Select your region
and interface language
We’ll show relevant
Telegram channels and features
Region
avatar

Кітапсүйер

kitapsuyer
Бұл арна — жәй ғана білім алып, өзгергісі келетін жандар үшін.. ✓Біздің канал: @kitapsuyer ✓Біздің чат: @kitapsuyerchat
Subscribers
15 800
24 hours
30 days
-100
Post views
13 760
ER
83,46%
Posts (30d)
2
Characters in post
320
Insights from AI analysis of channel posts
Channel category
Art & Culture
Audience gender
Female
Audience age
35-44
Audience financial status
Middle
Audience professions
Design & Creative Arts
Summary
April 22, 04:10

Сөзбенен сомдап таза сымбатын
Жүрекке мәңгі жазасың ба атын.
Ақылман әйел – ақынның бағы
Ақынның соры – мазасыз қатын.
Ж. Е

April 20, 10:08
Media unavailable
1
Show in Telegram

Кеше қазақ әдебиеті тағы да бір ерекше жазушысынан, аңыз адамынан айырылыпты. Өмірімде бірінші рет көргенімде соңғы рет көріп тұрғанымды білмеппін. Бақұл бол, қазақтың бөлек тұлғасы, парасаты..

March 20, 03:27
Media unavailable
1
Show in Telegram

🎈
Жұма күнінің қуанышымен қатар келген Ораза Айт құтты болсын!!!
🎊
Алла сіздерден де, бізден де қабыл етсін!
🎉
Өмірлеріңіз дәл осы Айт секілді көңілді өтсін!
🎁
Біз сіздерге тек бақыт тілейміз!!!

January 20, 07:30
Media unavailable
1
Show in Telegram

Алаш қайраткері Мұстафа Шоқайдың жұбайы Мария­ Шоқайға жазған бір хатынан үзінді:
«Менен көмек сұрап, үміт күткен осы бақытсыз бейшараларға ешқандай жәрдем жасай алмағаным үшін жан азабын шегудемін. Мен оларға көмектесетінімді айтып сөз бердім, алайда бұл әншейін оларды жұбату ғана. Қолымнан ештеңе келмейтінін біле тұра жалған сөйлеп жүрмін...
Кеше 35 адамды ату жазасынан құтқардым, бірақ қаншаға дейін екені белгісіз. Оларды бір шұңқырға тізіп қойды, қазір қазан айы, ал олар болса жаздық киімдерімен жартылай жалаңаш, суықтан қорғану үшін, топырақтан пана жасау үшін қолдарымен жер қазуда. Оларға итке тастаған сияқты нан тастайды, су атымен­ жоқ».

January 19, 09:53
Media unavailable
1
Show in Telegram

Қандай ғажап естелік!
Кімдерді таныдыңыз?

December 12, 10:57
Media unavailable
1
Show in Telegram

Қара тізім ішінде аты-жөнім,
Тұрғандай бір сыздады көкірегім.
Мен туралы ештеме сұрамашы,
Сұрамашы, сұрама өтінемін.
Бағынумен әпенде әмірлерге,
Өтіп бара жатырмын өмірден де.
Қадірлеймін барлығын, бірақ менің,
Өз-өзімді құқым жоқ қадірлеуге.
Сырласым да жоқ менің, сыйласым да,
Біреулермен мәжбүрмін сыйласуға.
Жүрегімді ауыртып алам ылғи,
Болмаған соң титімдей ми басымда.
Жалп етсе де жапалақ жасқанамын,
Жалпақтаудан қалмады басқа амалым.
Ауырмашы жүрегім, сенен басқа,
Арқа сүйер жоқ менің тас қамалым...
🔖
Есенқұл Жақыпбеков

December 02, 06:34

Ескеріңіз:
1. Адамдарға екі реттен артық қоңырау шалма.
2. Айналаңдағы адамдарға шамадан тыс жағымпаз болма.
3. Сенен сұрамаса, білгеніңді айтпа.
4. Ешқашан ақталма.
5. Жоспарларыңды бәрімен бөлісе берме.
6. Біреуге “міндетті адам” болуға тырыспа, қайта “таңдау жасайтын адам” бол.
7. Бәріне бірдей жағуға тырыспа.
8. Өзің дұрыс деп санаған істі ғана жаса.
9. Егер біреу өміріңе құнды нәрсе әкелсе, ол ұсақ болса да, алғыс айт.
10. Берген уәдеңді әрқашан орында.

October 01, 15:28
Media unavailable
1
Show in Telegram

Құр ауаға қалды асылып қанша әнім,
Жер бетінде сенделем бе әлі көп.
Мен жарықты күте-күте шаршадым, Ендігі өмір түс сияқты мәні жоқ.
Уақытымды күте-күте бітті әлім, Маңай тұман, жұлдыз біткен адасты.
Кім біледі, кімдер не істеп жатқанын, Кімдер қалай жұбатарын алашты?
Қасіретімді түсін мейлі, түсінбе, Өз талайын әркім өзі тапқандай. Жонарқамда, жұлынымның ішінде,
Жауынқұрты қабір қазып жатқандай.
©️
Ә. Балқыбек

October 01, 07:19
Media unavailable
1
1
Show in Telegram

Сөйлейді аспан қара жаңбыр тілімен,
Сол Алматы, сол өзен.
Ағыл-тегіл жылайды, рас, түнімен
Терезем.
🪶
Е. Раушанов

September 25, 11:21

Өмір өтіп бара жатыр, ақылдым,
Өзіңді ойлап тағы бір таң атырдым.
Қаншалықты қашық жүрсем мен сенен,
Соншалықты жүрегіңе жақынмын.
Тағдыр бізді сынамай ма, сынай ма,
Аспан сені аяғасын жылай ма?
Сен бар кезде мен көңілді жүремін,
Мен бар кезде сен де жаным, мұңайма!
©
Ершат Қайболдин