
Қаржылық сауаттылық
30 кітап оқып түсінгенім.....
Осыған дейін қаржы сауаттылығына байланысты
30-ға жуық
кітап оқыппын. Ол кітаптардың
авторы
,
көлемі
әртүрлі.
✅
30 кітапты оқып байқағаным:
авторлары әртүрлі болса да, бәрі бір нәрсені қайталайды. Сондықтан: сол кітаптарда кездесетін қаржылық кеңестерді осында жазып қояйын деп шештім.
Ең жиі кездесетін
8️⃣
кеңес:
1️⃣
Алдымен өзіңе төле.
Жалақы түскен сәтте 10–20%-ын бөлек шотқа аудар, қалғанын ғана жұмса.
2️⃣
Табысыңнан аз жұмса.
Байлық көп табудан емес, көп сақтаудан келеді. Табысың өскен сайын шығының да қатар өспесін.
3️⃣
Төтенше қор жина.
3–6 айлық міндетті шығынға жетерлік қауіпсіздік жастығы болмаса, кез келген дағдарыс қарызға батырады.
4️⃣
Тұтынушылық қарыздан қаш.
Қымбат несие байлықты жейді. Алатын несиеңнің айлық төлемі еңбекақыңның 30%-ынан аспасын.
5️⃣
Активті пассивтен ажырат.
Ақша әкелетін нәрсе актив, ақша алып кететіні пассив.
6️⃣
Ақшаңды жұмыс істет.
Инвестиция жасап, күрделі пайызға ұмтыл. Ертерек бастаған ұтады.
7️⃣
Барлығын бір себетке салма.
Құралдарыңды әртараптандыр және түсінбейтін нәрсеге ақша салма.
8️⃣
Кіріс-шығыс есебін жүргіз.
Ақша қайда кеткенін білмесең, оны басқара алмайсың.
~ Бұл кеңестердің біреуі де
жаңалық
емес. Бәрінің құлағына сіңген, таныс кеңестер.
📍
30 кітапты оқып түсінгенім:
құпия
формула
жоқ. Қаржы сауаты деген осы кеңестерді өміріңе енгізіп,
әдетке
айналдыру. Басқа ештеңе де емес!
“Tрейдингті үйренсем бе”
деп ойлап жүрген әрбір жанның назарына
🤓
Жоғарыдағы
ГРАФИККЕ
көз жүгіртіңіз.
Жеке-жеке талдаймын.
Бұл графикте трейдинг әлемінің шынайы статистикасы
ПИРАМИДА
түрінде көрсетілген.
‘Бұл график
брокерлік есеп
пен
нарықтық зерттеулерге
негізделген.
(нақты дереккөз қажет болса жекеме жазыңыз. бөлісемін)
🔵
100%
- Трейдингке келетін адамдардың 99,7%-ы бұл жерден еш қиындықсыз тез байып кетуді мақсат етеді. Олар мұны жеңіл табыс көзі деп қабылдайды.
🔵
60%
- Жаңа келген “трейдерлердің” 60%-ы алғашқы 30 күннің ішінде-ақ ақшасын жоғалтып, бұл істі тастап кетеді.
🔵
80%
- Алғашқы 2 жылдың ішінде кетіп қалады. Алғашқы айдан аман-есен өткендердің 80%-ы 2 жыл ішінде шығындарға ұшырап, психологиялық қысымға шыдамай, ақыры трейдингті тоқтатады.
🔵
7%
- 5 жылдан кейін де жалғастыра береді. Нарықта ұзақ уақыт сауда жасап (кемі 5 жыл), күйзеліске шыдап, тәжірибе жинақтап, өз жолын жалғастыра алатындар аз - бар болғаны 7%.
🔵
1%
- комиссия, салық, брокерлік шығындарды шегергенде шынайы таза табыс табады. Таза табыс табатын кәсіпқойлардың қарасы бар болғаны 1% құрайды.
Бұл ФАКТ.
Өзін
“ТРЕЙДЕРМІН”
деп таныстыратын
БЛОГЕРЛЕР
көрсеткендей бұл -
пляжда коктейль ішіп
немесе
кафеде тамақ ішіп отырып
жасайтын ойын емес.
