
Qorzhyn (Арнұр Қадылбеков)
Жұмысыңыз өнімді болсын десеңіз, осы үш затты жаттап, әркез ойда ұстаңыз:
“1 уақытта, 1 жұпыс. Алдымен маңызды жұмыс. Қазір бастаймын.”
Мақсаттарыңызға жету үшін сіз қандай адам болуыңыз керек? Ондай адамның қандай әдеттері болуы керек?
Таңдаған мақсатыңызға жетуге "лайықты" адам болмасаңыз, қалай жетесіз?
Әдеттерімізді басқармасақ, ол бізді басқарады. Аяғында: "тағдырым сондай болған екен" дейміз.
Адамның ғұмыры кішкентай ғана күндерден тұрады. Демек, осы кішкентай күндерді қалай өткізсек, ғұмырымызды да солай өткізген боламыз.
Бүгін істелмеген бір қадам, ертең істеу керек екі қадамға әкеледі.
Кітаптан мынадайды оқыдым, не ойлайсыздар?
🤔
“Қазіргі заманда үлкен балық кішірек балықты жемейді. Жылдам балық баяу балықты жейді.”
Ұзақ уақыт бойы ұйқымның сапасы нашар болды: түнде ұйықтап кету қиын, жиі оянамын, таңертең шаршап тұрамын. Мәселенің шешімін іздесем, әркім әртүрлі кеңес береді: кофе ішпе, магний іш, бөлмені салқындат, жатарда телефон қарама. Барлығын жеке-жеке қолданып көрдім, бірақ айтарлықтай нәтиже болмады. Кейін түсіндім: олардың әрқайсысы жеке ұйқымды небәрі 1–2%-ға ғана жақсартады, мәселені толық шешпейді. Ал бәрін бірге қолдансам, пайыздар қосылып, ұйқы сапасы 20-30% жақсаруы мүмкін. Ал бұл, расымен, сезілді!
Кейде үлкен мәселені бір үлкен өзгеріс емес, бірнеше кішкентай әрекеттің қосындысы шешеді.
Біз көбіне үлкен мәселенің ҮЛКЕН шешімін іздейміз. Бірақ кейде мәселе бір әрекетпен емес, бірнеше кішкентай әрекеттің жиналуымен шешіледі. Әрқайсысы небәрі 1–2% ғана әсер етуі мүмкін, бірақ қосылғанда нәтиже мүлде басқа болады. Кішкентай жақсартулардың күшін елемей қалмаңыз.
Ертең өмірімнен мысал келтіремін.
Алғашқы қадам тек бастау үшін емес, ДҰРЫС бастау үшін маңызды. Өйткені адам көбіне өзі үйренген нәрсесін қайталай береді. Басында қалай істесеңіз, уақыт өте келе сол сіздің қалыпты тәсіліңізге айналады. Сол себепті АЛҒАШ рет жасалған әрекетке салғырт қарамаңыз. Жалпы, қайбір әрекетіңізге мән беріп жүрсеңізші
😂
Қандай кішкентай әрекет болмасын, оны бар зейініңізді қойып орындаңыз. Бір абзац оқысаңыз да, оны түсініп оқыңыз; бес минут жаттықсаңыз да, әр қимылды мұқият жасаңыз. Нәтиже үшін әрекеттердің сапалы орындалғаны маңызды. Қанша істегеніңізден бөлек, қалай істегеніңіз де өте маңызды.