Выберите регион
и язык интерфейса
Покажем актуальные для региона
Telegram-каналы и возможности
Регион
avatar

Қаржылық сауаттылық

qarjysayaty
Қаржылық сауатты үйрететін арна. Арнаның бас жағында тегін 12 сабақ бар. Көріп шығыңыз. 👫 Арнаға мына сілтеме арқылы адам қоса аласыз: https://t.me/qarjysayaty Арна иесі: Исламбек Әділбек | Жарнама [реклама] және ұсыныстар бойынша – @islmbekk
Подписчики
26 600
24 часа
30 дней
-400
Просмотры
11 277
ER
0,43%
Посты (30д)
Символов в посте
726
September 19, 05:14

Қарызға
жоламаңдар
.
HALYK
әбден қарыздан шаршаған. Қарыз
BEREKE-ні
қашырып,
OTBASY
-ның шырқын бұзады.
~ Қарыз төлеген сайын
KASPI
теңізіндей қалтаң тарыла береді. Қарызсыз,
ALATAU
баурайында
JUSAN
иіскеп жатқанға не жетсін шіркін!?
ZAMAN
-ымыз тыныш,
ALTYN
-мыз
көп
болсын!

September 18, 05:30
Файлы недоступны
1
Открыть в Telegram

😍
Ураааа-н!
«ҚазАтомПром»
компаниясының өскенін көрген инвесторлар "
ураааа-н
😃
" деп айқайлаған шығар. «ҚазАтомПром» компаниясының
дивиденді
де,
акциясы
да жыл сайын өсіп келеді.
Оған себеп:
әлемде уран бағасының қарқынды өсуі. Ал уран бағасы не үшін өсіп жатыр? Себеп:
әлемде ядролық энергетикаға сұраныс артты.
🌐
ҚазАтомПром
компаниясы - уран өндірумен және оны өңдеумен айналысатын
ұлттық
компания.
~ Уран бағасы көтерілген сайын компания көбірек пайда табады → инвесторлар қызығады → акция бағасы өседі.
KZAP → 1 жылда 38% өсті
. Ойлаңызшы, 38%. Әр жыл сайын орташа есеппен дивидендтін 25% арттырып келе жатыр. Инвесторлар үшін бұл үлкен
плюс.
Дивидендтік өсімді графиктен көре аласыз.

ҚазАтомПром
компаниясының
ресми сайтында
болашақта даму стратегиясы жариялаған. Компания жыл өткен сайын өндіріс көлемін
арттырып
, өзге де
сирек металдарды
өңдеуге күш салуды жоспарлауда.
Бұл компанияның нарықтағы орынын одан әрі бекіте түседі.
Ал сізде «ҚазАтомПром» акциясы бар ма?
⚠️
бұл инвестициялық ұсыныс емес.

September 17, 05:30

📆
Осы
күні
туған адамдар болашағы үшін тұрақты
инвестиция
жасауы қажет:
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17,18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31.
©️
https://t.me/qarjysayaty

September 10, 05:30
Файлы недоступны
2
Открыть в Telegram

Қалай
инвестиция
арқылы
үй алуға
болады

(жоғарыдаға 2 суретті мұқият оқып шығыңыз)
💚
Аружан
23 жаста
. Алматыда тұрады. ҰБТ-ға дайындайтын орталықта
сабақ
береді.
Аружан
жеке сабағыма жазылып, осыдан
11 ай бұрын
инвестиция жасап бастадық.
Аружанның мақсаты:
2 бөлмелі үй алу
. Себебі өзі жалдамалы пәтерде тұрып жатты. Мақсатты бекітіп, соған сай құралдар таңдадық.
Қалай жасадық?
Аружанның портфелі қалай құрылды?
🔹
50%
- қазақстандық компаниялардың акциясын алдық.
🔹
15%
- шетелдік ETF-терді алдық (әсіресе growth etf-тер).
🔹
10%
- Google, Amazon, Freedom (соңғы 1 айда UNH қостық).
🔹
15%
- облигация (корпоративтік) және депозитте (жинақтаушы) салдық.
🔹
10%
- XLK, VGT, AIQ, IAU, SMH etf-терінен тұрды.

