
Nurbakhyt Aidosuly
келінге ерте тұруды енесі айтса - ред флаг, фитнес тренер айтса - нұсқаулық, коуч айтса - инсайт, күйеуі айтса абьюзер тиран.
😂
😂
“Ғылымсыз дін - соқырлық”.
Абай Құнанбайұлы (Алла рахымына бөлесін)
Шайтан өміріңді өзгелермен салыстырғызады. Ал салыстыру ол шүкірсіздікке себеп болады. Ал шүкірсіздік ол жүрек тыныштығын алып қояды.
Үлкендерден естіген дастархан әдебі туралы мына сөз қандай керемет. Дастарханға отырсаң:
“Бисмилляны сырттан айт айтпағандар айтсын, Әлхамдулилляны іштен айт тоймағандар тойсын”.
Алла елшісі ﷺ:
“ Адамдарды күлдірту үшін өтірік айтқан адамға өкініш болсын”
Хасан әл-Басри (Алла оны рақымына бөлесін) былай дейді:
«Жүректің бұзылуы алты нәрседен болады
:
— Күнә жасайды да, тәубені кейінге қалдырады.
— Ілім үйренеді, бірақ оған амал етпейді.
— Амал етеді, бірақ ықыласпен орындамайды.
— Алланың берген ризығын жейді, бірақ шүкіршілік етпейді.
— Алланың өзіне бөлген тағдырына разы болмайды.
— Өлілерді жерлейді, бірақ олардан ғибрат алмайды».
Еркектің үндемегені сөйлегені, ал сөйлесе дауыл болады.
Абдулла ибн Омар رضي الله عنهما, Әбу Мұса әл-Ашғаридің ұлы Ибраһимнен:
— Әкеңнің Алла елшісінен ﷺ жұма күніндегі дұға қабыл болатын ерекше уақыт туралы хадис айтқанын естідің бе? — деп сұрады.
Ол:
— Иә, естідім. Әкемнің былай дегенін естідім: Алла елшісі ﷺ:
«Ол — имамның мінберге отырып, намазын аяқтағанға дейінгі уақыт», — дегенін айтты.
Имам әл-Байһақи رحمه الله былай дейді:
«Пайғамбар ﷺ бұл уақыттың нақты қай мезет екенін білетін еді. Кейін оған Қадір түні ұмыттырылғаны секілді, бұл уақыт та ұмыттырылды. Мұның сыры — құлдың жұма күнін түгелдей зікірмен және дұғамен өткізуінде».
Істеген күнәңә, жақсы амал жасамай жүргеніңе ескерту айтып насихаттайтын адамың болмаса, біл сен шынайы досы жоқ адамсың.
ٱلْأَخِلَّآءُ يَوْمَئِذٍۢ بَعْضُهُمْ لِبَعْضٍ عَدُوٌّ إِلَّا ٱلْمُتَّقِينَ
«Ол күні достардың бір-біріне дұшпан болғанын көресіңдер. Тек тақуалардан басқа».
«Егер адамдар кедейліктен қорыққанындай тозақтан қорықса, одан барлығы құтылар еді.
Ал егер дүниеде байлыққа ұмтылғанындай Жәннатқа ұмтылса, оған барлығы да жетер еді…»
Яхия ибн Муғаз (Алла оған разы болсын)