
Ózime aıtamyn...
Ұнатумен мұратыңа жетпейсің.
Қаламайтын істі жасау арқылы ризығың артады
Мамандық таңдау, өзін тану, грантқа түсу... тақырыптары бойынша спикер етіп шақырсаңыздар болады
Өз саламда спикер болуып ел алдында сөйлеп бастадым
📌
деп бекітіліп қояйын
Осы оқу жылын өте керемет бастадық.
Ең бастысы ойымда жүрген дүниелерді приоритетке қойып жасап бастадым.
Алдыңғы апта Өскемен БИЛ ата-аналарына мамандық таңдау бойынша семинар өткіздім.
Артынан Өскемендегі басқа мектептен де ұсыныс келді оқушыларға семинар өткізуге.
Істей алмайм - үйрен!
Менің қолымнан келмейді деген сөз жоқ - мен істегім келмейді деген бар!
Байығың келема? - үйрен!
Адам болғың келема? - үйрен!
Құранға түскің келема? - үйрен!
Ағылшынша сөйлегің келема? - үйрен!
Құрсақтан ешкім біліп шықпайды, барлығына жолшыбай үйренеміз, тек жылану мен жалқаулануды үйрніп алғансың, сомен жүрсің профессионал болып
Бұл өмірде мәнсіз өмір сүргеннен басқа жаза жоқ
Өзгерісті қалайсың бірақ әлсіз адам сияқты өмір сүресің
Құрандағы ер адамның бейнесі: Біз өз табиғатымыздан қалай адасып қалдық?
Құранда ер адамға отбасы үшін жауапкершілік жүктелген. Бұл әйелден жоғары болу немесе оған билік жүргізу деген емес. Бұл
аманат, жауапкершілік және қамқорлық
.
Алла Тағала «Ниса» сүресінің 34-аятында ер адамдарды әйелдерге жауапты әрі қамқор етушілер ретінде сипаттайды.
Пайғамбарымыз ﷺ да:
«Сендердің ең жақсыларың отбасына ең жақсы болғандарың»
деген.
(Тирмизи)
Демек ер адамның күші дауыс көтеруінде, қаталдығында немесе "мен еркекпін" деп өз айтқанын өткізуінде емес.
Оның шынайы күші
өзін ұстай білуінде, жауапкершілігінде, әділдігінде және отбасысына мейірімді болуында.
Бірақ бүгінгі қоғам ер адамға да басқа нәрселерді сіңіріп жатыр:
Эго:
"Мен еркекпін, менің айтқаным болуы керек"
"Кешірім сұрасам, әлсіз болып қаламын"
"Әйелім мені тыңдауы керек"
Ашуды күш деп қабылдау:
"Еркек эмоциясын көрсетпеуі керек"
"Айғайласам, демек менің сөзім өтімді"
"Қатты сөйлеу тәртіп орнату"
Жауапкершіліктен қашу:
"Ақша тауып жүрмін, қалғаны әйелдің жұмысы"
"Баламен айналысу әйелдің міндеті"
"Үйдегі эмоционалдық жағдай маған қатысы жоқ"
Әйелінің еңбегін қалыпты нәрсе деп қабылдау:
Үйдің тазалығы, тамағы, бала тәрбиесі, күйеуіне көңіл бөлу — бәрі үнсіз жасалып жатса, оны міндетті нәрсе деп қабылдау.
Сабырсыздық:
Әйел бір нәрсеге ренжісе, оны түсінуге тырыспай:
"Тағы басталды", "Өзің проблема жасап жүрсің", "Саған ештеңе ұнамайды" деп сезімін жоққа шығару.
Ал шынайы еркектік қандай?
Ер адам отбасының қорғаны.
Бірақ қорған болу қорқыту емес.
Ер адам отбасының тірегі.
Бірақ тірек болу бәрін жалғыз шешу емес.
Ер адам жауапты.
Бірақ жауапкершілік әйелдің пікірін елемеу емес.
Ер адам күшті.
Бірақ күштілік ашуын әйеліне төгу емес. Керісінше, ашуланған кезде өзін ұстай білу.
Пайғамбарымыз ﷺ:
"
Күшті адам күресте жеңетін адам емес, ашуланған кезде өзін ұстай алатын адам"
деген.
(Бухари, Муслим)
Сондықтан ер адам да өз табиғатына оралуы керек.
Отбасына уақыт бөлу.
Ақша табу ғана емес, әйелінің жанында болу, оны тыңдау, балаларына әке болу.
Тілін тізгіндеу.
Ашу үстінде ауыр сөз айтып, кейін "ашумен айттым" деп ақталмау.
Әйелін құрметтеу.
Оның пікірін тыңдау, еңбегін бағалау, сезімін менсінбеу емес, түсінуге тырысу.
Қателескен кезде кешірім сұрай білу.
"Мен еркекпін, кешірім сұрамаймын" еркектіктің белгісі емес. Өз қателігін мойындай білу жауапкершіліктің белгісі.
Алламен байланысын күшейту.
Өйткені сыртқы күштің артында ішкі тәртіп болмаса, адам өзінің нәпсісін басқара алмайды.
Ер адамның отбасыдағы мақсаты "
менің сөзімді тыңдату" емес, "отбасымды аманат ретінде қорғау"
болуы керек.
Әйелінен мінсіз болуды талап етпес бұрын, өзі де жақсы жар болуға ұмтылуы керек.
Өйткені отбасыда әйел де, ер адам да бір-біріне қарсы емес.
Екеуі бір-біріне аманат.
Нағыз еркектік қатты болу емес.
Нағыз еркектік жауапкершілікпен бірге мейірімді бола білу.
Алла әр ер адамға отбасына тыныштық беретін, сөзіне сенуге болатын, ашуын басқара алатын, әйеліне құрметпен қарайтын және балаларына жақсы үлгі болатын ер азамат болуды нәсіп етсін
🤲🏻