Select your region
and interface language
We’ll show relevant
Telegram channels and features
Region
avatar

Екінші Тайм | Есет Төлеш

ekinshi_taim
Футбол. Қызық ақпараттар, тарихи мәліметтер мен статистика. Авторы - @YessetTolesh Сайт - https://2taim.kz/
Subscribers
4 900
24 hours
20
30 days
-340
Post views
3 039
ER
62,24%
Posts (30d)
Characters in post
507
Insights from AI analysis of channel posts
Channel category
Sports
Audience gender
Male
Audience age
25-34
Audience financial status
Middle
Audience professions
Others
Summary
December 21, 12:07
Media unavailable
3
Show in Telegram

Halyk қорының қолдауымен Алматы ауыл футболының республикалық орталығына айналды
Алматыда Тимур Құлыбаевтың Halyk Қайырымдылық қорының бас демеушілігімен жүзеге асып жатқан "Ауыл футбол" жобасы аясында бір аптада бірден үш маңызды шара өтті.
Атап айтқанда, Республикалық Halyk Open Cup 2025 финалы мен ауыл бапкерлеріне арналған
#АуылФутболCoach
семинары, «АуылФутбол Awards-2025» марапаты ұйымдастырылып, жасөспірімдер футболына жаңа серпін берді.
Финалға тек мықтылар жетті: Алматыда 16 команда бақ сынасты
18–19 желтоқсанда өткен Halyk Open Cup 2025 турниріне Қазақстанның түкпір-түкпірінен іріктелген 16 үздік команда қатысты. Жолдама биыл қарашада Павлодар, Ақтөбе, Шымкент және Алматы қалаларында өткен өңірлік іріктеулердің қорытындысымен берілді Әр өңірден төрт командадан суырылып шығып, финалда ел намысын, ауылдың үмітін арқалаған жас футболшылар Алматыға жиналды. Ақтық кезеңде 200-ден аса дарынды ойыншы алаңға шығып, нағыз жігер мен мінездің, тәртіп пен дарынын паш етті.
Halyk Қоры қаржылай демеу болып, балаларға тең мүмкіндік сыйлады
Турнирге қатысқан командалардың жол жүру, тұру және тамақтану шығындарын Halyk Қайырымдылық қоры толық өз мойнына алды. Бұл – жай ғана ұйымдастыру емес, ауылдағы және шалғай өңірлердегі балалардың арманына нақты жол ашқан үлкен қолдау.
Осылайша жоба адами капиталды дамытуға тікелей қызмет етеді: балалардың таланты тұрғылықты жеріне емес, мүмкіндігіне қарай бағаланады. Шығындардың жабылуы ауыл мен қала балалары арасындағы айырмашылықты азайтып, тең мүмкіндік қалыптастырады. Ең бастысы, «Ауыл футбол» көптеген жасөспірім үшін спорт арқылы жаңа ортаға шығуға, өзін көрсетуге жол ашатын әлеуметтік лифтке айналып отыр.
"Біз таланттардың жолы тұрғылықты жері, қаржылай қиындығы немесе киім-жарағының кесірінен шектелмесе екен дейміз. Сондықтан балалардың ыңғайын жасау - басты мақсат. Бұл турнирде Halyk Қоры әр командаға тең жағдай жасап, балалар үшін барлық ұйымдастыру шығыны толық жабылғанына ерекше мән берді. Бұл – жас ұрпаққа салынған нақты инвестиция", – деді Halyk қайырымдылық қорының Атқарушы директоры Ғалымбек Жақсылықов.
Алаңнан тыс еңбек:
#АуылФутболCoach
семинарлары өтті
Ал 16–17 желтоқсанда өңірлерде жұмыс істейтін бапкерлерге арналған екі күндік мамандандырылған офлайн-семинарлар мен шеберлік сыныптары өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, ауыл футболын дамытуда инфрақұрылымнан бөлек, басты ресурс – құзыретті, белсенді, ынталы бапкер. Оқу бағдарламасына жаттығу процесін жоспарлау мен тәжірибелік дайындық, ата-аналармен және жергілікті билікпен коммуникация, құқықтық негіздер, сондай-ақ менеджмент, маркетинг және тәлімгерлік дағдылары енгізілді.
"Семинарда алған ең маңызды дүнием – ауыл жағдайында жүйелі жоспар құру мен ата-анамен дұрыс сөйлесу команданың нәтижесіне тікелей әсер ететіні. Мұндай қолдаудың арқасында біз балаларға тек футбол үйретпейміз, олардың болашағына сенім сыйлаймыз. Бізге демеу болған Halyk Қорына көп рақмет", – деді семинар қатысушысы, ауыл бапкері Нұрбол.
АуылФутбол Awards: үздіктердің үздігі марапатталды
Сонымен қатар, 20 желтоқсанда Алматы қаласында өткен «АуылФутбол Awards–2025» республикалық сыйлығының марапаттау рәсімінде он бес номинация бойынша жеңімпаздар анықталды. Атап айтқанда, Әлеуметтік желідегі үздік парақша, Үздік футбол менеджері, Үздік футбол ұйымдастырушысы, Үздік қоғам белсендісі, Жыл серпілісі, Fair play (Адал ойын), Үміт, Үздік төреші, Үздік жаттықтырушы, Үздік қақпашы, Үздік қорғаушы, Үздік жартылай қорғаушы, Үздік шабуылшы, Үздік команда және Үздік ойыншы номинациялары бойынша үздіктер марапатталды.
Жеңімпаздарға арнайы мүсінше мен ақшалай сыйлықтар табысталды.
"Үздік қақпашы"
номинациясында Маңғыстау облысы Қызытобе ауылынан келген
"Намыс Кызылтобе"
командасының ойыншысы Дәулет Дауылбай топ жарды. Ол қуанышын жасыра алмай, өзімен бірге жаттығатын атасына алғысын жаудырды.
"Бос уақытымда атам екеуміз жаттығамыз. Мен де Темірлан Анарбеков, Шерхан Қалмұрза сияқты УЕФА-да өнер көрсеткім келеді, Қазақстанның намысын қорғағым келеді. Сый алғаннан кейін бұдан да көп жаттығамын. Қатты қуанып тұрмын", - деді ол.

