Выберите регион
и язык интерфейса
Покажем актуальные для региона
Telegram-каналы и возможности
Регион
avatar

Шексіздік 🌀

dinarabolat
Канал авторы @dinarabolat Еркін ойлар аралы
Подписчики
7 834
24 часа
-4
30 дней
-122
Просмотры
3 295
ER
42,06%
Посты (30д)
2
Символов в посте
547
Инсайты от анализа ИИ по постам канала
Категория канала
Книги
Пол аудитории
Женский
Возраст аудитории
25-34
Финансовый статус аудитории
Средний
Профессии аудитории
Дизайн и творческие искусства
Краткое описание
October 31, 13:43

Сосын үлкендердің қолында береке бар. Шанхайға кетерде папаға ақша тастайын дегенде “оны не істеймін?” деп алмады. Өз пенсиясын жұмсайтынында емес мәселе. Жалпы көп жұмсамайды. Мені әдемі дастарханмен шығарып салды, әдемі дастарханмен қарсы алды. 5-10 мың толтырып көкөніс, анау-мынауларын алады да, жайнатып қояды. Енді тағы 8 күнге кетіп барамын. Әрең 20 мың алдырттым. Масқара, мені біреу бір аптаға 20 мыңмен қалдырса аштан қататын едім. Не деген поколение…

October 31, 13:34

Үйдің шыға берісінде бір әжемен қарсы келдік. Ұрысып емес. Мен чемодан сүйретіп шығып, ол кіргелі жатыр. Этикет бойынша бірінші шығатын адам шығып алу керек. Бірақ біздің үлкендерден ондайды күтпейсің ғой. Есікті ашып жатсам, “Қызым, шыға бер. Алыс кетіп барады екенсің ақ жол! Аман-есен орал!” деді. Туф, бір риза болдым. Үлкендер әр жерде осылай кеңдігін, даналығын, биіктігін көрсетіп жүрсе, шіркін! Батасы саяхатымыздың әдемі өтетіндігінің белгісі деп қуанып қалдым.

October 09, 11:04

Ирина деген біреу сұхбат беріп отыр. Марғұлан Сейсембайдың квадротурында болыпты. Жүргізуші Марғұлан Сейсенбайдың “полясында болу” көп адамға арман, қол жетпес дүние ғой дейді. Бұрын маған өмірде кімді көргің келеді дегенде Далай-Ламаны дейтінмін. Кейін ол арман актуал болмай қалды. Бір күні қызым “ал онымен кездестің делік, қандай сұрақ қоясың?” деді. Ешқандай сұрақ қоймайтынымды, жай қарапайым нәрсеге екеуміз жымия отырып шай ішетінімізді айттым. Қалайша?
Абзалында ешқандай сиқыр да жоқ, мықты адамда ерекше көрінуі тиіс нәрсе де жоқ. Неғұрлым адам мықты ол соғұрлым қарапайым. Ерекше бірнәрсе көрінсе ұмтылған тұлғаңыздың көзбояушылықпен айналысып жүргені, “ерекше” нәрсеге ұмтылатын сіздің де бағытыңыздың дұрыс болмағаны.
Сондықтан біреудің полясында болу, оның жанына барып ғажайып күту дегенге күлкім келеді.

October 04, 16:57
Файлы недоступны
2
Открыть в Telegram

October 04, 16:56

Немезида - грек мифологиясындағы құдай әйел. Тәкаппарлықтың кесірінен болған қателік, бұзылған тепе-теңдіктің өтеуін, әділ жазасын беруші. Әдетте достық та, қатынас та бір, не екі тараптың көкіректігінен бұзылады. “Четыре руки, две сонаты” дорамасында дәл осы туындыны ойнату мықты шешім.
Ал мына үзінді мені мазалайтын бір сұраққа жауап болды
⬇️

October 02, 06:08
Файлы недоступны
2
Открыть в Telegram

October 02, 06:04

Айтпақшы, әңгімешіл сөйлеп қалған еркектен басқа бұрышта бір ер адам ноутпен үнсіз жұмыс істеп отыр. Міне менің түсінігімдегі ер адам деп қоямын. Сөзбен былғанбайтын. Әлемжеліде ешкіммен айтыспайтын. Ойына сыймайтын жазба көрсе де “ балалық қой”деп өтіп кететін өте салмақты, сөздің емес істің адамы болу керек. Бір телефонмен сөйлесе бастады. Дауысы зор екен. Нақты шаруа шешті. Тіпті де артық сөйлемейтін үйде де суық сияқты. Жо-жоқ, үйде менімен ашылып, жылы сөйлесетін адам керек. Бірақ влюбленный волк уже не хищник боп кеткенін де қаламас едім.

October 02, 05:58

Суық тисе құлақтан алады. Психосоматикасы шулы ортаны, бос сөз, көп сөздің адамдарын қабылдай алмауым мыс. Кафеге келіп жылаған, шулаған баланы, бір үстелге жиналып әңгіме айтып отырған олардың аналарын, көрші үстелде сампылдап сөйлеп отырған еркекті қабылдауға тырысып отырғаныма жарты сағат. Ұнамайды. Тыныш өмірге жету үшін сонша күресіп, әрең жеткенімде неге мұны қабылдауым керек? Кетіп бара жатқан пойызда отырған жоқпын ғой. Шығып кеттім.

August 31, 06:53

Кітапта бір ер адам 28 жасында көп нәрсеге қол жеткізеді. Кітап жазады, докторлық дәреже, отбасы, жақсы қызмет. Кейін өзіндегі іш пысу, апатияны байқап, екі есе белсенділікпен жазушылыққа кірісіп, тағы бірнеше бала жасап тастайды. 37 жасында қызметтен кетіп, отбасын тастап, басқа қалаға кетіп, балмұздақ сатады.
“Перевал в середине пути”.
Өткенде Покхарада нешетүрлі жастарды көрдім. Покхарада өзін іздеп жүрген адамдар Балидегідей айлап, жылдап сол жақта тұра береді. Бұлардың да әуелден осы өмір стиліне жатып алғаны байқалады. Өте сымбатты, стильді, шаштары ұзын, алладин шалбар киген, мен жасөспірім кезімде сүйсінген образдағы 30, 35, 40 жас шамаларындағы жігіттерді көрдім. Бірақ осы жолы сүйсінбедім. Бірден ойымда “Не істеп жүр? Қызмет қайда? Бала қайда? Жауапкершілік қайда?” деген сұрақтар келе берді. Қашанғы өзін іздеуге болады? Орта жас дағдарысы себеп болса да, бәрін тәрк етіп, жаңа өмір бастағысы келгенін түсіндім ал. Бірақ ер адамның жауапкершіліктен, адамнан, қоғамнан қашып, өзін іздеп, “рухани өсіп” далада ұзақ сандалып жүруі мен үшін әлсіздігі.

August 18, 16:17

Дүкеннен екі соджу, екі сыра, балмұздақ алып, есептетіп тұрсам, кассадағы кәріс келіншек “кеш жақсы өтсін!” дейді. Біздікілер біртүрлі қарар ме еді..Мұндайды тек кәріс ересектер жақсы түсінеді деп мәз боп қалдым.