
Belgisiz ūly
Түрлі адамдар түрліше күн көреді,
Біреулер су, біреулер у береді.
Сен өмірге келіп те үлгермейсің,
Біреу сені жамандап үлгереді.
©️
Қадір Мырза Әлі
адам баласы азаптан қашып, рахатқа ұмтылып жүріп ғұмыр кешеді. Азаптан неғұрлым алыс, рахатқа жақын болған сайын өзін бақытты сезінеді. Тіпті азаптан қашқаны соншалық одан қара үзгенде, сәл босағанда рахатсыз-ақ рахат күй кешеді. Мысалы, (сәл анайылау болса, айып етпеңіздер) әжетханаға барғанша тыпыршып, әлемде нөмері гран-приінші мәселе болады да тұрады. Жә, о жаққа бармай-ақ айта берейін әңгімемді. Айтпағым, тәкаппарлық та бір азап. Үнемі кеудеңді көтеріп, мойныңды созып, мұрныңды шүйіріп жүріп шаршамайсың ба? Шаршайсың. Қызғаныш. Ол да азап. Қит еткен нәрсеге ішің өртеніп, тұз жалап, ол болмағасын мұз жалап көрген күнің құрысын. Арамдықты айтпай-ақ білесіздер, “артым ашылып қала ма, әлде алдым ашылып қала ма?” деп онсыз да “іріңдеген жараға”өтіріктің үстіне өтірік жамап, зәрезап боласың да тұрасың. Бәрін айт та, бірін айт, күллі жүрек дерті - азап. Емі - рахат. Әуелі өзіңді алдамау. Асылы кішіпейіл болып, аузы-мұрнынан шығып жатқан нығметтің сенікі емес екеніне мойынсал болу. Өзіңді өзгемен салыстырмау, сторис көріп отырып, қызғаныштың қызыл итіне “кет-әй ары, үүйй арпылдаған бәле! Барыма шүкір, жоғыма сабыр, өзімдікі өзіме жетеді” дей алу шығар. Білмейм ғой енді, өздерің көресіңдер (жас емессіңдер). Сол. Азапқа душар болмай, аман-сау жүрейік, ауырып ем іздемей, ауырмайтын жол іздейік деймін ғой баяғы. Үйбәәй, сүтім тасып кетіпті ғой, қараңғағыр (деп артын қудыртып жібере салдым ал)
#депше
#өзіме
дер кезінде айтылмай, ілби басып, кейіннен келетін шабан ойлар болады ғой біррр. Автобустан қарғып түсіп, киноға қарай құйғытып (өз ойымша) бара жатсам, қатарласа кеткен бір қыз : “братааан, жарысасың ба?” дейді (үйбәй, бетім-ай). “Жоқ, рақмет” деп ерепайсыз ыржидым да (өзім ғана білем) , ары қарай шапқылай жөнелдім. Сонда деймін-ау, тоқтап, тамағымды қырнап, баритон дауыспен : “біріншіден, қарындасым “аға” деңіз. Екіншіден, маған қазақтың қыздары әрқашан алда, жарыспай-ақ бәйгені бердім” деуім керек еді де, маңғаздана басып кете барсам, қалай, ә?! Қаап, шіркін-аай десеңізші…
#депше
#бүгін
“Мені жоқтама, апа. Артында тұқым-жұрағаты қалған жоқ деме. Жер
бетінде бұдан былай соғыс болмаса, жаңа туған сəбидің уілдегені - сол
мен, бойжеткен қыздардың жəудіреген көздері - сол мен, бұтақта көктеген
жапырақ - сол мен, далада жайқалған егін - сол мен, мұғалімдердің
балаларға үйреткен бірінші "А" əрпі - сол мен, осының бəрі мен, осының
бəрі мен, сен де мен деп жүргейсің, апа!”
©️
Шыңғыс Айтымат “Құс жолы”
“Сен бізбен адамсың,
біз сенімен адамбыз.”
©️
Ш.Айтымат “Құс жолы”
Қара-көк аспанда :
Аппақ ай,
мөлдіреп қарайды,
жаныма
...
Дәл сенің көзіңдей...
#махаббатжайлы
🌻
"Біреуді неге сүйдің деп сұрау, меніңше, дұрыс емес. Оған жауап беру қиын. Тек сүйгенің жайында жыр жазуға болады. Жыр. Өйткені жыр деген отты сезім ғой. "
©
Ілияс Есенберлин"Ғашықтар"
тығылыспақ ойнап жүрген балалар сияқтымыз…
🌻
#махаббатжайлы
Жақсы көрудің антонимі жек көру емес. Бұлар тек тиынның екі жағы секілді. Ал жақсы көруге қайшы сезім - немқұрайлық. Адамның сен жайлы не ойлап, не сезінетіні, қандай көңіл-күйде жүргені, тіпті бұл өмірде бар-жоғы еш маңызсыз болып, мәнін жоғалтуы...
#бір_кем_дүние
#махаббатжайлы