Select your region
and interface language
We’ll show relevant
Telegram channels and features
Region
avatar

gafurgooy

gafurgooy
2 ші каналымыз: https://t.me/zikirayt Зікір айтып жүріңіз! @gafurgooy парақшасының “What’s App” каналына қосылу үшін осыны басыңыз. ⬇️ https://whatsapp.com/channel/0029Vaf6ICjBlHpYTc6x6m1x
Subscribers
685
24 hours
-1
30 days
-17
Post views
79
ER
11,53%
Posts (30d)
11
Characters in post
912
Insights from AI analysis of channel posts
Channel category
Religion and Spirituality
Audience gender
Female
Audience age
35-44
Audience financial status
Middle
Audience professions
Psychology & Counseling
Summary
September 03, 07:20
Media unavailable
1
Show in Telegram

🌙
МӘУЛІТ АЙЫН БОС ӨТКІЗБЕЙІК, БАУЫРЛАР!
Пайғамбарымыз Мұхаммед ﷺ-ға салауатты көбейтіп, Құранмен байланысымызды күшейтейік.
🤍
📖
Бірге ниет етейік, бірге бастайық, бірге жалғастырайық.
Құранға бүгін жасаған қадамың ертеңгі жүрегіңнің нұры.

August 26, 16:42

Оқылуы:
Йа Рабби, ләкәл-хамду камә янбағи ли-жәләәли уажһика уа ‘азими султоник.
Мағынасы:
Уа, Раббым! Саған Өзіңнің ұлық жүзіңнің ұлылығына және ұлы билігіңе лайық болған барлық мадақ тән.
Мұндағы كَمَا يَنْبَغِي (камә янбағи) лайық болғанындай, лайықты түрде деген өте терең мағынаны білдіреді.Яғни адам: Уа, Алла, мен Сенің ұлылығыңа лайықты түрде мадақ айта алмаймын. Сондықтан Саған Өзіңнің ұлылығыңа лайық мадақты тілеймін деген мағынаны жеткізеді
.

August 19, 06:40

Мен үшін барлық есіктер жабық деп ойлама.
Сенің алдыңда тұрған бір есіктің жабық болуы бүкіл өміріңнің жабық болғаны емес.Кейде адам бір нәрсені қатты қалайды да, сол нәрсе орындалмаған кезде:
Маған жол жоқ. Менің қолымнан келмейді. Мен үшін ештеңе өзгермейді деп ойлайды.
Бірақ сенің бүгін көріп тұрғаның өміріңнің соңғы нүктесі емес.
Сен тағдырдың бір ғана бетін көріп тұрсың. Ал Аллаһ бүкіл кітапты біледі.Сондықтан жабық есіктің алдында отырып қалма.
Аллаһтың есігін қақ.
Қаққанда ықыласпен қақ.
Сұрағанда шын жүрегіңмен сұра.
Әрекет еткенде себептерін жаса.
Күткенде сабырмен күт.
Кешіккенде үмітіңді үзбе.
Бір рет сұрап, бірден нәтиже болмағаны үшін:
Дұғам қабыл болмай жатыр деп қорытынды жасама.
Кейбір дұғалар сен қалаған нәрсенің дәл өзі болып келеді.
Кейбірі бір бәлені алыстатады.
Кейбірі ақыретке сақталады.
Ал кейбірінің жауабы сен күткен уақыттан әлдеқайда кейін келеді.
Сенің міндетің қашан, қалай, қандай түрде беретінін басқару емес.
Сенің міндетің Раббыңа сеніп, дұға жасап, дұрыс әрекет ету.
Егер бүгін бір жол жабылса:
Раббым, мен тоқтамаймын.
Мен Сенен үміт үзбеймін.
Мен көрмеген жолды Сен білесің.Менің қолым жетпеген нәрсеге Сенің құдіретің жетеді.
Менің әлсіздігім Сенің Құдіретіңе кедергі емес де.
Сенің бір есікті қатты қаққаныңмен, оның міндетті түрде ашылуы шарт емес.
Өйткені Аллаһ сенің қалағаныңды ғана емес, саған шын мәнінде қайырлы болғанын да біледі.
Сондықтан кейде:
Уа, Раббым, мен қалаған есікті емес, мен үшін ең қайырлы есікті аш де.
Сабыр қол қусырып отыру емес.
Сабыр жүрегіңмен Аллаһқа сүйеніп, қолыңмен әрекет етуді жалғастыру.
Бір күні артқа қарап:
Сол кезде неге ашылмады деп сонша уайымдадым екен? Аллаһ мені одан да жақсы жерге бастап бара жатқан екен ғой деп қалуың мүмкін.Сондықтан бүгінгі жағдайыңды соңғы үкім деп қабылдама.
Дұға ет.
Әрекет ет.
Сабыр ет.
Үміт ет.
Ал есіктердің қайсысын ашу керегін. 18 мың ғаламның Раббысына тапсыр.

