Select your region
and interface language
We’ll show relevant
Telegram channels and features
Region
avatar

↝ dámelen

dametkenn
мән іздейміз. ✨ өзім: @jazarymbar инстаграмда да жазарым бар: https://instagram.com/dammetken?utm_medium=copy_link
Subscribers
1 500
24 hours
30 days
Unusual 24 hours growth
Post views
734
ER
0,49%
Posts (30d)
4
Characters in post
266
November 27, 16:23

Негізі, жаныңның жай-күйіне үңілу – өте қиын шаруа. Тәніңді реттей аласың: қай жеріңнің кемшің екенін көріп, лезде түзей аласың. Ал жаныңдағы жараны, күйзеліс пен өзіңді кінәлау, реніш, күмән, қорқыныш секілді күймен күресуге, шешімін шығарып, себебін табуға тәртіп, уақыт, шынайылық қажет.

November 27, 16:10


Жалған жылтыр тез өшеді, шындықтың жарығы ғана ұзаққа жетеді.

November 27, 16:07

Лира Қоныстың «Мәңгілік сағыныш» деген әңгімесі кейінгі кездегі күйімді дөп жеткізеді екен. Өзі шап-шағын. Айтары – көп.

November 12, 10:42

«– Біз – күнә мен қателіктің жемісіміз. Біздің әрқайсысымыздың болмысымыз  –  жалаңаш. Тек жалаңаш болмысымызды «киіндіргіміз» келетіні күлкілі».
Аягүл Мантай «Жалғыздық биі»

November 05, 13:30

Кітап оқуды демалыс деп білетіндердің бірімін. Бір айда төрт-бес кітап оқитындар бар, әр беттегі ойды талдап, сөзін, парағын санап оқитындар бар. Мен кітапты тез оқуға тырыспаймын. Парақтап, ақтарып, төңкеріп, жоспар құрып, соның бәрін бақылауға алу қолымнан келмейтіндей.
Иә, кітап оқуға уақыт бөлемін, бірақ оны жұмыс деп қарамаймын. Кітап маған тыныштық сыйлайды: кейде бір жолға тоқтап, ойланып қаламын, кейде бір сөйлемді екі рет оқуым мүмкін.
Иә, ұнатқан ойларды, кейіпкерлерді күнделігіме жазып жүремін. Бірақ кітапты басынан-аяқ жатқа соғуым керек, ондағы әр ұсақ-түйекті білуім керек деп талап қоймаймын. Иә, қатты ұнатқан кітабыңды жаттап алуға болады. Алайда ол таңдаулы туындыларға ғана тән.
Оған қоса, мен көбіне көркем әдебиетті оқимын ғой. Кәсіп, ғылым турасындағы кітаптарға бұл пікірім соқпайды.
Мен оқитын кітап – сезімдеріме серік, қиялыма қазық.

November 05, 13:14

Асығудың да, дәлелдеудің де қажеті шамалы. Өміріңнің аяқталар тұсында бұлардың бәрі түкке тұрғысыз болып қалады. Өзіңнің ішкі дауысыңмен сөз байласып, тән тазалығы, жан тыныштығы үшін өмір сүрген құп секілді.

November 05, 13:12

Біздің қазақ бұларды «қиял», оны ұстанғанды «қияли» дейді ғой. Әйтпесе тым жақсы ғылыми атаулары бар екен ғой)

November 05, 13:05

«Адамның үш әлемі» деп атайды. Қоршаған ортамен байланысты «умвельт» дейді. Адамдармен шынайы құраласуды «митвельт» дейді. Өзіңмен өзің шынайы сырласуды «эйгенвельт» дейді».
Санжар Керімбай «Ойланушы»

November 02, 14:21

Қазір блогер, коучтардан курс алатындардың қатары сейілген секілді. «Қандай курс оқуға кеңес бересіздер?», «Пәленшенің курсын алсам қалай?» деп кеңес сұраушыларға «курстағы ақпарат интернетте де толып тұр» деп жауап қатады екен. Ол да жақсы жаңалық.
Бара-бара ақпаратты сұрыптауға да етіміз үйренер.

November 02, 14:15

Өткенде қонақтықта отырғанда бір әже бата айтты. Бір айтқанда, бірнешеуін төгілтті. Әңгімесі де салмақты, салиқалы. Сол кісінің айтқан бір сөзі есімде қатты қалып қойды.
«Құдайдың бергенін кері алғаны – қиын»
деп еді.
Расында, солай. Бақыттың дәмін татасың, тәтті екенін білесің, бірақ одан айырылып қаласың. Дәрменсіздік деп соны айтады.