
Екінші Тайм | Есет Төлеш
Ендігі чемпион қай ауылдан шығады? AUYL SPORT-тың үшінші маусымы басталмақ
26 тамызда Алматыда Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қорының ауыл балаларына арналған
AUYL SPORT
ауқымды әлеуметтік жобасының үшінші маусымы ресми басталды. Жаңа маусымда жоба Қазақстанның барлық 17 облысын қамтып, өңірлік жарыстарға 15 мыңға жуық жас спортшы бақ сынайды.
15 мың бала, 17 облыс, 8 спорт түрі
AUYL SPORT жобасы 2024 жылы Halyk қайырымдылық қорының бастамасымен ауыл балалары арасында бұқаралық спортты дамыту, балалар мен жасөспірімдерді спорт арқылы тәрбиелеу, сондай-ақ, ауыл жаттықтырушылары мен төрешілерінің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында іске қосылды.
Алғашқы маусымда алты спорт түрінен басталған жоба бүгінде
сегіз спорт түрін
қамтиды. Екі жылдың ішінде өңірлік және республикалық турнирлерге
10 мыңнан аса ауыл баласы
қатысты.
2026 жылғы үшінші маусым бұдан да ауқымды болмақ. Өңірлік турнирлер Қазақстанның барлық
17 облысында
өтіп, оған
15 мыңға жуық спортшы
қатысады. 10-15 жас аралығындағы жасөспірімдер каратэ, баскетбол, волейбол, бокс, еркін күрес, шахмат, үстел теннисі және футболдан бақ сынап,
510 медаль жиынтығын
сарапқа салады.
Өңірлік жарыстар 10 қыркүйекте Жамбыл облысынан басталып, 10 қазанға дейін жалғасады.
«Біздің мақсатымыз – ауыл баласына үлкен спортқа жол ашу»
Halyk қайырымдылық қорының Атқарушы директоры
Ғалымбек Жақсылықовтың
айтуынша, AUYL SPORT үшінші маусымға жай ғана бұқаралық турнир ретінде емес, ауылдағы талантты балаларға жаңа мүмкіндік беретін жүйелі жоба ретінде қадам басып отыр.
«AUYL SPORT-тың басты мақсаты – ауыл баласының қай жерде туғанына қарамастан, өз қабілетін көрсетуіне және үлкен спортқа жол ашуына мүмкіндік беру. Екі жылдың ішінде жобаға 10 мыңнан аса бала қатысты, ал биыл біз 15 мыңға жуық жас спортшыны қамтуды жоспарлап отырмыз. Ең маңыздысы – жоба жеңімпаздары республикалық деңгеймен шектелмей, халықаралық жарыстарда Қазақстанның намысын қорғап, нақты нәтижелер көрсетіп жүр. Бұл ауылдағы талантты балаларға мүмкіндік берсең, олардың
әлемдік аренаға дейін жете алатынын көрсетеді», – деді Ғалымбек Жақсылықов
.
AUYL SPORT жеңімпаздары халықаралық аренаны бағындырып жүр
Жобаның алғашқы екі маусымының жеңімпаздары бүгінде халықаралық жарыстарда Қазақстан атынан өнер көрсетіп жүр. Мәселен, 2025 жылы Сербияда өткен Дүниежүзілік Гимназиадада AUYL SPORT спортшылары бокстан
үш алтын
, еркін күрестен
бір қола медаль
жеңіп алып, шахматтан
екі Fair Play жүлдесіне
ие болды.
Жоба түлектер Қытай, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінде Қазақстан қоржынына медаль еншіледі.
Айта кетейік, жоба аясында спортшылардың жүріп-тұруы, өмір сүруі, киім және спорт жабдықтары толық қамтылады.
Ауыл спортына жаңа мүмкіндік: 10 спорт алаңы және білім гранттары
2026 жыл Halyk қайырымдылық қоры үшін де ерекше жыл – Қордың құрылғанына
10 жыл
толып отыр.
