Select your region
and interface language
We’ll show relevant
Telegram channels and features
Region
avatar

Айнұр Тұрсынбаева

aidyn_nury_1977
Айдың нұры...
Subscribers
65 740
24 hours
-53
30 days
-1 669
Post views
5 594
ER
8,51%
Posts (30d)
26
Characters in post
895
Insights from AI analysis of channel posts
Channel category
Psychology
Audience gender
Female
Audience age
35-44
Audience financial status
Middle
Audience professions
Psychology & Counseling
Summary
October 10, 14:11

Өмір – ұзақ жол.
Сол жолда әркімнің өз аялдамасы бар!
Уақыты келгенде әркім өз бағытына түседі… Сол үшін бүгінгі жаныңыздағы жандарды бағалаңыздаршы.

October 10, 07:57

СІЗ ӘЛІ КҮНГЕ ДЕЙІН ӨЗ ӨМІРІҢІЗДІ ӨЗГЕЛЕРДІҢ ПІКІРІНЕ ҚАРАП СҮРІП ЖҮРГЕН ЖОҚСЫЗ БА?
Бір сәт ойланып көріңізші…
«Адам өзін бәрінен артық жақсы көреді. Бірақ өзі туралы өз пікірінен гөрі, өзгелердің пікірін жоғары қояды».
— Марк Аврелий
Қандай терең ой…
Біз өзімізді жақсы көреміз дейміз. Бірақ неге өз өмірімізге қатысты шешім қабылдарда өзгелердің пікіріне соншалықты тәуелдіміз?
Біреу сынап қалады деп қорқамыз. Біреудің көңіліне қарап, өз қалауымыздан бас тартамыз. «Ел не дейді?» деп талай арманымызды кейінге ысырамыз.
Тіпті кейде өзімізге не ұнайтынын, не қалайтынымызды ұмытып кетеміз.
Бір қызығы, өз өмірімізді өзіміз сүріп жатырмыз. Бірақ сол өмірге өзгелерден рұқсат күтеміз.
Ал шын мәнінде, біз туралы әркімнің өз пікірі болады. Бәріне бірдей ұнау мүмкін емес. Ең маңыздысы сол пікірлердің арасында өзімізді жоғалтып алмау.
Сіздерге бір сұрағым бар.
Араларыңызда әлі күнге дейін өз қалауыңыздан гөрі өзгенің пікірін жоғары қойып, «жұрт не дейді?» деген ойға тәуелді болып жүргендер бар ма?
Әлде қазір өзгелердің пікіріне тәуелді болмай, өз өміріңізді өз қалауыңызбен сүріп үйрендіңіз бе?
Пікірлеріңізді оқығым келеді. Әдемі жауап емес, шынайы жауап күтемін.
❤️

October 08, 03:25

Осы видеодан кейін бұл ши бауырсақты пісіріп көру керексіздер
😍
Оңай рецепт, дәмі тіл үйіреді!
Қажетті өнімдер:
• Сүт (немесе су) – 200 мл (жылы)
• Жұмыртқа – 2 дана
• Қант – 2 ас қасық
• Тұз – ½ шай қасық
• Ұн – 500–600 г
☕
Шайларыңыз дәмді болсын
❤️
🔴
Егер сіз қазір депрессиядан шыға алмай, бизнес бастауға қорқып, ішіңіз махаббат пен қолдауға мұқтаж болып, күнделікті күйбеңде миыңыз шаршап, ойыңыз шашырап, бастаған ісіңізді аяқтай алмай, түнде ұйықтай алмай, өмір тоқтап қалғандай, ішкі күшіңіз сарқылып бара жатқандай сезіліп жүрсе —
мен сізді Шымкенттегі ретритіме шақырамын!
❤️
🔥
14–16 қазан күндері Шымкентте өтетін ретритте
біз ішкі қорқыныштармен, санадағы шектеулермен жұмыс істеп, өзіңізді тереңірек тануға, ішкі күшіңізді оятуға және өміріңізге жаңа бағыт беруге көңіл бөлеміз!
📞
Тіркелу: 8 702 238 99 41

