Выберите регион
и язык интерфейса
Покажем актуальные для региона
Telegram-каналы и возможности
Регион
avatar

Айнұр Тұрсынбаева

aidyn_nury_1977
Айдың нұры...
Подписчики
67 409
24 часа
-56
30 дней
-910
Просмотры
3 219
ER
4,78%
Посты (30д)
25
Символов в посте
1 203
Инсайты от анализа ИИ по постам канала
Категория канала
Психология
Пол аудитории
Женский
Возраст аудитории
35-44
Финансовый статус аудитории
Средний
Профессии аудитории
Психология и консультация
Краткое описание
September 12, 03:16

20 қыркүйекте Алматыда өтетін «Бизнес психологиясы» тренингінде Ардақ Тәукебаева бизнесте сатуды күшейтіп, жүйеге көшірудің нақты жолдарын айтады.
Қалай сатуды күшейтуге болады?
Қалай мықты команда құруға болады?
Қалай күнделікті операциядан шығып, масштабқа өтуге болады?
Ардақ бұл тақырыптарды теориямен емес, өзінің нақты бизнес тәжірибесімен бөліседі.
20 қыркүйек | Алматы
Орын саны шектеулі.
Мықты тренинг болатынына сенімдіміз
Тезірек Тіркеліңіз
📲
📞
Тіркелу: +7 702 237 99 41

September 12, 03:16
Файлы недоступны
1
Открыть в Telegram

September 11, 14:47

Өзіңізден сұраңыз:
«Жұртқа сыйымды болу үшін өзімнің қай қасиетімнен бас тарттым? Соның қайсысын әлі күнге дейін жоқтап жүрмін?»
4. Бұрала өсіп, гүлдеген ағаш
Тастың үстіне тамыр жайған. Діңі бұрала біткен, әр жерінде қуыс бар. Өзгелердің ішінде ойлы-қырлы жерге өскені де — осы. Гүлдеп тұрғаны да — осы.
Оның көркі үйреншікті өлшемге сыймайды. Ол жарыққа жетудің өз жолын тапқанымен сұлу. Ешкімнің жолын қайталамаған. Өз ыңғайымен өсіп, өз қалпында гүлдеген.
Төртінші ағашты таңдаған адамның жасампаздығы сыртқы көрінісінен емес, ішкі болмысынан басталады. Сіз әр істің өзіңізге лайық жолын табасыз. Мағынасыз ереже жаныңызға жақпайды. Өз бетіңізбен ойлап, өз еркіңізбен әрекет етесіз. Кейбіреулер осы дербестігіңізді жұрттан бой тарту деп түсінуі мүмкін.
Бір нәрсеге зер салыңыз: ағаш тастың үстінде тұр. Өскен жері жайлы емес. Тамыр жаю да оңай болмаған. Бірақ табан тіреген негізі берік. Сіз де тез сынып кететін осал жан емессіз. Өз қалпын сақтағысы келетін еркін адамсыз.
Юнгтің пайымынша, шиыршық — адамның өз даралығын тауып, тұтас тұлғаға айналу жолын бейнелейтін пішіндердің бірі. Адам өзіне қарай үнемі түзу жүрмейді. Кейде бұрынғы тұсына қайта оралады. Бірақ бұрынғы күйінде емес, бір саты биіктеп келеді.
Сіз өмірді жеңілірек қабылдайсыз. Өйткені жұрттың сізден күткенінің бәрін орындау міндет емес екенін ұққансыз. Сізге артылған талаптың көбі өз өміріңізге мүлде қажет болмауы мүмкін.
Өзіңізден сұраңыз:
«Бір кезде кемшілігім деп жүрген қай қасиетім менің өз болмысымды жоғалтпай сақтап қалуыма көмектесті?»
5. Тамырлары түгел көрініп тұрған, жеміс берген ағаш
Бұтақтары апельсиннің салмағынан иілген. Топырақтың қимасынан тарам-тарам тамыры көрінеді. Тамырының ауқымы ағаштың өзінен де үлкен. Бұл — өзгеге нәр беріп тұрған ағаш.
Бесінші ағашты таңдаған адамға жұрт өзінен-өзі арқа сүйейді. Қиналғанда іздейді. Тығырыққа тірелгенде есіне алады. Жанынан медет табатынын біледі.
Сіз ақылыңызды айтасыз. Уақытыңызды бөлесіз. Үйіңізден орын бересіз. Біреудің жоғалған үмітін жалғап, өмірден мән табуына көмектесесіз. Сіз жүрген жерде шашыраған дүние жиналып, ретсіз іс ретке келе бастайды.
Бірақ суретте көрініп, өмірде көзге түсе бермейтін бір нәрсе бар. Ол — тамыр. Соншама жемісті көтеріп тұрған алып негіз.
Сіздің көп адамға тірек бола алатыныңыз да содан. Кезінде ешкім көрмеген тереңдікте өз іргеңізді бекіткенсіз. Оның қалай қалыптасқанын сырт көз біле бермейді.
Юнг адамның тұтас «Мені» бойға қосылған тағы бір қасиет емес, айналасындағы дүниені ретке келтіретін өзек ретінде көрінетінін айтқан. Мына ағаш та сондай. Суреттің қақ ортасында тұрған жоқ. Бірақ айналасындағы көріністің бәрі соған қарай үйлескен.
Әйтсе де осы қасиеттің ауыртпалығы бар.
Үнемі нәр беретін жанды жұрт сол нәрі үшін іздеуге үйренеді. Бәрі жеміс алуға келеді. Ал сол жемісті өсіріп тұрған тамырдың жайын сұрайтындар аз.
Өзіңізден сұраңыз:
«Менен ештеңе қажет етпей, жай ғана халімді білгісі келген кім бар?»

