Выберите регион
и язык интерфейса
Покажем актуальные для региона
Telegram-каналы и возможности
Регион
avatar

Гүлмира Ілесбай | QMDB

gulmira_ustaz
Гүлмира ұстаз
Подписчики
2 530
24 часа
30 дней
-40
Просмотры
565
ER
22,81%
Посты (30д)
7
Символов в посте
916
Инсайты от анализа ИИ по постам канала
Категория канала
Религия и духовность
Пол аудитории
Женский
Возраст аудитории
35-44
Финансовый статус аудитории
Средний
Профессии аудитории
Образование
Краткое описание
April 22, 15:09

Салауат айтудың 40 қасиеті
Құран Кәрімде:
وَذَكِّرْ فَإِنَّ الذِّكْرَى تَنفَعُ الْمُؤْمِنِينَ
«Ескерт! Өйткені, ескерту мүміндерге пайда береді» («Зарияті» сүресі, 55-аят),-дәп әмір етеді. Салауат – зікірдің бір түрі. Салауат – Алла Тағалаға мадақтау мен Пайғамбарына игілік пен сәлем айту дұғасының жиынтығы.
Салауаттың қасиеттері жайлы аяттар мен хадистер негізінде 40 хикметі табылған. Ендеше, сол хикметтері мен сырларын назарларыңызға ұсынамыз:
1. Салауат – Алла Тағаланың әмірін орындау;
2. Салауат – Алла Тағаланың сөзімен қатар жүреді; Алла Тағаланың Пайғамбарға салауаты – мақтау және шарапат көрсету болса, мұсылманның салауаты – Алла Тағаладан тілегін сұрап дұға ету;
3. Салауат – Періштелердің Пайғамбарды мақтауы. Салауат айтумен мұсылманның тілегі, періштелер тілегімен ұштасады;
4. Бір салауат – Алла Тағала тарапынан он жарылқауға себеп;
5. Бір салауат – мұсылманның мәртебесін он есе көтереді;
6. Бір салауатқа – он сауап беріледі;
7. Бір салауат – он қателікті жуып шаяды;
8. Дұғадан алдын айтылған салауат тілектің қабыл болу үмітін арттырады;
9. Салауат – Пайғамбар (ﷺ) шапағатына лайық болудың бірден-бір себебі;
10. Салауат – күнәнің кешірілуіне себеп;
11. Салауат – Алла Тағала тарапынан адамның уайым-қайғысының кетуін қамтамасыз етеді;
12. Салауат – қиямет күні Пайғамбарға (ﷺ) жақын тұруға себеп;
13. Салауат – жағдайы төмен адам айтса, садақаның орнын басады;
14. Салауат – мұң-мұқтаждықтың өтелуіне себеп;
15. Салауат айтушыны – Алла Тағала жарылқайды, оған періштелер дұға жасайды;
16. Салауат – айтушының жан дүниесін тазартады;
17. Салауат – адамның тірі кезінде жәннатпен сүйіншіленуіне себеп;
18. Салауат – қиямет қорқынышынан құтылуға себеп;
19. Салауат – ұмытқан нәрсені тез еске түсіруге көмектеседі;
20. Салауат айтсаңыз, сәлеміңізге Пайғамбар (ﷺ) жауап қайтарады;
21. Мәжіліс басында салауат айту – жиынға берекет келтіреді және азын-аулақ кемшіліктерді жояды;
22. Салауат – кедейлікті жояды;
23. Салауат – мұсылманның сараңдығын жояды;
24. Салауат – Пайғамбарымыз жазғырған адамдар қатарынан құтқарады;
25. Салауат – жәннатқа апатарын жолға жетелейді;
26. Салауат – Алла Тағаланы тілге алмайтын мәжілістен сақтайды;
27. Салауат – сөзді толықтырушы дұға. Әр маңызды әңгіме Алла Тағалаға мақтау және Пайғамбарға (ﷺ) салауат айтумен басталады;
28. Салауат – қыл көпірде мұсылманға мол нұр сыйлайды;
29. Салауат – адамды дөрекіліктен құтқарады;
30. Салауат арқылы Алла Тағала сізді жер мен аспанды мекен еткен жаратылыс арасында жақсы атқа лайық етеді;
31. Салауат – адамның өзіне, амалына, өміріне және әрбір оның мүддесіне қажетті шаруада берекет береді;
32. Салауат – Алла Тағаланың рақыметіне бөленуге себеп;
33. Салауат – мұсылманның Пайғамбарына (ﷺ) деген ұдайы сүйіспеншілігінің белгісі;
34. Салауат – Алла Елшісінің (ﷺ) сүйіспеншілігіне себеп;
35. Салауат – мұсылманның тура жолда жүргенінің белгісі;
36. Салауат – айтушының аты-жөні Пайғамбар (ﷺ) құзырында ескерілуіне себеп;
37. Салауат – қыл көпірде мұсылманның аяғы нық болуына және аман-есен өтуіне себеп;
38. Салауатпен – үмбеті ретінде аз да болса Пайғамбар (ﷺ) алдындағы борышы өтеледі;
39. Салауат – адамзатқа жіберілген ең үлкен нығмет Пайғамбар (ﷺ) үшін Алла Тағаланы зікір ету және шүкіршілік білдіру сөздерін қамтиды;
40. Салауат – дұға, ол дұғада мұсылман Раббысына ең абзал адамға, яғни Алланың досы Пайғамбарға (ﷺ) мақтау айту, оның мәртебесі мен дәрежесінің ұлғаюуын сұрайтын дұға.
Мұхаммед Ибраһим

