Выберите регион
и язык интерфейса
Покажем актуальные для региона
Telegram-каналы и возможности
Регион
avatar

Ózime aıtamyn...

bauurrrrr
Өз нәпсіме айтамын...
Подписчики
1 129
24 часа
-2
30 дней
-22
Просмотры
273
ER
24,18%
Посты (30д)
4
Символов в посте
512
Инсайты от анализа ИИ по постам канала
Категория канала
Психология
Пол аудитории
Женский
Возраст аудитории
25-34
Финансовый статус аудитории
Средний
Профессии аудитории
Образование
Краткое описание
September 04, 16:04

Істей алмайм - үйрен!
Менің қолымнан келмейді деген сөз жоқ - мен істегім келмейді деген бар!
Байығың келема? - үйрен!
Адам болғың келема? - үйрен!
Құранға түскің келема? - үйрен!
Ағылшынша сөйлегің келема? - үйрен!
Құрсақтан ешкім біліп шықпайды, барлығына жолшыбай үйренеміз, тек жылану мен жалқаулануды үйрніп алғансың, сомен жүрсің профессионал болып

August 19, 08:18

Бұл өмірде мәнсіз өмір сүргеннен басқа жаза жоқ

August 18, 23:50

Өзгерісті қалайсың бірақ әлсіз адам сияқты өмір сүресің

August 18, 22:15

Құрандағы ер адамның бейнесі: Біз өз табиғатымыздан қалай адасып қалдық?
Құранда ер адамға отбасы үшін жауапкершілік жүктелген. Бұл әйелден жоғары болу немесе оған билік жүргізу деген емес. Бұл
аманат, жауапкершілік және қамқорлық
.
Алла Тағала «Ниса» сүресінің 34-аятында ер адамдарды әйелдерге жауапты әрі қамқор етушілер ретінде сипаттайды.
Пайғамбарымыз ﷺ да:
«Сендердің ең жақсыларың отбасына ең жақсы болғандарың»
деген.
(Тирмизи)
Демек ер адамның күші дауыс көтеруінде, қаталдығында немесе "мен еркекпін" деп өз айтқанын өткізуінде емес.
Оның шынайы күші
өзін ұстай білуінде, жауапкершілігінде, әділдігінде және отбасысына мейірімді болуында.
Бірақ бүгінгі қоғам ер адамға да басқа нәрселерді сіңіріп жатыр:
Эго:
"Мен еркекпін, менің айтқаным болуы керек"
"Кешірім сұрасам, әлсіз болып қаламын"
"Әйелім мені тыңдауы керек"
Ашуды күш деп қабылдау:
"Еркек эмоциясын көрсетпеуі керек"
"Айғайласам, демек менің сөзім өтімді"
"Қатты сөйлеу тәртіп орнату"
Жауапкершіліктен қашу:
"Ақша тауып жүрмін, қалғаны әйелдің жұмысы"
"Баламен айналысу әйелдің міндеті"
"Үйдегі эмоционалдық жағдай маған қатысы жоқ"
Әйелінің еңбегін қалыпты нәрсе деп қабылдау:
Үйдің тазалығы, тамағы, бала тәрбиесі, күйеуіне көңіл бөлу — бәрі үнсіз жасалып жатса, оны міндетті нәрсе деп қабылдау.
Сабырсыздық:
Әйел бір нәрсеге ренжісе, оны түсінуге тырыспай:
"Тағы басталды", "Өзің проблема жасап жүрсің", "Саған ештеңе ұнамайды" деп сезімін жоққа шығару.
Ал шынайы еркектік қандай?
Ер адам отбасының қорғаны.
Бірақ қорған болу қорқыту емес.
Ер адам отбасының тірегі.
Бірақ тірек болу бәрін жалғыз шешу емес.
Ер адам жауапты.
Бірақ жауапкершілік әйелдің пікірін елемеу емес.
Ер адам күшті.
Бірақ күштілік ашуын әйеліне төгу емес. Керісінше, ашуланған кезде өзін ұстай білу.
Пайғамбарымыз ﷺ:
"
Күшті адам күресте жеңетін адам емес, ашуланған кезде өзін ұстай алатын адам"
деген.
(Бухари, Муслим)
Сондықтан ер адам да өз табиғатына оралуы керек.
Отбасына уақыт бөлу.
Ақша табу ғана емес, әйелінің жанында болу, оны тыңдау, балаларына әке болу.
Тілін тізгіндеу.
Ашу үстінде ауыр сөз айтып, кейін "ашумен айттым" деп ақталмау.
Әйелін құрметтеу.
Оның пікірін тыңдау, еңбегін бағалау, сезімін менсінбеу емес, түсінуге тырысу.
Қателескен кезде кешірім сұрай білу.
"Мен еркекпін, кешірім сұрамаймын" еркектіктің белгісі емес. Өз қателігін мойындай білу жауапкершіліктің белгісі.
Алламен байланысын күшейту.
Өйткені сыртқы күштің артында ішкі тәртіп болмаса, адам өзінің нәпсісін басқара алмайды.
Ер адамның отбасыдағы мақсаты "
менің сөзімді тыңдату" емес, "отбасымды аманат ретінде қорғау"
болуы керек.
Әйелінен мінсіз болуды талап етпес бұрын, өзі де жақсы жар болуға ұмтылуы керек.
Өйткені отбасыда әйел де, ер адам да бір-біріне қарсы емес.
Екеуі бір-біріне аманат.
Нағыз еркектік қатты болу емес.
Нағыз еркектік жауапкершілікпен бірге мейірімді бола білу.
Алла әр ер адамға отбасына тыныштық беретін, сөзіне сенуге болатын, ашуын басқара алатын, әйеліне құрметпен қарайтын және балаларына жақсы үлгі болатын ер азамат болуды нәсіп етсін
🤲🏻