🔈
Бұл - темірдей тәртіпті, терең математикалық білімді, мықты жүйкені және қайта-қайта шығынға ұшырасаң да, соған төтеп бере білуді талап ететін ең ауыр жұмыстың бірі.
Түйін:
Иллюзияға емес нақты ғылыми дерекке жүгініңіз!
Қанша төлеуге дайынсың?
(бұл жәй ғана атүсті оқи салатын жазба емес, соңына дейін түсініп оқыңыз)
~ Менің
🤓
бір қаржылық қағидам бар: бір дағдыны үйренгім келсе немесе бір тақырыпты терең меңгергім келсе, сол үшін
ақша
төлеймін.
| Мақсат қойсам, алдымен өзіме мына сұрақты қоямын:
«Мен бұған қанша теңге төлеуге дайынмын?»
Мысалы, ғылыми зерттеуді кәсіби түрде меңгергім келсе, профессордың консультациясына жазыламын, тақырыпқа байланысты кітаптар сатып аламын және Coursera-дағы ақылы курстарға тіркелемін.
Не үшін бұлай жасаймын? Айтып берейін:
🧠
Экономикада
Willingness to Pay
деген ұғым бар. Бұл бір нәрсеге ең көбі қанша төлеуге дайын екеніңді көрсететін
шек
.
«Үйренгім келеді, маған керек»
деп армандау/қиялдау оп-оңай. Ал сол арманға
ақша, уақыт, күш
жұмсау
мүлде басқа нәрсе.
`Неге бұл қағида жұмыс істейді?
Тегін нәрсені тастап кету оңай:
жоғалтатының жоқ
. Ал төлеген нәрсені тастау қымбатқа түседі. Адам бір нәрсеге нақты
ресурс
(қаржы)
жұмсаса, шешімі жай
ниеттен
→
әрекетке
айналады.
Түйін: кейде өзіңнен «Мен мұны қаншалықты қалаймын?» деп емес, «Мен бұл үшін не беруге дайынмын?» деп сұраған дұрыс.
₸ЕЗ
|
қаржы нарығындағы соңғы жаңалықтар
🟢
Апта ішіндегі ең маңызды қаржы жаңалықтары
1.
1$ = 454₸.
2.
Kegoc бір акцияға 81,25 теңге дивиденд төлейді.
Төлем қарашаның 1-і басталады. Дивиденд алатын акционерлер тізімі 14 қазанда бекітіледі.
3.
Доллардағы депозит пайызы өседі. Бұрын тек 1 жылға 1% еді, қазір ол шекті 2,5% көтерді.
4.
Қазақстандықтар зейнетақы жинағындағы ақшасын (ИПБ) "Halyk Finance"-қа көбірек сеніп тапсыруда.
5.
ҚазАтомпром акциясы 1 айда -13,87%-ға төмендеді. Қазір 1 дана акциясы 29,545 теңге.
6.
Қазан айындағы ең пайызы жоғары депозит: Bereke bank–тің Invest депозиті. 21%.
7.
Ұлттық банк 23 қазанда базалық мөлшерлеме бойынша жаңа шешім қабылдайды. Қаржы мамандары мөлшерлеме төмендейді деген болжам айтып отыр.
👋
Осымен тәмам. Келесі аптадағы «₸ЕЗ»-де қайта кездескенше
🪙
ЕҢ-ЕҢ-ЕҢ!
2026 жылдың ҚАЗАН айындағы
ЕҢ ҮЗДІК
3️⃣
депозит
1. Ақшаны толықтыруға да, шешіп алуға да болатын депозит
Бұл депозитке кез келген уақытта ақша сала аласыз және қажет болған жағдайда кез келген уақытта ақшаңызды шешіп ала аласыз.
🥇
Үздік:
Freedom Bank - «
Копилка
» депозиті.
Сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі (СЖТМ): 16.30%.
2. Тек толықтыруға болатын депозит
Бұл депозитке кез келген уақытта ақша қоса аласыз. Бірақ қаражатты өзіңіз таңдаған мерзім (3, 6 немесе 12 ай) аяқталғанға дейін шешіп ала алмайсыз.
