Select your region
and interface language
We’ll show relevant
Telegram channels and features
Region
avatar

qos paraq🤍

aibasovaaa
Әр сәтін ертегідей көретін жанның жазбалары... 🕊
Subscribers
1 836
24 hours
-1
30 days
-8
Post views
629
ER
34,26%
Posts (30d)
16
Characters in post
712
Insights from AI analysis of channel posts
Channel category
Religion and Spirituality
Audience gender
Female
Audience age
25-34
Audience financial status
Middle
Audience professions
Psychology & Counseling
Summary
October 26, 17:28
Media unavailable
4
Show in Telegram

October 25, 08:10
Media unavailable
1
Show in Telegram

Ути
🥹
🤍

October 24, 19:53

“Жақсы қыздар құйрықты жұлдыздай, көз алдыңда жарқырап тұрғанда қол созып қалмасаң, қапы қаласың, сан соғасың.”

October 20, 11:52

Кеткім келеді Zhaksygalieev&Sultan Q

October 19, 00:11

Өзімдейді тапқым келеді. Өзіммен жаны да, тәні де егіз, болмысымыз бір арнада тоғысқан. Бір-бірімізден тыныштық табатындардан болсақ деймін. Тәңірден тілер ең тәтті, ең көркем тілегім де осы. Жанымның жаратылысын жатсынбайтын, ойларымның тереңінен өзіне таныс бір әлем табатын, менің үнсіздігімнен де бөтендік емес, мағына ұғатын жанды кездестіргім келеді. Екеуміздің арамызда түсіндіруді қажет етпейтін бір үндестік болса екен. Бір-бірімізге ұнау үшін құбылмай, қабылдану үшін болмысымызды бүркемелемей, қандай қалпымызда да бір бірімізге жақын болсақ деймін. Мен үшін жақындық бір адамның жанында уақыт өткізуден әлдеқайда терең ұғым. Ол көңіліңнің ешкімге көрсетпейтін тұстарын да сеніммен аша алу, ойыңды аяқтамай жатып түсінетін жанарға кезігу, ішкі әлеміңді бөтенсімейтін жүрекке жолығу. Кейде адамға өзін тыңдайтын құлақтан бұрын, өзін сезіне алатын жүрек қажет. Мен сондай жүректі іздеймін. Бір біріміздің жанымызға тыныштық болсақ екен. Мен оның жанында өзімді жоғалтпай, ол менің жанымда өз болмысынан алыстамай. Біріміздің үнсіздігіміз екіншімізге ауыр тимей, жалғыз қалғымыз келген сәттеріміздің өзі түсіністікпен қабылданса деймін. Жақындықтың өзі еркіндікті тұншықтырмай, керісінше, адамның өз қалпында гүлденуіне мүмкіндік берсе екен. Тәннің тартылысы мен жанның үйлесімі бір бірінен ажырамай, сезіміміз тек құштарлықпен шектелмесе деймін. Бір-бірімізді қалаумен қатар, қадірлей де білсек; жақындықты аңсаумен қатар, оның жауапкершілігін де сезінсек. Мен үшін ең көркем байланыс екі адамның бір-біріне тек жүрегімен емес, ниетімен, ұстанымымен, бүкіл болмысымен жақындауы. Бәлкім, бізді ерекше ететін нәрсе бірдей ойлауымыз емес, бір біріміздің ойлау әлеміне құрметпен қарай алуымыз шығар. Мінезіміздің әр тұсы қабыса бермесе де, ниетіміздің түбі бір жерден табылса екен. Өмірге деген көзқарасымызда, адалдықты бағалауымызда, адамдықты ардақтауымызда ортақ бір өлшем болсын деймін. Себебі жан үндестігі ұқсастықтан басталғанымен, түсіністікпен ғана тереңдейді. Әзірге ол жанның қайда екенін білмеймін. Бірақ оны кездестіргенге дейін өзімді жоғалтпай, жүрегімнің қадірін сақтап өткім келеді. Ар ұятымды да, тәнімнің аманатын да биік қойып, өткінші сезім үшін өз ұстанымдарымнан бас тартпасам екен. Біреуді күту өз өмірімді тоқтату емес, өзіме лайық өмірді қалыптастыру екенін ұмытпайын. Өйткені мен іздеген жанға жолыққанда, бір бірімізден тек махаббат емес, өзара құрмет пен рухани кемелдік те табылса деймін. Тәңірден тілерім мені көптің ішінен өзіме жақын жанға жолықтыруы. Жүрегімнің нәзіктігін әлсіздікке баламайтын, ар ұятымды құрметтейтін, сезімнің қадірін білетін адамды нәсіп етуі. Екеуміз бір-бірімізге дүниені ұмыттыратын сезім ғана емес, дүниенің ішінде өз орнымызды табуға көмектесетін тыныштық болсақ екен. Сонда бір күні оның жанында отырып, ештеңені дәлелдеуге де, ештеңені сұрауға да мұқтаж болмай, ішімнен ғана «Мен іздеген үндестік осы екен ғой» деп түйсінсем деймін. Жанымның жанына жақын, болмысымның болмысын жатсынбайтын, бір-біріміздің өмірімізге кездейсоқ келмей, мағына болып енген адамды табу. Бірге болғанда жүрегіміз асықпай, көңіліміз алаңсыз, ал ниетіміз бір бірімізге адал болсын. Менің арманым біреудің жүрегінен орын алу ғана емес, бір-біріміздің жанымызға жат болмайтын ғұмыр кешу
.
Тәңірім, маған көптің ішінен біреуді емес, жүрегімнің төріне лайық жанды жолықтыр. Жаным жанына, рухым рухына, ниетім ниетіне үндесетін; қасында көңілім жай тауып, жүрегім асықпай соғатын; махаббатты мұңға емес, мейірімге айналдыратын адамды нәсіп ет.
🤍
-әмин
qos paraq
🤍