Осыған орай AUYL SPORT аясында жоғары нәтиже көрсеткен ауылдарда
10 жаңа спорт алаңын салу жоспарланған
. Сонымен қатар, республикалық және халықаралық жарыстарда ерекше нәтиже көрсетіп жүрген спортшыларға
оқу гранттарын беру
, спорттық санаттар тағайындау мәселелері қарастырылып жатыр.
Жоба тек жарыстар өткізумен шектелмейді. Кейінгі жылдары ауыл жаттықтырушылары мен төрешілеріне алғашқы медициналық көмек, каратэ және еркін күрестің жаңартылған ережелері бойынша кәсіби семинарлар ұйымдастырылып, шахмат бапкерлері халықаралық сарапшылармен тәжірибе алмасты.
Үшінші маусымның басты мақсаты – жаңа есімдерді ашу
AUYL SPORT-2026 өңірлік жарыстары
10 қыркүйек пен 10 қазан аралығында
еліміздің 17 облысында өтеді. Жарыстар жергілікті атқарушы органдар мен аккредиттелген спорт федерацияларының қолдауымен ұйымдастырылады.
Жобаның үшінші маусымы ауылдағы мыңдаған бала үшін алғашқы үлкен жарыс қана емес, республикалық құрамаға, халықаралық турнирлерге және кәсіби спортқа бастайтын мүмкіндік алаңына айналмақ.
💥
IPHONE 17 PRO И НАБОРЫ LEGO ЗА ПОДПИСКУ!
Кайфуй от ЧМ и участвуй в розыгрыше шикарных призов
🎁
Условия:
▪️
Подпишись на наш телеграм-канал
;
▪️
Зарегистрируйся в Ubet и забирай до 60 000 ₸ уже сейчас
;
▪️
Нажми на кнопку «ХОЧУ ПРИЗ».
Призы:
🥇
iPhone 17 PRO
2-3 место: набор Lego WC2026
4-7 место: фрибет 50 000
₸
8-10 место: фрибет 25 000
₸
🤖
Итоги — 30 июля.
❗️
Конкурс строго 21+
❗️
📄
Полные правила
Удачи!
ОН СҰРАҚ! Ерғанат Бөкей мен Әлібек Кенжалы
Көрейік
https://youtu.be/EuYi7_qUrFY?si=9oUtDfb1qYSCXx3V
Әлем чемпионатында бар болғаны алты матч қалды. Қызықтың көкесі алда
https://youtu.be/RV_Y4m-jWBA
Месси пенальтиге айып соққысы сияқты қарауы керек қой. Тек тосқауылда ешкім тұрмайды.
Тикток, тредске кірген сайын көңіл-күй түсіп жатыр ғой өзі.
Қайда барсаң Роналду туралы. Жүректі ауыртып…
Роналдуды алғаш рет құрамадан Еуро-2004 турнирінде көріп едім. 22 жыл өтіпті.
Көкеміз ӘЧ-дегі соңғы матчын өткізді, бұл турнир бұйырмай-ақ қойды.
Енді «Жозе Алваладеде» бір қоштасу матчын өткізіп, құрамадан кетуі керек-ау.
ФИФА америкалық Фоларин Балогунның қызыл қағазына қарамастан, оған ойнауға рұқсат берді. Бразилия масқара болып ұшып кетті, ал Англия ерледі.
https://youtu.be/lftA06AuOqU
Бүгін 1 шілде, демек, біраааз футболшы еркін агент атанды
Жазда клубсыз қалғандар: Душан Влахович, Джейдон Санчо, Каземиро, Мохамед Салах, Дани Карвахаль, Роберт Левандовски, Ян Зоммер, Франческо Ачерби, Пауло Дибала, Лука Модрич, Аллан Сен-Максимен...
Көбі Еуропа футболынан кететін шығар, көрейік.
"Екінші Таймды" қайта қолға алып жатырмын. ӘЧ бітем дегенше бір "Он сұрақ" түсіріп жіберу ойда бар.
https://youtu.be/vG0sAzxHgNY