August 16, 00:26

Уа,Раббым, бүгінгі таңды Сенің разылығыңа жетелейтін таң ет.
Күнімізді берекелі, кешімізді шүкірлі, жүрегімізді Өзіңе ғашық ете гөр.Әмин
.

August 16, 00:15

Пайғамбар ﷺ көрмеген адам туралы айтып, оның дұғасын сахабаларға қажет деп көрсетті.
Бұл Увайстың қандай дәрежеде болғанын көрсететін үлкен ғибрат.Увайс неге соншалықты ерекше болды?
Ол атақ іздеген жоқ.
Адамдардың мақтауын күтпеді.
Өзін жұртқа танытуға тырыспады.
Оның өміріндегі ең үлкен мақсаттардың бірі Алланың разылығы және анасына қызмет ету еді.
Ол адамдардан алыстау, қарапайым өмір сүрді. Оның байлығы да, дүниелік атағы да болмады. Бірақ жүрегі Аллаға бай еді.
Омар ибн әл-Хаттаб رضي الله عنه және Увайс
Халифа Омар رضي الله عنه Йеменнен келген адамдардан Увайсты сұрайтын.
Неге?
Өйткені Пайғамбарымыз ﷺ Увайстың келетінін алдын ала айтқан еді.
Ақыры Омар رضي الله عنه оны тауып:
Сен Увайс ибн Әмирсің бе? деп сұрайды.
Ол:
Иә, — дейді.
Омар رضي الله عنه Пайғамбар ﷺ айтқан белгілерді анықтап, оның сол Увайс екенін білген соң:
Мен үшін Алладан кешірім сұра, деп өтінеді.
Қараңызшы...
Исламдағы ұлы сахаба, әділ халифа Омар رضي الله عنه қарапайым Увайстан дұға сұрап тұр.Бұл жерде бізге үлкен сабақ бар:Адамның адамдар арасындағы орны мен Аллаһ алдындағы орны бірдей болмауы мүмкін.
Бір адамды жұрт жоғары бағалауы мүмкін, бірақ Алланың алдында дәрежесі төмен болуы ықтимал.Ал бір адамды ешкім танымай жүруі мүмкін, бірақ Алланың алдында өте қадірлі болуы мүмкін.
Увайс әл-Қаранидің ең үлкен сабағы
Біз бүгін:
Мені бағаламады.
Мені құрметтемеді.
Мені ешкім байқамайды.
Менің еңбегімді ешкім білмейді, деп қиналып қаламыз.
Бірақ Увайстың өмірі бізге басқа нәрсені үйретеді:
Сені адамдар танымаса да, Аллаһ сені танысын.
Сені адамдар мақтамаса да, Аллаһ сенің амалыңды қабыл етсін.Сенің жақсылығыңды ешкім көрмесе де, Аллаһ көріп тұр.Сенің көз жасыңды ешкім байқамаса да, Аллаһ біледі.
Сенің түнде жасаған дұғаңды ешкім естімесе де, Аллаһ естиді.
Сондықтан адамдардың бағасына емес, Аллаһтың разылығына ұмтыл.
Анаға қызмет ету
Увайстың өмірінен тағы бір үлкен сабақ ата-анаға жақсылық жасау.
Кейде біз үлкен құлшылықтарды іздейміз.Көп амал жасағымыз келеді.Бірақ дәл қасымызда Алланың разылығына апаратын үлкен мүмкіндік тұруы мүмкін.
Ол ата-анамызға қызмет ету.
Анаңа бір стақан су әкелу.
Шаршағанда көмектесу.
Жылы сөз айту.
Көңілін қалдырмау.
Дұғасын алу.
Кейде біз үлкен амал іздеп жүріп, күнделікті кішкентай жақсылықтардың қаншалықты үлкен екенін ұмытып кетеміз.
Бірақ бір нәрсені ұмытпайық
Ал Увайс туралы Сахих Мүслімде келген хадис — сенімді негіз.
Увайс әл-Қарани бізге атақсыз өмір сүруді емес, ықыласпен өмір сүруді үйретеді.
Адамдар сенің кім екеніңді білмеуі мүмкін.
Бірақ сенің Раббың біледі.
Сенің атың адамдар арасында аталмауы мүмкін.
Бірақ сенің дұғаң көкке көтеріліп тұруы мүмкін.
Сенің жасаған жақсылығыңды ешкім байқамауы мүмкін.
Бірақ Аллаһ оны ешқашан ұмытпайды.Адамдарға танымал болуға емес, Аллаһқа сүйікті құл болуға ұмтылайық.
اللهم اجعلنا من عبادك المخلصين
Уа, Алла! Бізді ықыласты құлдарыңның қатарынан ете гөр. Әмин.
🤲🏻
#УвайсӘлҚарани
#УвайсҚарани
#Тақуалық
#Ықылас
#АтаАна
#АлланыңРазылығы
#Ислам
#Ғибрат

