Select your region
and interface language
We’ll show relevant
Telegram channels and features
Region
avatar

Belgisiz ūly

belgisizuly
Сезім тамшылары…
Subscribers
1 578
24 hours
-2
30 days
-23
Post views
693
ER
43,92%
Posts (30d)
4
Characters in post
301
Insights from AI analysis of channel posts
Channel category
Religion and Spirituality
Audience gender
Female
Audience age
25-34
Audience financial status
Middle
Audience professions
Psychology & Counseling
Summary
September 12, 10:35
Media unavailable
6
Show in Telegram

“ҚАРА АЛТЫН” мұнай туралы кино емес!
Қайдағы шетелдік деңгей? Нағыз қазақи деңгей! Міне, Мұрат Есжан ағамыздың осымен мен көрген үшінші жобасы, жаңа бір биікке көтеріп тастағалы біраз болды қазақ киносын. Сондықтан шетелдік деңгей, бытықы-шытықы дегенді қояйық, түге. Рас, біздің қоғамның, Қазақстанның ашық жараларына ащы тұзды аяусыз септі. Ашық дейтінім әлі күнге “баяғы жартас, сол жартас”.
Оператордың қолын да, камерасын да сүйер ем. Ал киноның идеясы қандай, түзу келе жатып, кілт бұрылатын сюжет қандай, маржандай қазақтың (әсіресе аудармашы жігіттің “тәс қалдысына” құлағым сүйсінді-ай) сөздері қандай, тіпті “Мақта қызды” параллель қып келтіргені қандай? Алапат. Ғаламат. Еріксіз бас шайқатады, талассыз таңдай қақтырады.
Кино емес, құдды кітап сияқты түсірілгенін айтам да. Руханият пен материялдық байлықты қатар алып жүрген, жүрегі “ұлтым” деп бұлқынған, ақылы қым-қуыттан адастырмай алып шыққан, қайратымен 32, жоқ мыңдаған мәрте мүмкін еместей көрінген істерді атқарған ер азаматтың, қазақтың сәулелі ғұмыры. “Кеңес Одағында дүниеге келіп, өссем де оған қарсы болдым” дегенінен 270 жыл қырғын салса да өлтіре алмаған, өшіре алмаған Алаштың азаттық рухын ұқтым. Соңыра осындай ұлттың ұланы екенімді, бізден осындай арда азаматтар шыққанын мақтан тұттым. Жылт еткен жұлдыз көрсек “Мен өзі не істеп жүрмін?” деген сауал санамызды сансыратаны үйреншікті боп қалды ғой. Алайда бұл жолы “ мен қазіргі ісімді бұдан да мықтырақ істеуім керек” деген түйінге келдім. Біздің басты байлығымыз - мұнай да, алтын да емес, тек-тамырынан ажырамаған, дала данышпандарының мұрасын көкейіне тоқыған, білімді, ақылды, ұлтшыл (жігіт те, бойжеткен де) азаматтар.
Артық тұсын тәптіштеп, шұқылап отырмайын. Бәріңізді көріп, ғажаптанып қайтуға шақырамын.

September 10, 15:25

өзгенің сатқындығын,
салқындығын,
бар былығын
кешіре алмасаң,
кеудеңдегі мұз инелерді ерітіп,
өзегіңдегі өртті өшіре алмасаң,
ойыңды тұман тұмшалап,
өзіңді өзің түсіне алмасаң,
“адамның бәрі сондай,
опасыз”деген
сұғанақ үнді
азғырындыға ілесіп алдасаң:
өзіңді,
жүрегіңді,
үмітіңді,
тұнық арыңды,
ұмытсаң дұғаларыңды,
есіңе ал
күнәларыңды…
#үзік

August 20, 20:52

өлеңімді осылай әдемілеп оқып, салып қойыпты. Қолдап, лүпілдетіп, сторисіңізге салып, пікір жаза кетейікші, достааар
https://www.instagram.com/reel/DcRZ1LXssVL/?igsi=MTg3ZW41cG1yN2ExNA==

August 19, 05:01

мен оны жоғалтып алдым. тапқаныма да сенімді емеспін…
#біркемдүние

August 12, 11:41

бұл дүниеде ешкім де, ештеңе де, тіпті өзің де саған тиесілі емес екенін қабылдағанда шынайы өмір сүре бастайсың…
#жолаушы

August 11, 17:07

өміріңдегі
сәтсіздіктердің
сәттілік
екенін түсінген кезде жүрегің тынышырақ бола түседі…
#суға_лақтырған_тас

August 10, 10:17

адам бір боқ, боқ көтерген боқтың қабы,
өлсең сасық боласың боқтан-дағы.
“сені мен мен тең бе?” деп мақтанасың
білімсіздік белгісі ол баяғы.
©️
Абай Құнанбайұлы

August 02, 16:11

адамды тұншықтыратын - сәтсіздік емес, белгісіздік.
#біркемдүние

July 31, 09:12

тым мұңайып, үміт жібі үзілердей болғанда өзіңізге қалай көмектесесіз?
#жазағой

July 26, 15:46

өмірде бір ғана адамның түрін көре алатын болсаңыз, ол кім болар еді?
p.s. қалған бүкіл адамның түрі ақ не қара тас болып көрініп тұрады
#жазағой