пайыздар тура осылай болмады. сәл өзгерістер болып тұрды.
~ Нәтижесінде: Аружан 11 айда
үй алды
. Үйіне жинаған толық қаражаттың
38.4%-ын
инвестиция арқылы жинады. 11 айдың ішінде
құлау
да,
өркендеу
де болды.
Эмоцияны басып, тұрақтылық танытуға тырыстық.
🌱
түйін: инвестиция әлемінде кім тұрақты - сол ұтады.

September 06, 05:30

💵
Қаржы жайлы қысқа дәріс #17
Қаржылық сауат
- тапқан табысыңа сай өмір сүру. Сол табысты
қарызға
кіріп кетпей,
несиеге
сіңіп кетпей -
ұқсата білу.
‘Қазақ оны “
көрпеңе қарай көсіл
” деп бір ауыз сөзбен түйіндей салады.

September 05, 06:22
Файлы недоступны
1
Открыть в Telegram

уау, жаңа құрал
😍
пайдалы, соңына дейін оқыңыз
Paidax брокері
жаңа құралды
іске қосты. Ол
құрал
:
Single Stock ETF.
Қарапайым тілде айтсам:
бөлшек акция.
Бұл не? Түсіндірейін


Бөлшек акция
- бұл акцияны
бүтін
сатып алмай, оның бір ғана
бөлігін
сатып алу.
Мысалы,
соғымға бір сиыр сатып алуға қаражатың жетпесе, 1 жілігін де алуға болады ғой.
Бөлшек акция да сол сияқты
- 1 акцияның 1 бөлшегін алу. Мысалы:
Tesla
акциясы
300$
тұрса, соны
100-ге
жіліктеп, 1 жілігін
3$-дан
сатады.
Бұл жердегі жілік дегеніміз - бөлшек акция.
~ Инвестиция бастаған адам ең алпауып компаниялардың акциясын алуды ойлайды. Tesla, Amazon т.б. Бұл компаниялардың 1 акциясы кемі
150$
тұрады. Оған бәрінің бірдей жағдайы жетпейді. Сондай сәтте "
бөлшек акция
" таптырмас құрал. Әзірге Paidax брокерінде Tesla, Netflix, Amazon
(қалғаны суретте)
компанияларының ғана
бөлшек акциясы
саудалануда.
| Бөлшек акция
-
қымбат компанияларды
"
арзан
"
алуға мүмкіндік береді
.
Пайдаңызға жарасын.
‘қосымша ақпарат пікір бөлімінде


⚠️
Инвестициялық ұсыныс емес.

September 04, 06:50

🔬
химия сабағы. ашыңдар дәптерді!
мәтінді соңына дейін түсініп оқыңыз
Химия пәнінен сабақ өткенде "
сирек металдар
" деген тақырып өтіп едік қой. Сол кезде сіз "
бұл өмірде неге керек? Синус пен косинус секілді қажет емес тақырып қой
" дегеніңіз есіңізде болар. Міне сол тақырып қазір сізге
қажет
🙂
.
Сирек металдар
– смартфондардан бастап, электромобиль батареяларына, жел генераторларына қажет
шикізат
.
Мысалы:
литий, кобальт, никель, неодим, палладий, платина.
Оларсыз жасыл энергетика, әскери техника, робототехника дамуы мүмкін емес.
💎
Сол
сирек металдарды
өндіретін компанияларды біріктіретін
ETF
бар. Ол -
REMX
.
тикер: REMX.
Бұл ETF - сирек металдарды өндіретін
29 компанияны
біріктіреді. ETF құрамындағы
негізгі
компаниялар:
1. China Northern Rare Earth Group
2. Lynas Rare Earths (Австралия)
3. MP Materials (АҚШ)
4. Iluka Resources
5. Pilbara Minerals
Көріп тұрғаныңыздай
, etf-тің құрамында
Австралия
мен
Қытай
компаниялары көбірек. Себебі
сирек металдардың
негізгі қоры сол елдерде өндіріледі.

