Select your region
and interface language
We’ll show relevant
Telegram channels and features
Region
avatar

Ахмедов Ербол

akhmedovyerbol
Каналда жарияланған барлық ақпарат — аманат. Егер қандай да бір жазбаны алғыңыз келсе, ұрлық жасамай, міндетті түрде каналға сілтеме жасап алыңыз. Шейх Абдулфаттах Әбу Ғудда (Алла оны рақымына бөлесін) былай деген: “Білім саласындағы адалдық — оны айтқан
Subscribers
4 199
24 hours
7
30 days
35
Post views
1 581
ER
37,65%
Posts (30d)
7
Characters in post
335
Insights from AI analysis of channel posts
Channel category
Other
Audience gender
Mixed audience
Audience age
-
Audience financial status
Mixed
Audience professions
Others
Summary
-
October 22, 08:12

Нағыз еркектігің кофейняда қою қара қантсыз эспрессо ішумен өлшенбейді. Нағыз еркектік – сол кофейняда ешбір қызға көз тікпей, нәпсіңе ие боп отыруың.

October 17, 02:26

Мүшріктер Аллаға иман келтіру үшін пайғамбарлардан мұғжиза көрсетуді талап ететін.
Ал өздері табынатын пұттарынан бірде-бір мұғжиза талап етпейтін. Соған қарамастан, сол пұттарға құлшылық ететін!

October 15, 11:17

Түнгі құлшылыққа тұрмайды. Бірақ фильм көріп, сағаттап ұйықтамай отырады.
Құран оқымайды, күнделікті зікірлерін айтпайды. Тілдері Алланы еске алудан құрғаған.
Ғайбатқа, өсекке, өзгелерді мазақ етуге берілген. Мәнсіз дүниелерді тамашалап, уақыттарын әртістер мен әншілерге арнайды.
Ал көңілдері құлазып, жандары қысылған кезде:
«Бізге психологиялық ем қажет!» дейді.
Саған психологиялық ем қажет емес. Саған керегі тек тәубе!

October 11, 13:14

Елестетші, бір ай бойы жұмыс істедің. Ал айлығың өзіңнің емес, басқа біреудің есепшотына түсті.
Ішің күйеді ғой, солай емес пе?
Міне, ғайбат та дәл осындай.
Намаз оқисың, ораза ұстайсың, садақа бересің, басқа да ізгі амалдар жасайсың.
Ал Қиямет күні бір адам келіп, сенің жинаған сауаптарыңнан өз ақысын алып кетеді.

October 07, 04:11

Хатим әл-Асамның (Алла оны рақымына алсын) сөзі:
«Үш жағдайда өзіңді қадағала:
Бір іс істегенде, Алланың сені көріп тұрғанын есіңе ал.
Сөйлегенде, Алланың сөзіңді естіп тұрғанын есіңе ал.
Үндемегенде, Алланың ішкі сырыңды да білетінін есіңе ал».
(«Сифат әс-сафуа»)

October 03, 06:56

Білім ізденушіге насихат
Уа, білім ізденуші! Сабыр ет, білімнің жемісін көруге асықпа. Білім тәнді рақатқа бөлеп, бір кітаптан екіншісіне жиі ауыса берумен келмейді. Оған сабырмен, үздіксіз ізденіспен және білгеніңді амалға асырумен жетесің.
Ниетіңді тек Аллаға арна. Білімді өз иелерінен ал. Үйренгеніңді жадыңда сақтап, соған сай амал ет. Өйткені білімің саған пайда бермесе, сенің пайдаңа дәлел де болмайды.
Жалығып, тастап кетуден сақтан! Сабыр етіп, ізденісін жалғастырған адам мұратына жетеді. Аллаға шынайы ықылас танытқанға Алла жәрдем береді.
Алладан үнемі пайдалы білім, бойсұнған жүрек және ізгі амал сұра.

September 29, 14:16

Әйел ер адамды үндемей отырса да түсінеді. Ал ер адам әйелді сөйлеп тұрса да түсінбейді!

September 24, 16:05

Мүшріктер пайғамбарлардан мұғжиза талап ететін. Ал өздері табынған пұттарынан бірде-бір дәлел сұрамайтын. Жалғанға дәлелсіз сеніп, ал ақиқаттан дәлел талап ететін.
Жалғанға ерген кейбір адамдар да осылай істейді: ақиқат жолындағылардан қайта-қайта дәлел сұрайды, ал өздері ілескен адамдардан бірде-бір дәлел сұрамайды.
Сондықтан дәлел сұрағанның бәрі ақиқатты іздеп жүр деген сөз емес. Кейбірі дәлелді тура жолды табу үшін емес, ақиқатты қабылдаудан жалтаруға сылтау табу үшін сұрайды.
adil9mustafa

September 24, 14:45

Суфиян ибн Ұяйнадан (Алла оған разы болсын) мынадай сөз жеткізілген: «Құранда “Оның не екенін сен қайдан білесің?” (وَمَا أَدْرَاكَ) деп келген нәрселердің бәрін Алла оған білдіріп, түсіндірген. Ал “Сен қайдан білесің?” (وَمَا يُدْرِيكَ) деп келген нәрселерді оған білдірмеген». Алла жақсы біледі.
“Тәуилат әһли сунна” тәпсірінен.

September 24, 14:36

Адамды құлдықтан азат ету дегеніміз: оны түрлі қауіп-қатерден құтқару. Бұл оны құлдықтың қорлығынан босату арқылы да жүзеге асады. Сондай-ақ біреудің басқа адамды жазықсыз өлтірмек болғанын көріп, жәбірленушіні залымның қастандығынан қорғау немесе суға батып бара жатқан адамды құтқару да осыған жатады.
Осының бәрі адамды өлімге әкелетін қауіп-қатерден арашалау болып саналады. Осы амалдар арқылы ақыреттегі игілікті өмірге қол жеткізесің.
“Тәуилат әһли сунна” тәпсірінен.