Выберите регион
и язык интерфейса
Покажем актуальные для региона
Telegram-каналы и возможности
Регион
avatar

qos paraq🤍

aibasovaaa
Әр сәтін ертегідей көретін жанның жазбалары... 🕊
Подписчики
2 000
24 часа
10
30 дней
-20
Просмотры
1 292
ER
64,6%
Посты (30д)
7
Символов в посте
783
Инсайты от анализа ИИ по постам канала
Категория канала
Религия и духовность
Пол аудитории
Женский
Возраст аудитории
25-34
Финансовый статус аудитории
Средний
Профессии аудитории
Психология и консультация
Краткое описание
June 14, 06:01

0:42

June 13, 15:38

Ең мазасыз сезімнің не екенін айтайын ба?.. Ол өміріңде болмаған адамды сағыну, іздеу, аңсау. Қызық, әрі ерсі сезім сыңайлы. Көрмеген, білмеген жанды қызғану, сағыну. Оның қазір кіммен әңгіме-дүкен құрып отырғанын, кімге күлімдеп қарағанын, маған тиесілі болғандай көрінген сезімдерін өзгеге арнап жүргенін ойлау… Ешқашан жаныңда болмаған адамға жүрегіңнен орын беріп қою қандай таңғаларлық десеңші. Оның даусы қандай екенін білмейсің, күлкісін естімегенсің, көзіңе қалай қарайтынын да елестете алмайсың. Бірақ соған қарамастан, оны жоғалтып алғандай күй кешесің. Кейде тағдырдың бір бұрылысында жолымыз қиылыспай қалған шығар деп ойлайсың. Мүмкін, бір қалада жүріп жүздеспеген шығармыз, бір мезетте бір аспанға қарап тұрып, бір-бірімізді білмеген шығармыз. Сонда да жүректің түкпірінде оның бар екеніне сенгің келеді. Ең қызығы, сен нақты бір адамды емес, өзің аңсаған жанды сағынасың. Жаныңды түсінетін, үнсіздігіңнен-ақ хәл сұрайтын, кетемін деп қорқытпайтын, қаламын деп дәлел іздемейтін адамды. Кейде түннің бір уағында ойыңнан шықпайды. Қазір ол не істеп жүр екен, кімнің жанында екен, кімге қамқор болып жүр екен деп қиялдайсың. Сол қиялдардың бәрі шындықтан алыста жатқанын білсең де, жүрек бәрібір сенгісі келеді. Өйткені кейбір сағыныштардың иесі болмайды. Кейбір күтулердің нақты мекенжайы жоқ. Олар тек жүректе өмір сүреді. Сондықтан да ең ауыр сағыныш – кетіп қалған адамды емес, әлі келмеген адамды сағыну шығар. Өміріңе енбеген жанды күту, кездеспеген адамды аңсау, ал бір күні оны жолықтырсаң, еш таңғалмай, баяғыдан танитындай қарап тұру… өйткені жүрек оны ақылдан әлдеқашан бұрын тауып қойған болады.
qos paraq
🕯️

June 12, 03:32

Ертеңгі күні арманың тұрмыс-тіршіліктің күйбеңіне жұтылып, күнделікті міндеттердің тасасында қалып қоймасын десең, өмірлік серігіңді жүректің қалауы ғана емес, сананың талғамымен де таңдай білу керек. Тұрмыс екі адамның бір шаңырақ астында өмір сүруі ғана емес, екі тағдырдың, екі арманның, екі мақсаттың тоғысатын мекені. Сондықтан өмір жолын бірге жалғайтын адамның дүниетанымы, құндылығы мен өмірге деген көзқарасы өзіңе жақын болғаны маңызды. Сезім адамды табыстырады, ал ортақ мақсат пен түсіністік сол сезімді сақтап қалады. Егер бірің биікке ұмтылып, бірің сол биіктіктің мәнін түсінбесең, уақыт өте келе араларыңда үнсіз алшақтық пайда болады. Ал екеуің де бір-біріңнің арманына құрметпен қарап, мақсатыңа демеу бола алсаңдар, тұрмыс сендерді қажытпайды, керісінше қанаттардырады. Өмірлік серік сенің жолыңды қысқартатын емес, жолыңды бірге жүріп өтетін адам. Сенің жеңісіңе қуанып, сүрінген сәтіңде сүйеу болатын жан. Әрбірден берік отбасы махаббаттан ғана емес, өзара құрметтен, түсіністіктен және ортақ мұраттан құралады.
Сондықтан жар таңдағанда жүректің үнін тыңдаумен қатар, ертеңгі армандарыңның да бір бағытқа қарап тұрғанына көз жеткізген жөн. Бір-бірін сүйген жандар бақытты болуы мүмкін, ал бір-бірін түсінетін жандар ғана ұзақ жолды бірге еңсере алады.
qos paraq
🕯️