April 13, 16:09

Сахаба Мұғауия ибн Әбу Суфян (Алла оған разы болсын) былай деген екен:
«Барлық адамның көңілін тауып, риза ете аламын. Тек көреалмаушының көңілін таппадым. Өйткені оның көңілі тек кісіге берілген нығметтің кетуімен тынышталады»
, – деген

April 10, 03:32

🍀
Адам өмірінде түрлі сынақтар болады. Кейде қиындық жанды қысып, жүректі қажытады. Осындай сәттерде кейбіреулер үмітсіздікке беріліп, тіпті өлімді тілеуі мүмкін.
📌
Бірақ Ислам діні мұндай күйден сақтанып, сабыр етіп, Алладан үміт үзбеуге шақырады.

♻️
Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде: «Сендерден біреулерің басына түскен қиындық үшін өлімді тілемесін», – деген (имам Бұхари).

Жұма қабыл болсын
🤲
📿
🤲
#жұма2026

April 03, 08:40

Истиғфар айту - түрлі қауіп-қатердің алдын алады және Алланың азабынан қайтарады. Истиғфардың ең көп кездесетіні - “Астағфируллаһ әл-азим уә әтубу иләйһ”. Қазақшалағанда “Ұлы Алла мені кешіре ғөр және мен Өзіңе тәубе етемін” деген сөз. Сондықтан күні сайын “Астағфируллаһ” немесе Астағфируллаһ әл-азим уә әтубу иләйһ” деген дұғаларды жиі айтыңыз.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с) “сәйидул истиғфар” (истиғфарлардың ең төресі) деп атаған дұғасы бар. Ол мынадай: “Уа Алла Тағалам! Сен-менің Раббымсың. Сенен басқа Тәңір жоқ. Мені Сен жараттың. Мен - Сенің құлыңмын, күш-қуатымның жеткенінше Сенің уәдеңді берік ұстауға тырысамын. Жасаған жамандықтарымның сорынан Саған  сиынамын. Бойымдағы бар нығметтеріңді мойындаймын, Күнәмды да мойындаймын. Мені кешіре ғөр. Себебі, Сенен басқа ешкім күнәларды кешіре алмайды. (Бұхари, Дауат, 2).

