
Кітапсүйер
Сөзбенен сомдап таза сымбатын
Жүрекке мәңгі жазасың ба атын.
Ақылман әйел – ақынның бағы
Ақынның соры – мазасыз қатын.
Ж. Е
Кеше қазақ әдебиеті тағы да бір ерекше жазушысынан, аңыз адамынан айырылыпты. Өмірімде бірінші рет көргенімде соңғы рет көріп тұрғанымды білмеппін. Бақұл бол, қазақтың бөлек тұлғасы, парасаты..
🎈
Жұма күнінің қуанышымен қатар келген Ораза Айт құтты болсын!!!
🎊
Алла сіздерден де, бізден де қабыл етсін!
🎉
Өмірлеріңіз дәл осы Айт секілді көңілді өтсін!
🎁
Біз сіздерге тек бақыт тілейміз!!!
Алаш қайраткері Мұстафа Шоқайдың жұбайы Мария Шоқайға жазған бір хатынан үзінді:
«Менен көмек сұрап, үміт күткен осы бақытсыз бейшараларға ешқандай жәрдем жасай алмағаным үшін жан азабын шегудемін. Мен оларға көмектесетінімді айтып сөз бердім, алайда бұл әншейін оларды жұбату ғана. Қолымнан ештеңе келмейтінін біле тұра жалған сөйлеп жүрмін...
Кеше 35 адамды ату жазасынан құтқардым, бірақ қаншаға дейін екені белгісіз. Оларды бір шұңқырға тізіп қойды, қазір қазан айы, ал олар болса жаздық киімдерімен жартылай жалаңаш, суықтан қорғану үшін, топырақтан пана жасау үшін қолдарымен жер қазуда. Оларға итке тастаған сияқты нан тастайды, су атымен жоқ».
Қара тізім ішінде аты-жөнім,
Тұрғандай бір сыздады көкірегім.
Мен туралы ештеме сұрамашы,
Сұрамашы, сұрама өтінемін.
Бағынумен әпенде әмірлерге,
Өтіп бара жатырмын өмірден де.
Қадірлеймін барлығын, бірақ менің,
Өз-өзімді құқым жоқ қадірлеуге.
Сырласым да жоқ менің, сыйласым да,
Біреулермен мәжбүрмін сыйласуға.
Жүрегімді ауыртып алам ылғи,
Болмаған соң титімдей ми басымда.
Жалп етсе де жапалақ жасқанамын,
Жалпақтаудан қалмады басқа амалым.
Ауырмашы жүрегім, сенен басқа,
Арқа сүйер жоқ менің тас қамалым...
🔖
Есенқұл Жақыпбеков
Ескеріңіз:
1. Адамдарға екі реттен артық қоңырау шалма.
2. Айналаңдағы адамдарға шамадан тыс жағымпаз болма.
3. Сенен сұрамаса, білгеніңді айтпа.
4. Ешқашан ақталма.
5. Жоспарларыңды бәрімен бөлісе берме.
6. Біреуге “міндетті адам” болуға тырыспа, қайта “таңдау жасайтын адам” бол.
7. Бәріне бірдей жағуға тырыспа.
8. Өзің дұрыс деп санаған істі ғана жаса.
9. Егер біреу өміріңе құнды нәрсе әкелсе, ол ұсақ болса да, алғыс айт.
10. Берген уәдеңді әрқашан орында.
Құр ауаға қалды асылып қанша әнім,
Жер бетінде сенделем бе әлі көп.
Мен жарықты күте-күте шаршадым, Ендігі өмір түс сияқты мәні жоқ.
Уақытымды күте-күте бітті әлім, Маңай тұман, жұлдыз біткен адасты.
Кім біледі, кімдер не істеп жатқанын, Кімдер қалай жұбатарын алашты?
Қасіретімді түсін мейлі, түсінбе, Өз талайын әркім өзі тапқандай. Жонарқамда, жұлынымның ішінде,
Жауынқұрты қабір қазып жатқандай.
©️
Ә. Балқыбек
Сөйлейді аспан қара жаңбыр тілімен,
Сол Алматы, сол өзен.
Ағыл-тегіл жылайды, рас, түнімен
Терезем.
🪶
Е. Раушанов
Өмір өтіп бара жатыр, ақылдым,
Өзіңді ойлап тағы бір таң атырдым.
Қаншалықты қашық жүрсем мен сенен,
Соншалықты жүрегіңе жақынмын.
Тағдыр бізді сынамай ма, сынай ма,
Аспан сені аяғасын жылай ма?
Сен бар кезде мен көңілді жүремін,
Мен бар кезде сен де жаным, мұңайма!
©
Ершат Қайболдин