August 14, 18:37
Media unavailable
1
Show in Telegram

Адамдар сені түсінбеуі мүмкін.
Бірақ жүрегіңнің сырын Раббың біледі.
🤍

August 13, 23:03
Media unavailable
1
Show in Telegram

August 13, 22:58
Media unavailable
1
Show in Telegram

August 13, 13:07

Кей кітапты оқып шығасың.
Ал кей кітапты оқыған сайын өзің өзгере бастайсың.
Пайғамбарымыз ﷺ-ның өмірі мен үшін жай ғана оқылатын кітап емес, жүректі тәрбиелейтін, мінезді түзейтін, өмірге бағыт беретін үлкен мектеп.

August 13, 13:05

Мәуліт айының мерекесіне санаулы күндер қалды…
🤍
Осыған себеп болып, Нұрсұлтан Рысмағанбетұлының Сира кітабын қайтадан оқып бастадым.
Бұл мен үшін жай ғана кітап оқу емес.2022 жылдан бері Пайғамбарымыз Мұхаммед ﷺ-ның өмірі туралы бірнеше еңбекті оқып келемін. Авторлары әртүрлі болғанымен, әр кітаптан Оның ﷺ өмірін, сабырын, мейірімін, көркем мінезін және үмбетіне деген шексіз жанашырлығын тереңірек таныдым.
Бір кітап өмір жолын танытды.
Бірі мінезін ашды.
Бірі қасиеттерін көрсетті.
Бірақ барлығы бір жүрекке жетелейді Мұхаммед ﷺ-ды тануға.
Сираны оқып отырып, кейде өзіңнен ұяласың…
Ол ﷺ қаншама қиындық көріп, сабыр етті.
Қаншама жәбір көріп, кешірді.
Өзі қиналса да, үмбетін ойлады.
Ал біз болмашы сынаққа келгенде қанша рет сабырымыздан айырылып қаламыз…
Сондықтан сира өткен тарих емес.
Сира бүгінгі мінезіңе қойылған айна.
Пайғамбарымыз ﷺ-ның өмірін оқыған сайын Ол ﷺ қандай еді? деген сұрақтан бұрын, Мен қандаймын? деген сұрақ туындайды.
Мәулітті күту тек мерекені күту емес.Бұл жүректі Пайғамбарымыз ﷺ-ды тануға, сүюге, Оның ﷺ көркем мінезінен үлгі алуға дайындау.
Аллаһ Таъала білімімізді жүрекке, жүректегі махаббатты амалға айналдырсын.
Бізді Пайғамбарымыз Мұхаммед ﷺ-ның шынайы үмбетінен етіп, Оның ﷺ сүннетін өмірімізге көркем түрде енгізуді нәсіп етсін.
Аллаһумма салли уә сәллим ‘ала Нәбиййина Мұхаммад ﷺ.
🤍