September 11, 14:47

1. Тамыры берік, бірақ жемісі жоқ ағаш
Бұтағы жайылған. Діңі мығым. Тарам-тарам тамыры жер бетіне шығып жатыр. Бірақ бір түйір жемісі жоқ.
Сіздің өмірде сүйенер негізіңіз бар. Оны біреу қалап берді ме, әлде өз қолыңызбен құрдыңыз ба — әйтеуір, іргеңіз берік. Жан-жаққа тараған тамыр соны аңғартады. Сізге сенуге болады. Біреу қиналса, қол ұшын бересіз. Шешілмеген істің жөнін табасыз. Өзгеге тірек бола білесіз.
Әйтсе де көңіліңізде бір алаң бар. Ағаштың басы жайқалып тұр, бірақ үңіле қарасаңыз — бос. Өзіңіз де солай: еңбектенесіз, күш саласыз, білгеніңізді істейсіз. Бірақ күткен нәтиже әлі жоқ сияқты. Бұл — еңбегіңіз еш кетті деген сөз емес. Ағаш та жыл он екі ай жеміс бермейді.
Юнг адамның жан дүниесінің өз мерзімі болатынын айтқан. Өсудің көзге көрінбейтін шағы бар. Жер астында тамыр бекіп жатады, ал санаңыз оны тоқырау деп ұғады. Бәлкім, сіз де қазір сыртқа емес, тереңге өсіп жатқан шығарсыз.
Бірақ мойындауға ауырлау тағы бір себеп болуы мүмкін. Кейде ағаш айналасындағы топырақты ұстап тұрамын деп, жеміс салуға қуат таппайды. Сіз де отбасыңыздың, ортаңыздың, шаңырағыңыздың бар салмағын көтеріп жүріп, өзіңізге келгенде күш-қуатсыз қалуыңыз мүмкін.
Өзіңізден сұраңыз:
«Еңбегімнің жемісі әлі пісіп жетілмеді ме, әлде піспей жатып өзгеге үлестіріп жүрмін бе?»
2. Суға қарай иілген тал
Өзенге еңкейіп, бұтақтарын төмен салбыратқан тал. Тамыры дымқыл топырақта жатыр. Су көтерілсе де, тартылса да, астындағы жердің қалпы өзгеріп тұрады.
Сіз дүниені жүрегіңізге жақын қабылдайсыз. Бұл — жай айтыла салған сөз емес. Бір жағдайдың байыбына барып үлгермей жатып, жүрегіңіз оның салмағын сезіп қояды. Абайсыз айтылған бір ауыз сөз күні бойы көңіліңізден кетпеуі мүмкін. Ал шын ықыласпен көрсетілген мейірім жаныңызды жадыратып жібереді.
Байқасаңыз, осы ағаштардың ішінде суға жақындықты қажет етіп тұрғаны — тал.
Юнгтің түсіндіруінде су — бейсаналықтың, ана мейірімінің тұрақты нышандарының бірі. Қандай болсаңыз да қабылдайтын, бауырына басатын, қамқорлығын ешбір шартқа байламайтын жылылық.
Екінші ағашты таңдаған жан көбіне осындай жылылықты аңсайды. Ақыл айтатын адам табылады. Жол көрсететіндер де аз емес. Бірақ кейде сізге керегі — біреудің құшағында сәл тыныстап, қамқорлығын сезіну ғана. Мұндай адам сол мейірімді кезінде жеткілікті көрмеген болуы мүмкін. Немесе көрген, бірақ кейін жоғалтқан. Содан бері оны басқа адамдардан, жақын қарым-қатынастан, барған жерінен іздеп келеді.
Тал желге иіледі, сондықтан сынбайды. Оның нәзіктігінде төзім бар. Сіздің сезімталдығыңыз да — бойыңыздағы күштің бір қыры. Бірақ талдың түбіндегі топырақ үнемі құбылып тұрады. Сол сияқты, сізге де көңіліңіз орныға бергенде қайта шайқалып, өзіңізді қайтадан жинауға тура келетіндей көрінеді.
Өзіңізден сұраңыз:
«Мен серік, дос, жұмыс іздеп жүрмін бе? Әлде маған бұрын ешкім көрсетпеген қамқорлықты көрсететін жанды іздеп жүрмін бе?»
3. Тік өскен, бұтақтары кесілген, тамыры көрінбейтін ағаш
Бойы ұзын. Діңі жіңішке. Санаулы ғана бұтағы бар. Жер бетінде бірде-бір тамыры көрінбейді.
Пішініне қараңызшы. Бұл ағаш өз еркімен өспеген.
Бұтағын кесіп отырған. Төменгі бұтақтары жоқ. Не кесілген, не әуелден өсуіне жол берілмеген.
Үшінші ағашты таңдаған адам алға басу үшін өз болмысының кей тұстарынан бас тартуды ерте үйренген. Бойындағы бейберекеттікті тежеген. Артық санағанын алып тастаған. Жұртқа оғаш көрінер қылықтарын жасырған. Сөйтіп, сөзі анық, ісі жинақы, айтарын айналдырмай жеткізетін адамға айналған.
Сіз шешімге беріксіз. Қажет жерде батылдық танытасыз. Бірақ тамырыңыз толық бекімей жатып, өзіңізді шектеуге мәжбүр болғансыз. Ішкі тірегіңіздің кей тұсы содан осал қалған. Сондықтан кейде болмашы ескертудің өзі жаныңызға қатты батады. Өзгеге ұсақ көрінген сөз сізді ұзақ толғандыруы мүмкін.
Жұрт қабылдасын деп қалыптастырған осы жинақы, ұнамды бейнеңізді Юнг «персона» деп атар еді. Ол сізге көмектеседі. Ортаға сіңісуге, ісіңізді жүргізуге жарайды. Бірақ оны сақтап жүрудің де салмағы бар. Өзін ұзақ уақыт бойы шектеген адам бір күні өзінің әуелгі болмысын ұмытып қалуы мүмкін.

