Select your region
and interface language
We’ll show relevant
Telegram channels and features
Region
avatar

Гүлмира Ілесбай | QMDB

gulmira_ustaz
Гүлмира ұстаз
Subscribers
2 307
24 hours
-1
30 days
-26
Post views
466
ER
20,2%
Posts (30d)
3
Characters in post
579
Insights from AI analysis of channel posts
Channel category
Religion and Spirituality
Audience gender
Female
Audience age
35-44
Audience financial status
Middle
Audience professions
Education
Summary
October 16, 03:38

https://www.instagram.com/p/DeeR8byjk6M/?obrf=MW5xaHptMG83Zndhdw==

October 12, 03:31
Media unavailable
1
Show in Telegram

September 30, 07:45

🌟
🌟
🌟
Бес қымбат
«Ең әуел керек нәрсе иман»-деген, «Ақырет iстерiне (ишларына) инан!»- деген! «Құдай кешiрер!»-дегенмен, iс бiтпейдi, «ИМан шартын бiлмесе, есен(ибан)»- деген. «Екiншi керек нәрсе- ғақыл» –деген. «Ғақылсызда таупық жағы (шағы) тақыр!»-деген. «Аз iске ашуланып , дiнiн бұзар, Иманын кәпiрлiкке сатар!ң-деген. «Үшiншi қымбат нәрсе- сабыр!»-деген, «Сабырлысы Мұратын табар!»-деген. «Әр iсте сабырсыздың тәубе-зорлық, Сабырсыздық басқа пәле салар!»-деген. «Төртiншi, қымбат нәрсе шүкiр»-деген, «Нығыметке шүкiрсiздiк-күпiр!»-деген. Жатқан жерден: «Құдай кешiр!»- деген-қорлық, «Себеп iздеп тура жолмен жүгiр!»-деген. «Бесiншi, қымбат нәрсе-әдеп»- деген, Әдепсiзде иман тұру ғажап!»-деген. «Кәпiрлiк- әдептiде тұрмағандай, Әдеп деген Махаббатқа себеп!»-деген.
/Мәшһүр Жүсіп /

September 22, 04:58

Ризығым көбейсін десеңіз:
Хафиз Әбу Мұса әл-Мәдини тізбегімен Сәһл ибн Сағдтан (Алла оған разы болсын) жеткен хабарда:
«Пайғамбарға ﷺ бір адам келіп, өзінің кедейлігі мен өмірінің қиын екенін айтып шағымданды. Сонда Алла Елшісі ﷺ оған былай деді:
“Үйіңе кірерде ішінде біреу болса да, болмаса да сәлем айтып кір. Сосын маған салауат айт. Кейін «Ықылас» сүресін бір рет оқы”.
Осылай істеген соң ол адамның ризық-несібесі молайып, тіпті туыстары мен көршілеріне де көмектесетін хәлге жеткен екен».

September 21, 03:27

Мен үшін баланың анадан алатын ең үлкен мұраларының бірі — ақша немесе дүние емес.
Ішкі тірек.
«Қиындық келсе де сынбаймын. Қателессем — түзете аламын. Жеңілсем — қайта тұра аламын. Адамдардан көңілім қалса да, Алладан үмітімді үзбеймін» деген ішкі тірек.
Сондықтан кейде аналар менен:
«Баламды қалай тәрбиелеймін?» деп сұрайды.
Мен оларға:
«Балаңызды тәрбиелеумен қатар, балаңыз күн сайын көріп жүрген ананы да тәрбиелеңіз» дегім келеді.
Өйткені ертең бала біздің көптеген ақылымызды ұмытуы мүмкін.
Бірақ анасының қиындықта өзін қалай ұстағанын, әкесіне қалай сөйлегенін, адамдарға қалай қарағанын, Аллаға қалай сүйенгенін — жүрегінде алып қалады.
Сондықтан ананың ең үлкен тәрбиесі — өзінің мінезі, иманы және өмір сүру әдебі.

September 12, 03:58

Шүкір — проблеманың жоқтығы емес
«Бәрі түзелгенде шүкір етемін» деп күтпе.
Өйткені өмірде бәрі бір мезетте мінсіз болып кететін күн сирек.
Бір мәселе шешіледі — екіншісі келеді.
Сондықтан шүкірді жағдайға байланыстырма.
Шүкір — қиындық жоқ деген сөз емес.
Шүкір — қиындықтың ортасында да қолыңда қалған нығметті көре білу.
Бүгін сенде жоқ нәрсеге ғана қарама.
Тыныстап отырғаныңды көр.
Жаныңдағы адамдарыңды көр.
Таңның қайта атқанын көр.
Тәубе етуге мүмкіндік барын көр.
Дұға жасай алатыныңды көр.
Кейде біз күткен үлкен бақыт келмей жүр деп, күн сайын есігімізден кіріп жатқан кішкентай нығметтерді байқамай қаламыз.
Бақыттың бір бөлігі — көбірек иеленуде емес, барды көре алатын жүректе.

