Выберите регион
и язык интерфейса
Покажем актуальные для региона
Telegram-каналы и возможности
Регион
avatar

Nurbakhyt Aidosuly

nurbakyt_aidosuly
2017-2021 Нұр Мүбәрак университеті 🇰🇿 2022-2023 Дәрул Фунун Араб және Ислам ілімдері институты 🇹🇷
Подписчики
3 646
24 часа
2
30 дней
-67
Просмотры
955
ER
26,19%
Посты (30д)
8
Символов в посте
286
Инсайты от анализа ИИ по постам канала
Категория канала
Религия и духовность
Пол аудитории
Женский
Возраст аудитории
25-34
Финансовый статус аудитории
Средний
Профессии аудитории
Психология и консультация
Краткое описание
September 11, 11:16

Кімде-кім әйелді тек сұлулығы үшін алса — жалығады.
Кімде-кім оны тек тегі мен атағы үшін алса — қор болады.
Кімде-кім оны тек байлығы үшін алса — қадірі қашады.
Ал кімде-кім оны діні (имандылығы) үшін алса — ол жалықпайды да, қор болмайды да, қадірі де қашпайды.

September 09, 07:07

Көздің жассыз, қатты болуы — жүректің қаттылығынан.
Жүректің қаттылығы — күнәнің көптігінен.
Күнәнің көптігі — өлімді ұмытудан.
Өлімді ұмыту — Үміттің ұзақтығынан.
Үміттің ұзақ болуы — дүниеге деген шектен тыс құштарлықтан.
Дүниеге деген құштарлық — барлық қателіктің басы.

September 08, 13:43

«Принциптер бөлінбейді»
Егер бір адамның өз отбасына әдепті, көркем мінезді болып, ал басқа туыстарына, тіпті өзге адамдарға олай қарамайтынын көрсең, оны шын мәнінде көркем мінезді адам деп айта алмайсың.
Ол — өзгелерге жақтастық танытатын адам.
Егер бір адамның байлар мен беделді, мансапты адамдарға ғана сыпайы әрі әдепті болып, өзгелерге олай қарамайтынын көрсең, оны да көркем мінезді деп айта алмайсың.
Ол — өз пайдасын көздейтін адам.
Осылай жалғаса береді…
Өйткені шынайы әдепті адам жағдайға қарай құбылмайды. Оның мінезі адамға, дәрежесіне немесе пайдасына қарай өзгермейді. Ол баршаға бірдей әдеппен қарым-қатынас жасайды.

September 02, 18:11

Жасым келді Құранға тілім келмейді деген қария, ол кезінде пенсияға шыққан соң намаз оқимын деген жас бала.

August 30, 19:07

Бір хәкім былай деген екен:
🌿
Даналық ол – қашан сөйлеу керектігін білу.
🌿
Көркем мінез ол – сөйлеп тұрған адамды тыңдай білу.
🌿
Әдеп ол – сөйлеушінің сөзін бөлмеу.
🌿
Ақылдылық ол – сөйлеген әр адамның сөзіне сене бермеу.

August 28, 04:56

Бай тәкәппарланса - бір жұттық
Батыр тәкәппарланса - бір оқтық

August 27, 16:28

Әл-Фудайл ибн Ияд (Алла оны рақымына алсын) былай деген:
Бақытсыздықтың белгісі бесеу:
Жүректің қаттылығы;
Көздің жас төкпеуі;
Ұяттың аздығы;
Дүниеге деген құштарлық;
Үміттің ұзақтығы.
Ал бақыттың белгісі бесеу:
Жүректегі нық сенім;
Діндегі тақуалық;
Дүниеге деген заһидтік;
Ұят;
Білім.
— «әз-Зуһд», Ибн Әбу әд-Дунья.

August 27, 10:34

Үш нәрсе — дүниелік бақыттың негізгі тірегі:
1. Амандық пен қауіпсіздік
2. Деннің саулығы
3. Күнделікті қажеттілікке жетерлік ризық
Осы үш нығметті Алла елшісі ﷺ мына бір хадисте түгел қамтып айтқан:
«Кімде-кім таңертең өз үйінде қауіпсіз, дені сау және бір күндік азығы бар күйде оянса, оған бүкіл дүние берілгендей болады».
🌿
الحمد لله على نعمة الأمن والعافية والكفاف
Амандық, саулық және жеткілікті ризық нығметі үшін Аллаға мадақ болсын!

August 05, 11:33

“Таңертең көңілді оянғың келсе, түнде кіммен сөйлескеніңе мән бер”.
Махмуд Даруиш

August 01, 08:31

📖
Кім ғалымдармен бірге отырса —
әдебі артады.
📖
Кім әйелдермен бірге отырса —
шәһуаты артады.
📖
Кім байлармен бірге отырса —
жүрегі қатады.
📖
Кім балалармен бірге отырса —
ойын-күлкісі артады.
📖
Кім күнәһарлармен бірге отырса —
жеңілтектігі артады.
📖
Кім ізгілермен бірге отырса —
тақуалығы артады.
📖
Кім фақиһтармен бірге отырса —
дәрежесі ұлық болады.

Пайғамбарымыз ﷺ айтты:
«Адам өз досының дінінде болады. Сондықтан әрқайсың кіммен дос болып жүргеніне қарасын.»