October 08, 03:25
Media unavailable
1
Show in Telegram

October 07, 16:50

1) Шырын
Мінезіңіз:
Сізде сергектік, ашықтық, жаңалыққа құштарлық бар. Қозғалысты, өзгерісті, істің анық болғанын және нәтижені ұзақ күтпей көргенді ұнатасыз.
Ішкі қажеттілігіңіз:
Қимыл-қозғалыс, жаңа әсер, алға жылжып жатқаныңызды сезіну.
Әлсіз тұсы:
Кейде қарым-қатынастың тереңіне бойламай қалуыңыз, қызығушылықтың тез сөніп кетуі, бір мезетте тым көп істі мойынға алып қоюыңыз мүмкін.
Сізге пайдалы:
Күн сайын бір шағын қадам жасауды әдетке айналдырыңыз. Дене белсенділігін көбейтіңіз. Әр жаңа іс пен қарым-қатынаста өзіңізден:
«Бұл маған шын мәнінде не үшін маңызды?»
— деп сұрап отырыңыз.
⸻
2) Кофе
Мінезіңіз:
Сізде жігер де, амбиция да бар. Қиындық туған сәтте бойыңызды тез жинап, қысымның өзінде әрекет ете аласыз. Мақсат пен нақты нәтижені бағалайсыз.
Ішкі қажеттілігіңіз:
Айқын мақсат, мойындалу, мәртебе және көзге көрінетін нәтиже.
Әлсіз тұсы:
Үнемі өзіңізді қамшылай беру күйзеліске, ашушаңдыққа, бәрін бақылауда ұстауға тырысуға, ақырында ішкі қажуға әкелуі мүмкін.
Сізге пайдалы:
Жауап берердің алдында бір сәт тоқтай білуді үйреніңіз. Ұйқыңызды реттеңіз, ағзаны сергітетін қоздырғыштарды шамадан тыс қолданбаңыз. Күніне бірнеше рет 5–10 минут тыныш отырып, санаңызды тынықтырып отырыңыз.
⸻
3) Шай
Мінезіңіз:
Сіз сабырды, байыптылықты, жайлы ортаны бағалайсыз. Асығыс шешімнен гөрі бақылап, ойланып барып қадам жасағанды жөн көресіз. Терең әңгіме мен шынайы жақындық сіз үшін маңызды.
Ішкі қажеттілігіңіз:
Тұрақтылық, бірқалыпты өмір ырғағы және сапалы, терең қарым-қатынас.
Әлсіз тұсы:
Кейде шешімді тым ұзақ ойлап, кейінге қалдыруыңыз мүмкін. Кикілжіңнен қашып, айтылуы тиіс сөзді іште сақтап қалатын кездеріңіз де болады.
Сізге пайдалы:
Уақытыңызды алдын ала бөліп жоспарлаңыз. Ойыңыз бен сезіміңізді анық жеткізуге дағдыланыңыз:
«Мен бұған былай қараймын…», «Мен үшін бұл маңызды…»
деген секілді ашық сөйлемдерді қолданыңыз. Қиын әңгімені кейінге шегере бермей, оған арнайы уақыт белгілеңіз.
⸻
4) Компот
Мінезіңіз:
Сіз үшін отбасы, үйдің жылуы, дәстүр мен өткеннің қадірі айрықша. Жақындарыңызға қолыңыз ашық, көңіліңіз кең. Жаныңызға таныс, жылы дүниеден қуат аласыз.
Ішкі қажеттілігіңіз:
Бір ортаға тиесілі екеніңізді сезіну, сенімділік, қалыптасқан тәртіп және жақын адамдармен ортақ дәстүрлер.
Әлсіз тұсы:
Өткенге байланып қалу, өзгеріске бірден бейімделе алмау, ренішті ашық айтпай, іште жинау қаупі бар.
Сізге пайдалы:
Өміріңізге күн сайын болмашы болса да бір жаңалық енгізіп отырыңыз. Жақындарыңызбен арадағы байланысты бекітетін ортақ дәстүр қалыптастырыңыз. Күткеніңізді тұспалдап емес, анық айтып үйреніңіз.
⸻
5) Сүт
Мінезіңіз:
Сізге қауіпсіздік, қамқорлық пен қарапайымдылық жақын. Жаныңыз нәзік, сезімталдығыңыз жоғары. Адамның ықыласын да, суық қабағын да тез сезесіз.
Ішкі қажеттілігіңіз:
Қолдау, түсінікті тәртіп және арқа сүйеуге болатын сенімді адамдар.
Әлсіз тұсы:
Өзгеге тым тәуелді болып қалу, жеке шешім қабылдаудан имену немесе қарым-қатынаста өз жауапкершілігіңізді басқаға тапсырып қою қаупі бар.
Сізге пайдалы:
Өзіңізге өзіңіз тірек болуды үйреніңіз. Жылы әрі тұрақты күн тәртібін қалыптастырыңыз, жеке шекараңызды бекітіңіз. Күн сайын бір шағын істі ешкімнің көмегінсіз орындап,
«Мен мұны өзім де істей аламын»
деген ішкі сенімді күшейтіңіз.

October 07, 15:15
Media unavailable
1
Show in Telegram

Тек ойланбай бір сусынды таңдаңыз? Төменге қай сусынды ішкіңіз келді жаза кетіңіз
😍
Жауабын біраздан соң салып қоям. Өте қызық тест. Сіз туралы көп нәрсе айтады. Міндетті түрде кіріп оқыңыз!
❤️

October 07, 04:42

Байлық жасқа қарамайды! Жасыңыздың да, тұратын жеріңіздің де, біліміңіздің, шыққан тегіңіздің де де байлыққа түк қатысы жоқ! Ойыңыздың ғана қатысы бар...
Ал кейде сол ойларды жалғыз отырып өзгерту қиын.
Сондықтан 14–16 қазан күндері Шымкентте бірнеше күн өзімізге уақыт бөліп, ішкі күйімізге үңілеміз.
Соңғы орындар қалды!
📞
8 702 237 99 41

October 07, 04:42
Media unavailable
1
Show in Telegram

October 02, 03:01
Media unavailable
1
Show in Telegram

Бұл миды бағдарламалаудың ең қарапайым техникаларының бірі.
Осындай
өзім қолданып көрген, тәжірибемнен өткізген, нәтижесін байқаған көптеген техникаларды
«Ми және Миллиард» кітабымда жинақтадым.
Бұл жай оқып қоя салатын кітап емес. Ішіндегі тәсілдерді күнделікті өмірде қолданып, ойлау жүйеңізбен жұмыс істеуге болады.
📚
«Ми және Миллиард» кітабына тапсырыс беру үшін:
📞
+7 708 579 7520
нөміріне жазыңыздар.
🤍

September 23, 14:16
Media unavailable
1
Show in Telegram