December 21, 09:49
Media unavailable
1
Show in Telegram

Топ-5 лигадағы барлық 96 команда ішінде ең әлсізі сонда «Вулверхэмптон» болып тұр ма? Осы маусымдағы 17 матчта екі ұпай жинады.
Әлде АПЛ-да ойнағасын қиынға соғып жатыр ма екен?
Топ-5 лигада ұпайы ең аз командалар мынадай:
«Леванте» - 10 ұпай
«Майнц» - 7 ұпай
«Фиорентина» - 6 ұпай
«Вулверхэмптон» - 2 ұпай

December 20, 18:03
Media unavailable
1
Show in Telegram

Телеграмға жазбасам болмайын деп тұр.
Бүгін екі эфирім бар. Біріншісі - Овьедо мен Сельта. Қызық емес ойын, 0:0.
Қазір Лацио - Кремонезе жүргізіп отырмын. Бірінші тайм бітті, статистикасы анау енді.

December 09, 17:55

Келесіде Темірлан Анарбековтің өзін шығара салсақ та, 0:1 жеңілетін сияқтымыз ше...

December 06, 14:34

Гуд Ибенинг, қалайсыңдар?

December 05, 19:07

Топтық кезеңде көретін матч өте ааааз болайын деп тұр, иә?

December 05, 18:55

Өзбектер Роналдуға қарсы ойнайды. Ал Мбаппе мен Холланд топта кездеседі. Әзірше жаман емес

December 05, 18:06

Телеграмға көптен бері ештеңе жазбай жүр едім. Жеребедегі әндер шаршатып жіберді.
Соны айтайын деп...

November 26, 21:35

Арне Слотты ПСВ-мен бірге Нидерлендқа қайтару керек пе?

November 26, 19:52
Media unavailable
1
Show in Telegram

Чемпиондар лигасында гол соққан алғашқы қазақстандық футболшы - Дастан Сәтпаев. Бұл да бір жетістік.