September 11, 14:41

‼️
ЖАУАПТАРЫ
👇
👇
👇

September 11, 14:40
Файлы недоступны
1
Открыть в Telegram

Көп ойланбай бір ағашты таңдаңыз?! Өз болмысыңыз туралы тереңірек біліңіз!
Қай ағаш ұнады? Нөмірін жазыңыз
👇

September 09, 04:18

Бұл жолы сахнада мен ғана емес, өз саласында мықты, айтары бар адамдар бірге болады:
Балқия Балтабай
Әбдірашид Түлкібай
Ардақ Тәукебаева
Әрқайсысы өз тәжірибесімен, өз білімімен бөліседі.
Бір күнде көп нәрсеге басқа көзбен қарап шығасыз деп ойлаймын.
Шынымды айтсам, орындар тез толып жатыр. Аз ғана орын қалды.
📞
Тіркелу: +7 702 237 99 41

September 09, 04:18
Файлы недоступны
1
Открыть в Telegram

September 07, 15:20

Мен жаңа кітабымды 20 қыркүйек күні ғана сатылымға шығарамын деп едім.
Бірақ оқырманның талабы жоспардан озды.
«Кітапты қашан аламыз?» деген сұрақтар саны дайректте көбеюде.
Содан шештік.
‼️
10 ҚЫРКҮЙЕКТЕ АЛДЫН АЛА САТЫЛЫМ АШЫЛАДЫ.
Бірақ бір ерекшелігі бар.
❤️
Алғашқы 1000 кітапқа ғана өз қолыммен қолтаңба қалдырамын.
Мың кітап.
Одан кейін бұл мүмкіндік қайталанбайды.
Ал 20 қыркүйекте Алматыда жаңа кітаптың тұсауы кесіледі.
Сол күні «Бизнес психологиясы» тренингінде үлкен кездесу, мықты спикерлер, жаңа білім, жаңа кітап бәрі бір сахнада тоғысады.
📞
Тренингке тіркелу: +7 702 237 99 41

September 07, 15:20
Файлы недоступны
3
Открыть в Telegram