April 03, 08:34

Истиғфардың пайдасы мен оның алып келетін берекеті туралы имам Ахмад ибн Ханбалдың басынан өткен  мына бір керемет оқиғадан білуге болады.
Имам Ахмад ибн Ханбал бір қаладан екінші бір қалаға сапарға шығады. Қалаға келген соң, мешітте құптан намазын оқып болып, мешіттің бір бұрышында жатса, мешіт күзетшісі жүгіріп келіп мешітте ұйықтауға болмайтынын ескертеді. Мен ұзақтан келдім, мешітте түнеп шығайын десе де, күзетші рұқсат етпей имамды мешіттен шығарып жібереді.
Имам Ахмад мешіттен шығады да, мешіттің сыртқы есігіне сүйеніп, мешіттің табалдырығында отырады. Мешіт күзетшісі тағы да жүгіріп келіп, мешіттің табалдырығында отыруға болмайды, бұл жерден кет деп тағы да қуып жібереді. «Мен мешіттің ішінде отырған жоқпын ғой, сыртында отырмын ғой, сонда да мені қуасың ба?» дейді.
Ол заманда адамдар ғалымдардың атын білгенімен, көрмегеннен кейін түрін танымайтын еді. Әлгі қарауыл дөрекілік танытып, имам Ахмадты екі аяғынан ұстап, жолдың ортасына дейін сүйреп апарып тастайды. Сол кезде мешітке қарама-қарсы жолдың арғы бетінде бір наубайханашы нан пісіріп жатыр еді. Ол имам Ахмадқа барып: «Жататын орның болмаса, менің наубайханама кел, мұнда жататын бір кісілік орын бар», – дейді. Имам Ахмад наубайханаға кіріп, жайғасады.
Ол наубайханашының қамыр илеп жатқанда, қамырды көмбеге жауып жатқанда, отын дайындағанда, тіпті әр істе «Астағфируллаһ» (Алла мені кешір) деп үнемі айтып жүретінін байқайды.
Имам Ахмад оған қарап тамсанып: «Бұлай зікір етуді қашан бастадың, қиын емес пе?» деп сұрайды.
Сонда наубайханашы: «Осылай зікір етуді бастағаныма біраз жыл болып қалды. Маған қиын емес, үйрендім» дейді. Имам Ахмад сұрағын тағы жалғастырып: «Осы айтып жүрген зікіріңнің берекесін сезінесің бе?» деп сұрайды.
«Иә, сезінемін, әрдайым истиғфар айтқан сайын әр ісіме береке кіреді. Алладан не сұрасам, маған соның бәрін береді» дейді наубайханашы.
«Барлық дұғаңды қабыл етіп, сұрағаныңның бәрін бере ме? деп сұрайды тағы да имам Ахмад. Сонда наубайханашы: «Осы уақытқа дейін барлық сұрағанымды беріп, дұғаларымды қабыл етіп жатыр. Бірақ бір ғана дұғам қабыл болмай келеді» дейді. Имам Ахмад: «Ол қандай дұға?» - деп сұрағанда, наубайханашы: «Имам Ахмад ибн Ханбал деген ғалым кісіні бір көрсем ғой деп дұға қыламын. Бірақ бұл дұғам қабыл болмай жатыр» дейді.
Сонда имам Ахмад ағыл-тегіл жылап: «Міне сен дұға еттің, үнемі истиғфар айтасың. Алла сенің бұл дұғаңды да қабыл етті. Сен көргің келген сол имам Ахмад ибн Ханбалды Алла Тағала сенің наубайханаңа екі аяғынан сүйреп тұрып алып келді, мені мешіттен қуып, екі аяғымнан сүйреп көшеге шығарып тастаған мешіт күзетшісі емес, Алла Тағала екен ғой. Сол имам Ахмад менмін» деген екен.
@gulmiraustaz

March 30, 03:27
Файлы недоступны
1
Открыть в Telegram

March 27, 03:49
Файлы недоступны
1
Открыть в Telegram

💥
Алла Тағала Құранда айтады:
«Расында, қиындықпен бірге жеңілдік бар» (Инширах 5-6).
💥
Сен қазір көріп тұрған қараңғылық —
соңы емес…
Бұл — жарықтың алдындағы сынақ қана.
🔥
🔥
Ұмытпа…
Ең қара бұлттар – ең мол жауынның хабаршысы.
☀️
Алла тағы да ескертеді:
«Ал кім Алладан қорықса, Ол оған шығатын жол береді.
Және оған күтпеген жерден ризық береді» (Талақ 2-3).
⚡️
Бәлкім, дәл қазір сені қинап тұрған нәрсе —
ертең сенің ең үлкен нығметіңе айналады…
🌟
Сабыр ет…
Жыласаң да, тоқтама…
Дұғаңды үзбе…
Өйткені Алла:
«Мен құлым Маған дұға еткенде, оған жауап беремін» (Бақара 186)
💥
Сен жалғыз емессің…
🤍
@gulmiraustaz

March 19, 07:10

25 Құранның хатым жасадық

March 19, 07:09

Live stream finished (2 hours)

March 19, 04:12

Live stream started