October 17, 04:49

0:52

October 14, 16:33

Бір кездері ғашығыма айтқан тілегім бар еді…
Адам бір рет сүйеді, содан кейін соған ұқсас адамды ұнатады.
Бірақ ендігі махаббатыңыз маған ұқсамаса екен.
- Неге ? -деді ол,
- Мен сіздің өміріңізде, көңіл төріңізде жалғыз әрі қайталанбас болғым келеді…

October 13, 14:34

барлығымызға сүйілуге де, сүюге де
лайық әдемі махаббат
бұйырсын!

October 12, 18:49

Нормально жігіт жоқ..
❌
Талғамым мен таңдауыма шүбәсіз сай келетін тағдырыма жазылған ер азаматпен жолымыз әлі тоғыспай жүр..
✅

October 10, 19:46

таксист:қызым, темекі шексем қарсы емессің ба?
-ыңғайы келсе шекпей-ақ қоясыз ба?
:иісі қатты шықпайды, қымбат темекі. Өзің шекпейтін ба едің?
-жоқ ағай, денсаулығым қымбатырақ…
(үнсіздік…)
Деп біраз үнсіздіктен кейін, ағай қазіргі қыздарды даттай кетті. Кейде шынымен, қай қоғам ағымына еріп бара жатқанымызды білмейміз ғой. Бұрын, қыздар түтіндерін бұрқыратып тұрса, жатсынып, таң қалатын еді пәк көңілім. Қазір ше? Қазір оған таңғалмайтын да болдық. Керісінше, шекпейтін адамды көріп, “осындай заманның өзінде шекпейсің бе?” деп таңырқайтын деңгейге жеттік. Қызық, ә? Кеше ғана жат көрінген нәрсеге бүгін көзіміз үйреніп, ертең қалыпты жағдай деп қабылдайтын сияқтымыз. Бірақ мәселе темекіде ғана емес қой. Мәселе өзімізге жат дүниелердің бірте-бірте қалыпты көріне бастауында. Біреудің ермегін еркіндік деп, біреудің әдетін заманауилық деп, ал өз ұстанымыңды ескілік деп қабылдайтын қоғамға айналып бара жатқан жоқпыз ба? Әлгі ағайдың “қазіргі қыздар…” деп басталған әңгімесіне іштей келіскенім де, келіспегенім де бар. Өйткені әр адамға баға беру оңай, ал сол адамның не себепті сондай жолды таңдағанын түсінуге тырысу қиын. Қыздың темекі шеккені оның қандай адам екенін толық анықтамайды. Сол секілді, шекпегені де оны бірден жақсы адам етіп шығармайды. Адамның болмысы бір ғана әдетпен өлшенбейді. Дегенмен, бір нәрсе анық: денсаулықтың қадірін білген адамның таңдауы үшін ұялудың қажеті жоқ. Біреуге ұнау үшін де, ортадан қалмау үшін де өзіңе зиян келтіретін дүниеге “иә” деуге міндетті емессің. “Жоқ, ағай, денсаулығым қымбатырақ…” дегенімде, бәлкім, мен жай ғана темекіден бас тартқан шығармын. Бірақ сол сәтте өзім үшін маңызды бір нәрсені де таңдағандай болдым. Ол өз ұстанымымды өзгенің ыңғайына жығып бермеу. Кейде қоғам өзгеріп бара жатыр дейміз. Бірақ қоғам деген кім? Ол сіз бен біз. Біз үнсіз қабылдаған нәрселер ертең қалыптыға айналады. Біз мән бермеген құндылықтар бір күні өз маңызын жоғалтады. Сондықтан мәселе заманның өзгергенінде емес шығар. Мәселе заман өзгерген сайын өзіміздің нені жоғалтып, нені сақтап қалуымыз керектігін ойланудан қалғанымызда шығар… Таксиден түсерде әлгі ағайдың әңгімесі әлі есімде еді. Бірақ ойымда бір ғана сұрақ қалып қойды: Біз шынымен заманға бейімделіп келеміз бе, әлде заманға ілесеміз деп өзімізге тиесілі құндылықтарды үнсіз жоғалтып барамыз ба?..