September 05, 03:57

Уа, Алла! Бізге сөздің дұрысын ғана емес, оны дұрыс уақытта, көркем мінезбен жеткізуді нәсіп ет. Ашумен айтылған сөзден, үнсіздікпен жазалаудан және түсінуге тырыспай тұрып үкім шығарудан сақта.
Жақындарымызды шын ықыласпен тыңдайтын жүрек, ауыртпай түсіндіретін тіл, сабырмен мәміле жасайтын даналық бере гөр. Артық кеткен жерлерімізді кешір.
Арамыздағы түсініспеушілікті мейіріммен шешіп, жүректерімізді бір-біріне жақындата гөр. Әмин!
🤲🏻
Әумииин
🤲🏻
🤲🏻

September 05, 03:55

3. «Тыңдамаса, түсіндірме»
Бұл да абсолютті түрде дұрыс емес.
Адам ашулы кезде тыңдамаса, сол сәтте сөзді тоқтатып, сабасына түскенде сөйлесу — даналық. Бір ойды қайта-қайта дәлелдеп, өзіңді ақтай беру де адамды қажытады.
Бірақ Исламда насихат, түсіндіру, мәміле жасау, ізгі сөзбен еске салу бар. Әсіресе отбасыда «мені бірден тыңдамадың — енді ештеңе айтпаймын» деу эмоционалдық қабырғаға айналады.
Кейбір адам тыңдағысы келмегендіктен емес, сіздің сөзіңізді жеткізу тәсіліңізден жабылуы мүмкін. Сондықтан сұрақ тек:
«Ол мені тыңдады ма?» емес,
«Мен дұрыс уақытта, дұрыс үнмен, дұрыс сөзбен жеткіздім бе?» болуы керек.
Дұрыс нұсқасы:
«Тыңдай алмай тұрған адамға сол сәтте дәлеліңді тықпалама. Бірақ маңызды мәселені үнсіз көміп тастамай, қолайлы уақытта қайта сөйлес».
Жалғасы бар
….

September 04, 00:45

👇🏻
Құрандағы бір-ақ дұға арқылы:
👩🏻‍❤️‍👨🏻
Үйленуге болады
🏡
Баспаналы болуға болады
🎯
Жұмыс табуға болады
Бұл дұға:
*«Рабби Иннии лимә әнзәлтә иләййә мин хайрин фәқиир
✅
»*
Мағынасы: «Уа, Раббым! Шүбәсіз, маған берер қандай жақсылығыңа, нендей нығметіңе болса да зәрумін!»
Жұмадағы дұға қабыл болсын
🤲🏻
🤲🏻

September 04, 00:43

2. «Кетем деген адамның артынан жүгірме»
Мұнда жартылай шындық бар.
Егер бір адам қайта-қайта қорлап, манипуляция жасап, «кетемін» деп қорқытып, сізді жалындыру арқылы билегісі келсе — оның артынан жүгіріп, өзіңізді таптатпау дұрыс.
Бірақ бұл сөзді барлық қатынасқа қолдану Исламға сәйкес емес. Ерлі-зайыптылар ренжіссе, ата-ана алыстаса, бауырлар араздасса: «Кетті ме — кете берсін» деу дұрыс ұстаным болмайды. Құран ерлі-зайыптылардың арасы ажырауға жақындаса, екі жақтан бітімгер шығарып, татуластыруды ұсынады. Демек, Исламның алғашқы мақсаты — тәкаппарлықпен бұрылып кету емес, мүмкін болса, түзету. «
Ниса» сүресі, 4:35
⁠
Кейде бір адамның артынан бару — қадірсіздік емес, туыстық байланысты сақтау және нәпсіні жеңу.
Дұрыс нұсқасы:
«Кетемін деп манипуляция жасаған адамның артынан жүгірме. Бірақ түзелуге мүмкіндік бар қатынастан тәкаппарлығың үшін бас тартпа».
Сіз қалай ойлайсыз ?
Жалғасы бар
….