бұндай ETF-ті портфелдің
3-5%-да
ғана
ұстаған
жөн. Себебі бағасы өте тез құбылады. Тәуекел тым жоғары. Металл бағасы құласа - ETF те құлайды.
~ Бұл ETF-тің дәл қазіргі
құны:
60,58$
(₸32 357).
Дивиденд төлейді.
⚠️
Ескеріңіз, бұл жазба инвестициялық ұсыныс емес!
'график және қосымша ақпараттар пікір бөлімінде↴

September 03, 05:30

💵
Қаржы жайлы қысқа дәріс #16
Қаржылық еркіндікті армандап қана жүрсең, ол ешқашан саған келмейді. Әр теңгенің қайда кеткенін есептегенде ғана жақындайды.

September 02, 05:47
Файлы недоступны
2
Открыть в Telegram

🇨🇳
made
in
China
[өте пайдалы пост. соңына дейін оқыңыз]
💭
қай заттың артын қарап қалсаң да "
made
in
China
" деген
жазу
көресің. Бұл жазу, сол заттың Қытайда
өндірілгенін
көрсетеді. Тіпті әлемдегі ең мықты компаниялардың өзі өнімдерін Қытайда өндіреді.
Мысалы:
Samsung, Apple, Tesla, Nike, Adidas,
т.б компаниялардың зауыттары
Қытайда
орналасқан.
🌐
Сол үшін де Қытай қазір
«дүниежүзілік зауыт»
деп аталып кеткен.
🌱
Енді
инвестиция
тұрғысынан қарап көрейік.
Қытай экономикасына
тікелей
инвестиция
жасау
үшін
FXI
etf-ін сатып алу керек. FXI etf-і Қытай экономикасына тікелей инвестиция жасауға мүмкіндік береді. Бұл etf-тің құрамында Қытайдың ең ірі
50 компаниясы бар.
🏭
FXI
etf-ін құрамында Қытайдың ең ірі брендтері де бар.
Tencent, Alibaba, Xiaomi, BYD, Baidu т.б.
- Бұл etf-ті осыдан 1 жыл бұрын иелендім. 1 жылда (доллармен) 47% өсті. Бұл etf
жылына 2 рет
дивиденд төлейді.
~ Бұл ETF-ті
Freedom broker
,
Paidax
арқылы сатып ала аласыз. Тикер: FXI.
⚠️
Ескеріңіз, бұл жазба инвестициялық ұсыныс емес!

September 01, 09:55
Файлы недоступны
2
Открыть в Telegram

Жап-жасыл BCC
💚

бүгінгі шолу -
Банк ЦентрКредит
жайлы болмақ. Банк ЦентрКредит-тің акциясы жыл басынан
91%
-ға өсті
🚀
. Ойлаңызшы:
91%
. Бұл өте жоғары
өсім
.
Соңғы 1 айдың өзінде 38% өсті
🏦
Банк ЦентрКредит
-тің бұлай
өсуіне
басты
4 себеп:
1.
таза пайдасы
өсті
- 2025 жылдың алғашқы жартысында былтырмен салыстырғанда
70% өскен.
2.
ROE
(акционерлік капиталдың кірістілігі)

43%.
Банк акционерлерінің салған ақшасы жақсы жұмыс істеп тұр деген сөз.
3. Бұрын мемлекет қаржылық қолдау көрсеткен, бірақ
2025 жылғы тамызда банк ол қарызды толық қайтарып тастады
.
|
Ең негізгісі:
Әлемдегі ірі
S&P
рейтингтік агенттіктігі,
Банк ЦентрКредит
рейтингі «
Стабильный
» еді, енді «
Позитивный
» деп өзгертті.
📌
Бұл - банктің жағдайы жақсарып жатыр, әрі қарай да даму мүмкіндігі жоғары дегенді білдіреді
.
Қызығы,
bcc-дің артықшылығы бар акциялары [CCBNp] 1 жылда
565%
өсті.
📍
Компания нарыққа өз орнын бекітіп жатыр. Бұл осы компанияның акциясын сатып алғандарға өз пайдасын беріп тұр.
⚠️
Ескеріңіз, бұл жазба инвестициялық ұсыныс емес!