June 10, 04:51
Файлы недоступны
2
Открыть в Telegram

🩵

June 03, 18:37

Үйлену үшін арнайы белгіленген қолайлы уақыт жоқ. Үйленуге лайықты адам бар. Үйлену үшін міндетті түрде жиырма мен отыз жастың аралығы ғана емес, ең маңыздысы өміріңе дұрыс адамның келуі. Лайықты жан жолыққанда, уақыттың өзі де өз орнын табады. Қашан үйленгеніңнің маңызы шамалы, ал кімге үйленгеніңнің маңызы орасан зор екені көптің көкейінен шығып кететін сыңайлы. Өйткені бақытты не бақытсыз ететін күнтізбедегі жас емес, жаныңдағы адам. Көпшілік “Поездымды өткізіп алдым ба?”, “Уақытымнан кеш қалып қойдым ба?” деп алаңдайды. Бірақ өмірдің мәні әр кеткен поезға үлгеруде емес. Поезд қай бағытқа жүрсе де, егер ол сені армандаған мекеніңе жеткізбесе, оның келгені де, кетіп қалғаны да маңызды емес.
Сол сияқты, әрбір кездескен адамға жармасып қалудың қажеті жоқ. Жалғыз қалудан қорқып жасалған таңдау көбіне өкінішке ұласатыны жасырын емес. Кейде кешігіп келген дұрыс адам, уақытында келген дұрыс емес адамнан әлдеқайда құнды болады. Өмір жарыс емес. Мұнда біреуден ерте жету немесе кеш қалу деген жоқ. Әр адамның өз жолы, өз тағдыры, өз уақыты бар. Сондықтан өзгелердің өмірімен емес, өз жүрегіңнің тыныштығымен өлше. Себебі шынайы бақыт белгілі бір жаста емес, дұрыс адаммен бірге келген кезде басталады.
❤️

June 02, 20:32

Сенгіш, реніштің не екенін білмейтін жандар уақыт өте келе дәл сол қасиеттерге өздері аңсар болып қалады. Өйткені адам баласы бұл дүниеге жүрегін айқара ашып келеді. Ол сенеді, үміттенеді, жақсылық күтеді. Бірақ өмір атты ұзақ жолда әрбір таза көңіл өз сынағынан өтпей қалaды. Сенімін ақтамаған адамдар кездеседі, адалдықтың орнын айла басады, шынайылықтың жүзіне жасандылықтың көлеңкесі түседі. Сонда ғана бұрын реніш дегеннің не екенін білмеген жүрек алғаш рет сыздап қоя береді. Сенімге берік, реніштің дәмін татпаған жандарды көбіне қоғамның суық лебі мен адамдардың әрекеті өзгертеді. Бір кезде баршаға күлімдеп қарайтын жан уақыт өте сақтықтың шегіне келеді. Әр сөзіне иланатын адам енді әр сөздің астарынан мән іздейді. Бұрын жанын аямай жақсылық жасаған көңіл енді қолын созар алдында аялдап қалады. Бұл оның жамандыққа бет бұрғанынан емес, өмірдің жүрегіне түсірген таңбасы ғана..
-мен сенгендер, маған сенбеуді үйретті.. деуші еді ғой….

May 29, 01:20

May 15, 19:14

Кейде адам қанша жанмен сөйлессе де, ешқайсысынан жүрегіне жақын үн таппайды. Сырттай бәрі жақсы көрінуі мүмкін: әңгіме бар, күлкі бар, уақыт өткізу бар. Бірақ ішіңде әлдебір бос кеңістік үнсіз қалып қояды. Сол кеңістікке ешкім жете алмайтындай көрінеді. Біреуге үйренгің келеді, жақын тартқың келеді. Бірақ сезімнің әлсіз ғана ұшқыны да пайда болмайды. Өз-өзіңді алдағың келмейді. Сондықтан бәрін басталмай жатып тоқтатасың. Кейде жүрек сенбеген дүниені жан да қабылдай алмайды екен. Бұрын махаббатты жеңіл, табиғи сезім шығар деп ойлайтынмын. Адам келеді де, бәрі өз орнын табатындай көрінетін. Бірақ уақыт өте келе оның да өз қиындығы барын түсінеді екенсің. Кейде ең қиыны біреуді жоғалту емес, ешкімді жүрекке жақындата алмау. Дегенмен жаңбырдан кейін аспанда кемпірқосақ пайда болатыны сияқты, ең қою түннің де соңынан жарық келетін шығар. Мүмкін, бір күні жүрек қайтадан оянар. Бірақ дәл қазір мен сол жарыққа әлі жете алмай тұрған адам сияқтымын..
-ұшқыны өткенде қалған,ұшқынсыз сезіммен арпаласып,тіршіліктің тірлігін жасап жүріп қу дүние де,үздіксіз уақыт та өтіп жатыр, жарқыным…
🕯️
qos paraq
🤍

May 14, 14:50

May 11, 19:25

-не қалайсыз бойжеткен?
-1 құшақ ақ раушан мен махаббатқа толы роман кітаптары
🤍