August 03, 14:17

Бұл мен үшін өте үлкен сабақ болды себебі ендігі әрі қуанышына шақырған әрбір жанның шақыртуына ерекше көңіл бөліп, ниетімді білдіремін.

August 03, 14:14

Шыны керек бір досымды қатты қуанышымда көргім келді.
Еш айып, реніш жоқ тек дым хабарсын кеткеніне өзім қатты уайымдап кеттім.

August 03, 14:13

Жолдың ұзақтығына, уақытытң тапшылығына қарамай қуанышыма келген, келмесе де бақыт тілеп ниетін білдірген жақындарыма разымын.

August 03, 14:12

Мүмкін майдаланып кеткенмін шығармын. Не болса да іштей жеп бара жатқан ойларды сыртқа шығардым.

August 03, 14:11

Ішкі ойымды осында жазып бір жеңілдеп қалайын деп едім.
Той өтті. Барынша іштей ниететкен едім ешкімнен ештеңке күтпеймін деп. Бірақ араласқан, сыйласқан, жақын бауыр болған достарым, ағалардан күтіп қалған екенмін.
Ақша емес хотябы бақытты бол бауырым деген сөзді.
Ақша күтсем ақшасы жоқ болса да жол ақысын өзім төлеймін ең бастысы өзің келші деп айтпас едім деп ойлаймын.
"Осындай сәттерде кім шынайы сыйласып араласатын дос немесе жаныңда жүргенде аузын көпіріп өтіріп дос болып жүрген жандарды танисың" деп айтып еді жақыным.
Шыны керек басында мән бермедім. Бірақ менің кінәм іштей ниетім дұрыс болмаған екен.
Қатты күтіп қалыппын.
Ішімді жеп бара жатқан ой дым болмаса осы ағам, осы досым құттықтап жазғанда немесе ниетің білдіріп аудио жібергенде деп күйініп отырмын.

June 25, 05:28

Ішінде қорлық сезімі, рухани күйзелісі бар адам үнемі үлкен көрінуге тырысады; қолын артына қойып, өзін көрсетпек болып үнемі жөтеліп, керіліп «Міне, мен бармын!» деп тұрады. Мұндай қылықтар хадистерде Перғауынға ұқсатылады. Сондықтан да ұлық сезімдер мен айрықша ықыласқа ие жандардың бәріне ортақ сипатыбаршаға аса кішіпейіл болу. Олар өзгеге де сөз құқығын береді. Өзін көптің бірі ретінде көреді.