміз, бірақ көңіліңнен шығып тұрса, уақытты созбай, өзің сенетін адаммен ақылдасып, истихараңды оқып, бәрі келіп тұрса, келісіміңді берген хайырлы болады деп сенеміз.
Әйел адам проблеманы сөйлеу арқылы шешсе (ішін босатып) ер адам үнсіздікте шешеді.
(с) Ақан Мергембай ұстаздың семинарынан
Курс әлі жалғасуда. Ер мен әйелдің психологиясы модуліне келдік