Select your region
and interface language
We’ll show relevant
Telegram channels and features
Region
avatar

men❤️‍🩹

arynqunanbai
оқшау ой. санаға салмақ салар сөз. терең ойдың телміріп соңына ерген. ілім дәриясынан маржан терген. көрген-баққан. оқу-тоқу. жазған-сызған.
Subscribers
9 702
24 hours
16
30 days
-28
Post views
8 380
ER
86,37%
Posts (30d)
3
Characters in post
310
Insights from AI analysis of channel posts
Channel category
Books
Audience gender
Female
Audience age
35-44
Audience financial status
Middle
Audience professions
Education
Summary
July 14, 13:35
Media unavailable
1
1
Show in Telegram

бала “құлақтан семіреді” – ата-анасы айтқан алымды ақыл көмейінен көкейіне құйыла береді. сөздік қоры боп жиыла береді. сөйтіп оқуға жол ашылады…
🧠
«оқитын ми»
туралы ата-аналарға арналған нұсқаулықты; 100-ден аса мысалы бар
тіл ұстарту
материалын алам десеңіз, жазыңыз.

July 01, 08:12
Media unavailable
1
Show in Telegram

түркі дүниесінен нобель алған жалғыз жазушы орхан памукты айтам…бір кітабында бүй депті: “достоевскийдің “братья карамазовы” романын алғаш оқығаным есімде қалыпты. он сегіз жаста ем. терезесінен босфор көрінетін бөлмеде өзім жалғыз отырып оқитынмын. әкемнің…

July 01, 08:10
Media unavailable
1
Show in Telegram

ойлы оқырман, амансыздар ма! сіздерге
paraqta
атты кітапсүйерлерге сүйеніш-түрткі болар қолданбаны таныстырмақшымын. телеграм арқылы тіркеліп алсаңыз, жыл ішінде “шам жағып” отырып бірнеше кітап тауысуға жол ашылады. тақауыры мен тиянағы көрініп тұрады сайтта. тегін кітапханасы, топтары, талқысы да бар.
🎁
үздіксіз оқу мен тоқтаусыз ізденістің мұрындығы –
марафонға
қатысыңыздар. менің атымнан тіркелгендерге 800 теңге.
🪔
мына сілтемені басып тіркелесіз:
https://paraqta.kz/b/aryn

May 15, 07:10
Media unavailable
1
Show in Telegram


нағыз филфак көретін сұхбат:
https://youtu.be/e5a4dFGqeBg?si=rnSh8qkz9MiHBAQO

April 15, 10:21
Media unavailable
1
Show in Telegram

таяқ жеу!
осы уаққа дейін ағылшыннан біраз “таяқ жегем”.
кезі келсе кетпен шап, орайы келсе орақ ор,
ағылшын
оқып ал, қайтсең де. заман дағуасы осы.
тегін! екі күндік
тегін сабаққа
тіркеліп алыңыздар!
🇬🇧
1-күні: 80 мың сөз жаттаудың құпия әдістері.
2-күні: ағылшынша көсіле сөйлеудің үздік 3 тәсілі.
бонустары да бар
🎁
тіркелу:
https://chat.whatsapp.com/KlDWuusC27pJiEwRoLi6f1?mode=gi_t

April 10, 16:04

«
даже
Өміш те үйленіпті».
– анау
Өміштің өзі
үйленіпті.

тіпті
Өміш те үйленіпті.

өле жатқан
Өміштер де үйленіпті.

қыл аяғы
Өміш те үйленіпті.
– Өміш
екеш
Өміш те үйленіпті.
“дажыламаңыздар”.

April 10, 15:57

– білімнің абзалы қайсы?
– біліміңді
аз деп білуің.
білімсіздер ізденісті тоқтатқандар, көпсінгендер.

March 27, 17:35
Media unavailable
2
Show in Telegram

❗️

‼️
🔺
тіл байлығының бала танымына, бітім-болмысына әсері жайлы оймақтай ой. әсілінде, баланы метафоралар, синонимдер, перифраздар, омонимдер, антонимдер өсіреді ғой…
жиған-тергеніміздің тиянағы – дәріс-сұқбатымыз шығыпты:
https://youtu.be/M1bW-EbP568?si=Gu-E1sVv2Ibco-Zm
жақсыны көрмекке
🫰

March 22, 10:26
Media unavailable
1
Show in Telegram

🌿
наурыз. ораза айт. жұма…
көктем-көңілдеріңіз бүр жарып, жан дүниелеріңізді наурыз-құттың шуағы шарласын.
самарқанның көк тасын ерітіп, тас астындағы тамырды тірілтіп, жер дүниені түрлендіріп, жан дүниені гүлдендіріп,
адамзатты керемет бір күйге ендіріп, төрт түлік төлін ойнақтатып, күрең шайды қаймақтатып келіп жеткен
наурыз құтты болсын!
армандарыңыз асқақ, ниеттеріңіз ақ, көңілдеріңіз шат, мақсаттарыңыз асыл болсын!
отбасыларыңыз аман, туған-туыстарыңыз түгел, ырыс-нәсіптеріңіз мол, денсаулықтарыңыз зор, табыстарыңыз толағай болуын Алла нәсіп етсін!
p.s
.: мешітте айтылған жұма уағызын имам Науауидің кітабындағы “
шариғаттағы нақты айтылмаған тұстарда салт-дәстүрге сүйену керек
” деген ой түйіндеді. наурызда туыс-туғанды аралап, “көңілдерді зиярат етіп”, ақжарма тілек, риясыз әңгіме, батиқалы сөз тыңдағанның өзі сауап. туыс қақы деген бар.
сауабы кешіктірілмей
, осы дүниеңде қызығын көретін жақсылық сол.

March 19, 13:31
Media unavailable
1
Show in Telegram


рамазан аяқталды.
ораза жалғасады.
тілдің, көздің, асқазанның, әуес-құмардың оразасын айтам. науқаншыл болмайық.