
Шексіздік 🌀
Кітапта бір ер адам 28 жасында көп нәрсеге қол жеткізеді. Кітап жазады, докторлық дәреже, отбасы, жақсы қызмет. Кейін өзіндегі іш пысу, апатияны байқап, екі есе белсенділікпен жазушылыққа кірісіп, тағы бірнеше бала жасап тастайды. 37 жасында қызметтен кетіп, отбасын тастап, басқа қалаға кетіп, балмұздақ сатады.
“Перевал в середине пути”.
Өткенде Покхарада нешетүрлі жастарды көрдім. Покхарада өзін іздеп жүрген адамдар Балидегідей айлап, жылдап сол жақта тұра береді. Бұлардың да әуелден осы өмір стиліне жатып алғаны байқалады. Өте сымбатты, стильді, шаштары ұзын, алладин шалбар киген, мен жасөспірім кезімде сүйсінген образдағы 30, 35, 40 жас шамаларындағы жігіттерді көрдім. Бірақ осы жолы сүйсінбедім. Бірден ойымда “Не істеп жүр? Қызмет қайда? Бала қайда? Жауапкершілік қайда?” деген сұрақтар келе берді. Қашанғы өзін іздеуге болады? Орта жас дағдарысы себеп болса да, бәрін тәрк етіп, жаңа өмір бастағысы келгенін түсіндім ал. Бірақ ер адамның жауапкершіліктен, адамнан, қоғамнан қашып, өзін іздеп, “рухани өсіп” далада ұзақ сандалып жүруі мен үшін әлсіздігі.
Дүкеннен екі соджу, екі сыра, балмұздақ алып, есептетіп тұрсам, кассадағы кәріс келіншек “кеш жақсы өтсін!” дейді. Біздікілер біртүрлі қарар ме еді..Мұндайды тек кәріс ересектер жақсы түсінеді деп мәз боп қалдым.
Досым “Одиссейге” апарды. Фильмде пәлсапа жетеді. Бірақ мен әке мен ұлының желісіне сүйсініп отырдым. Әкенің абыройын мұра қылған ұл, ұлының өз сара жолына түсіп кеткенше қорғап, жағдай жасаған әке. Өте әдемі сабақтастық. Ұсақ өмір сүріп, ұсақ әңгіме айтатын әкені емес, абырой мен адамдықты, өз Отаны-отбасын биік қойған ірілікті көріп өссе ғой біздің ұлдар… Көп жамандығын жасырып, аз жақсылығын асыруға сонша тырыспас еді.
Пойызда
🎬
бұрын бастап, сапасы нашар деп өшіре салған Ким Ки Дуктың “Весна, лето, осень, зима… и снова весна” фильмін көрдім. Сапасы нашар болса да рахаттанып көрдім.
Кейде таңдау аз болған жақсы. Назарың әрнеге шашырамай, барын қанағат тұтып, көз алдындағыны мейлінше игеруге тырысасың. Тіпті оның сен байқамай жүрген қырлары түрлі бояумен анық көріне түседі.
Тура фильмдегі тақуаның ғұмырындай. Бәрі қарапайым, аз-ақ дүние, күн сайын қайталанатын бірақ маңызды тірлік.
📔
“Дикие лебеди” кітабының беттері 500 ден асады. Жалғастырып 128 бетін оқыдым. Мао жүйесінің айыптауымен түрмеге тоғытылған кезде өзін сол жүйеде қызмет ететін күйеуі жақтамағаны үшін ренжіп, “ешқашан кешірмеймін” деген келіншек өзімді есіме түсірді. Гималайға кеткенде бір жағдайымды сұрамағаны үшін балалардың әкесіне дәл солай ренжігем. Басқа емес дәл осы қателігін кешірмедім.
🎬
“Полуночное кафе” жапон сериалын көрдім. Токионың шағын изакаясында түрлі келушінің тапсырыс бойынша түрлі тамақ дайындалады. 25 минуттық серияда түрлі кейіпкердің оқиғасы. Жылы сыйластық, 1-2 сөйлеммен ой салатын пәлсапа.
📔
Жуырда Каспимен алған кітабымды бастадым. “Путь Шаолиня” буддизм, цигун, ушу, кунг-фу сана, эмоцияны басқарумен бірге. Көп ақпарат таныс. Детальді еске түсіру де жағымды болды.
🎬
Эстетикасын қайта сезіну үшін, терең әңгімені жете түсіну үшін бірнешеге бөлетін әдетім. Чжан Имоудың “Герой” фильмінен соңғы бөлігі қалған еді. Астанаға жақындағанда аяқтадым. Ұнады.
всёподнебесами
.
🎧
Нажми, чтобы найти песню
Әрине ғашықтардың әні бөлек. Ұзағынан! Бірақ жалғыздықтың да кайфы бөлек. Кейбір әндерді түнде, мүмкін түнгі қалада, қоңыр салқын желмен, параллель әлемде байыбына жете тыңдау тек жаны жалғыздарға бұйырғандай.
Хақназардың көк шайына келдік. Бос орын іздеп,босап жатқан жерге жақындай бергенде майысқан қызжігіт әлде гей тез отырып алды. Хақназарға облом болғанымды, ол жігіт болғасын орын бере қоятынын күткенімді айтып жатсам, “Мам, ну чё ты обижаешься. Он же такой же женщина как ты” дейді мені жұбатып. Өлдім күлкіден.
Таңмен не істеп отыр демеңіздер. Куала-Лумпурда түс болды
🤗
🎧
Нажми, чтобы найти песню
“Тайный роман”. Романы да, қызметтегі интригалар да емес дәл осы жері өтті. Ешнәрсе түсіндірілген жоқ. Бірақ түсіндім. Әйелдің үнсіз жылауы. Мұның артында жауапкершілік жүгі, көзге көрінбейтін үлкен күрестер, үнсіз уайымдар, ешкім байқамайтын, бағаламайтын төзім мен әуелден бергі шаршау. Қажеті тек жылулық.