Select your region
and interface language
We’ll show relevant
Telegram channels and features
Region
avatar

𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢

taammul
السلام عليكم يا إخواني وأخواتي الكرام! مرحباً بكم! пәтуә беруге ақылы емеспін #НиязӘбуРумейса 📝 бот: https://t.me/taammul_bot ‼️ Дәріс каналына сілтеме: https://t.me/tabahhurr Анонимді сауал жолдау сілтемесі: 🔗 anon.fan/as_Suaal
Subscribers
1 140
24 hours
30 days
-20
Post views
110
ER
10,79%
Posts (30d)
23
Characters in post
583
Insights from AI analysis of channel posts
Channel category
Religion and Spirituality
Audience gender
Female
Audience age
25-34
Audience financial status
Middle
Audience professions
Education
Summary
March 01, 03:56

☑️
Жалпы, әйел заты өз өмірін тек жеке бақытымен өлшемей, үлкен аманат тұрғысынан қарауы керек. Ол - діннің, отбасының, ұрпақтың аманаты.
Ол бір ердің шаңырағында береке мен тыныштық орнатып, оған Пайғамбарымыздың ﷺ аманатын атқаруға алаңсыз кірісуіне жағдай жасауды өзінің Раббысы ﷻ алдындағы күресі деп қабылдаса, бұл өте биік түсінік болар еді
. Өйткені әркімнің күресі әртүрлі. Біреу майданда, біреу мінберде, біреу ілім жолында күреседі. Ал әйелдің күресі отбасының ішкі тірегін бекемдеу, ерінің рухани және жауапкершілік жолында нық тұруына сүйеу болу. Бұл әлсіздік емес, бәлки, үлкен парасат пен терең иманның көрінісі.
Ұлы Раббысының ﷻ ұлық жолындағы күресі дәл осы екенін түсінген әйелдер талай ердің жолын ашар еді
. Себебі ер адам сыртқы жауапкершілікті көтерсе, әйел ішкі тіршіліктің шамшырағы. Шаңырақ тыныш болса, ер де өз міндетіне берік болады. Ал бүгінгі таңда кей жағдайда өмірдің күресі жеке мүдде мен шектен шыққан "мен" ұстанымының төңірегінде ғана түсіндіріліп жүр. Кейбіреулер күресті феминизммен теңестіріп, өз құқығын қорғауды отбасының тұтастығынан жоғары қояды. Нәтижесінде, ер мен әйелдің бәсекесі пайда болып, бірлік әлсірейді. Былайша айтқанда көпшілік әйелдер ерлерін өз қамдарының жолында ғана құрбаншылыққа батырып жүр. Ал шын мәнінде шынайы күрес - бірін-бірі жеңу емес, нәпсіні жеңу ғой. Шынайы күрес - өткінші дүниенің емес, мәңгіліктің қамы.
Өз болашағы, бақыты және ақыреті үшін болған күрес - Раббысының ﷻ жолындағы күрес емес пе
? Қысқасы, отбасы - майдан емес, аманат. Ер мен әйел - қарсылас емес, серік.
Осыны түсінген жан өз орнын да, өз күресін де дұрыс табады
. Тауфиқ тек Аллаһтан ﷻ. Одан ғана үрейленіп, Оған ғана үміт қыламыз.
©
#НиязӘбуРумейса
Canal:
https://t.me/taammul

February 28, 10:45
Media unavailable
1
Show in Telegram

🖋
Нияз Әбу Румейса: Егер сізге тиімді бизнестің үштен бір үлесін беремін десе, қуанып қаларыңыз анық. Себебі оның пайдасын түсінесіз. Ал дәл сондай пайдаға толы, олжалы айдың да үштен бірі өтіп барады. Аллаһ Тағала бұл нығметтің үштен бірін есен-саулықпен…

February 28, 10:40

🖋
Нияз Әбу Румейса:
Егер сізге тиімді бизнестің үштен бір үлесін беремін десе, қуанып қаларыңыз анық. Себебі оның пайдасын түсінесіз. Ал дәл сондай пайдаға толы, олжалы айдың да үштен бірі өтіп барады. Аллаһ Тағала бұл нығметтің үштен бірін есен-саулықпен өткізуіңізді нәсіп етті. Бірақ сіз оны қалай өткіздіңіз?
Күніңіз тағатта, түніңіз мінажатта өтті ме? Кешірімге бөленіп, тозақтан азат етілгендердің қатарына іліктіңіз бе? Құран тиләуатымен шұғылданып, жүрегіңізден бастап тұла бойыңызды нұрға бөледіңіз бе? Ауыз бекітіп қана қоймай, өзгеге ауыз аштыртуға да үлгердіңіз бе? Туыстармен арадағы мәмілеңізді түзеп, қарым-қатынасты нығайта алдыңыз ба? Садақаларыңыз көбейіп, оң қолыңыз бергенді сол қолыңыз білмейтін хәлге жеттіңіз бе?
Ал енді қалған екі бөлігі сізге нәсіп болмаса ше? Н/е Раббыңыз ﷻ жомарттығымен тағы бір бөлігін нәсіп етсе ше? Ал егер пәнимен қош айтысар сәтіңіз осы қасиетті айдың үштен екі бөлігін өткерумен келіп жетсе ше?
Бұл сұрақтар жүрегіңізді шымшылап қана қоймасын - қамшыласын. Шаршамаңыз. Бар мүмкіндікті жіберіп алмаңыз. Бұл - қанша амал жасаса да, жасағанын аз санап отырған бауырларыңыздың жүрек сөзі. Сіздер де өкініште қалмаңыздар.
Рамазан айы баршамыздың есімдеріміз бақыттылардың тізімінен табылатын ай болсын! Әмин.
Canal:
https://t.me/taammul

February 27, 20:55

February 27, 20:55

February 27, 06:42
Media unavailable
1
Show in Telegram

кто является автором этого вопроса
можете ещё раз написать

February 26, 03:30
Media unavailable
1
Show in Telegram

🖋
Нияз Әбу Румейса:
☑️
Өмірде мынаны ұғынамын, әлде өмір ұғындырады дейін бе, қысқасы: арғы өмірдегі қылыштан өткір, қылдан жіңішке көпірден аман әрі машақатсыз өту үшін адам бұл дүниеде әр қадамын сол көпірдің үстінде тұрғандай жасап үйренуі керек шығар.…

February 26, 01:24
Media unavailable
2
Show in Telegram

February 25, 22:16
Media unavailable
1
Show in Telegram

🖋
Нияз Әбу Румейса:
☑️
Өмірде мынаны ұғынамын, әлде өмір ұғындырады дейін бе, қысқасы: арғы өмірдегі қылыштан өткір, қылдан жіңішке көпірден аман әрі машақатсыз өту үшін адам бұл дүниеде әр қадамын сол көпірдің үстінде тұрғандай жасап үйренуі керек шығар.…

February 25, 21:49

🖋
Нияз Әбу Румейса:
☑️
Өмірде мынаны ұғынамын, әлде өмір ұғындырады дейін бе, қысқасы: арғы өмірдегі қылыштан өткір, қылдан жіңішке көпірден аман әрі машақатсыз өту үшін адам бұл дүниеде әр қадамын сол көпірдің үстінде тұрғандай жасап үйренуі керек шығар.…