🥇
Үздік:
Bereke bank - «
СӘЛЕМ
» депозиті.
Сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі (СЖТМ): 20,00%
3. Ақшаны толықтыруға да, шешіп алуға да болмайтын депозит
Бұл депозитке ақшаны бір рет саласыз. Депозит мерзімі аяқталғанша оған қосымша ақша сала алмайсыз және қаражатты мерзімінен бұрын шеше алмайсыз.
🥇
Үздік:
KZI bank - «
Жинақ
» депозиті.
Сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі (СЖТМ): 19,20%
Ақпарат пайдалы болса "
❤️
" басыңыз. Ай сайын ең тиімді депозиттерді осы арнаға тұрақты жариялап тұрамын...
🇰🇿
Қаржы жайлы
қысқа
дәріс #33
Адамның
бай болуы
немесе
кедейленуі
, негізінен, бір реттік ірі шешімдерге емес, күнделікті қайталанатын ұсақ қаржылық әдеттерге байланысты
🔗
Ғылыми дәлелденген
тұжырым
.
⛔
Нарықты болжауды ТОҚТАТ!
~ Нарық ертең өседі ме, түседі ме - мұны ешкім нақты білмейді. Мүмкін ертең технологиялық компаниялардың бағасы өсетін шығар. Мүмкін денсаулық сақтау саласы алға шығатын болар. Беймәлім!
Ал инвестор үшін -
нарықты дәл болжау емес, сол нарыққа
бейімделе
білу өте маңызды.
📄
Нарықты зерттеуге, оны ылғи да бақылап отыруға уақытыңыз жоқ болса
DYNF
etf–ін сатып алыңыз. Бұл ETF - нарықтағы жағдайға байланысты
құрамын құбылтып
, сол сәтте қандай компаниялар көбірек табыс табады, сол компанияларды құрамына қосып отырады.
Қысқаша айтқанда
нарықты зерттеп, сол сәтте ең көп табыс табатын компанияларды құрамына қосады.
▪️
Бұл ETF құрамында 261 компания бар. Олардың ішінде
Nvidia, Apple, Microsoft, Amazon, Alphabet
сияқты ірі компаниялар кездеседі. Құрамы ай сайын нарыққа бейімделіп, жиі
өзгеріп
тұрады.
🪙
Жылына 4 рет дивиденд төлейді. Қазір бұл ETF -
70$
тұрады
(31.000kzt)
. DYNF etf–нің жылдық орташа кірістілігі: 15-17%.
✅
Бұл etf ұзақ мерзімге инвестиция жасайтын инвесторларға арналған. «Нарықта не болып жатыр?» деп күнде қарап отыруға уақытыңыз жоқ болса → DYNF ETF-ін қарастырып көріңіз.
₸ЕЗ
|
қаржы нарығындағы соңғы жаңалықтар
🟢
Апта ішіндегі ең маңызды қаржы жаңалықтары
1.
1$ = 441₸.
2.
Kaspi тағы да дивиденд төледі. Бұл жолы 1 акцияға 4000 теңге дивиденд үлестіріп берді.
3.
Kaspi брокерлік қызметпен де айналысатын болды. Жақын күндері өз брокерін таныстырады.
4.
Сентрас Секьюритиз зейнетақы активтерін басқаруда көш бастады. Алғашқы 8 айдағы табыстылығы - 12,18%.
5.
Қазаннан бастап доллардағы депозит пайызы өсуі мүмкін. Бұған дейін жылына 1% өсім беретін.
6.
Елдегі ең төменгі жалақы мөлшері қазан айында көтеріледі. Қазір 85.000 теңге. Қанша пайыз көтерілетіні 4 қазан күні белгілі болады.
7.
Paidax broker–де жаңа «мақсаттар» функциясы пайда болды. Мақсатыңызды жазып, портфеліңіздегі қажетті бағалы қағаздарды сол мақсатқа қосып қоя аласыз. Ыңғайлы. Әрі пайдалы.
👋
Осымен тәмам. Келесі аптадағы «₸ЕЗ»-де қайта кездескенше