Select your region
and interface language
We’ll show relevant
Telegram channels and features
Region
avatar

Ержан Бақытжанов

yerzhan_bakhytzhanov
Нұр-Мубарак түлегі Исламтанушы Оқып түйген ойларым, кітаптан үзінділер мен аудармаларым.
Subscribers
4 180
24 hours
30 days
-50
Post views
1 035
ER
24,9%
Posts (30d)
12
Characters in post
476
Insights from AI analysis of channel posts
Channel category
Other
Audience gender
Mixed audience
Audience age
-
Audience financial status
Mixed
Audience professions
Others
Summary
-
March 01, 14:22

Рамазанның алғашқы он күні де өтті. Сауап жинаған жетістікке жетті. Бос өткізген өкініште қалды. Бірақ өкінішін өзі сезбейді. Оны Рамазан аяқталған соң түсінеді.

February 28, 12:10

Кішіпейілдің – абыройы асар, тәкаппардың – құты қашар.
Ахмет Иүгінеки

February 21, 16:35

Көп сәжде ету жүректегі тәкәппарлықты кетіреді.

February 21, 03:33

Кейбіреулер бір тамшы су жұтсам, оразам бұзылады деп қорқады. Бірақ адамдардың ақысына кірсем, ақыретім бұзылады деп қорықпайды.
Мұхаммед Ғазали (Алла рақым етсін)
Рамазанда тек тамақ емес, кісі ақысын жеуден де сақ болайық!

February 20, 17:27

Күнде мешітке барарда Құранның тарауық намазында оқылатын бөлігін мағынасымен оқып барыңыз. Сонда намаз әсерлі болады.

February 18, 19:15
Media unavailable
1
Show in Telegram

February 18, 19:06

Хадисте: «Сәресін ішіңдер! Расында сәрелік аста құт-береке бар», – делінген.
Бұхари/1923

February 18, 13:36

Міне, айлардың сұлтаны кешірім мен рақымшылық айы рамазан босағадан аттады. Күллі мұсылманды қасиетті саналатын ұлық ғибадат рамазан оразасына төрт көзімізді түгел жеткізген жаратушыға сансыз мадақ болсын!
Расында, бұл Раббымыздан кешірім, бізден ықыласты құлшылық пен өзімізді рухани тәрбиені талап қылатын отыз күндік мұқаддас мерзім.
Құлшылықтың мәні не?
Тілмен айтылатын құлшылық бар. Мысалы зікір, дұға ету.
Іспен жасалатын құлшылық бар. Қылған намаз, малды жұмсап орындайтын зекет сияқты.
Ал, енді сөзбен де іспен де байланысы жоқ тек тыйылудан тұратын бір ғибадат бар. Ол – ораза. Өткен қауымдарға да бұл құлшылық таңсық емес-тін. Құранда өткен қауымдарға да парыз етілгені зікір қылынған.
Бірақ исламдағы ораза басқалардан өзгеше. Оразаның хикметін толыққанды тани алмаймыз. Уақыт өте келе оның денсаулыққа пайдасысын осыған ұқсас тағысын тағы басқа хикметтері жаңалық болып ашыла берер.
Бірақ ғалымдар оразаның хикметін түсіну үшін сол оразаны ұстайтын адамның сырын ұғыну керек дейді әуелі. Адам кім? Ол – тәнмен рухтан тұратын жаратылыс. Тән – рухтың көлігі. Рух – тәнді тізгіндеуші. Көбіне адамдар тәнді әсемдеп соның жағдайын жасайды. Әсілінде көлік деген жүргізушінің пайдасы үшін жасалған емес пе?! Өзін ұмытып көлігінің жағдайын жасай беретіннің мысалындай болып тұр ғой пәлсапасы. Сол үшін де денеміздің ақысын алға қойғаннан, рухты тәрбиелеп тазартуға баса көңіл бөлген ләзім.
Шәһуатта бір табынатын зат іспеттес. Аятта бұны ескертіп: "Өз әуейілігін құдай етіп алғанды көрдің бе?!", – делінеді. Соны тізгіндеп басқарған рух періштелердің деңгейіне көтеріліп, хадисте айтылған дұғасы қабыл болатын үш санатқа кіреді. Олар: зұлымдық көруші, ораза ұстаушы және әділ басшы.
Ораза – қалауды тәрбиелейтін ерекше құлшылық. Жаныңдағы жарыңнан, алдыңдағы асыңнан бір ай бойы күніне он, он бес сағат ешкім бақыламай тұрғанда тыйылу қиын әрине. Бірақ Раббыңның назары түсіп тұр. Бұдан асқан қалауды тәрбиелейтін тәрбиеші бар ма?! Әлбетте жоқ. Міне, ораза сол үшін де ұлы ғибадат. Жаратушы жаббар хақ та оразаны ерекшелеп, сыйын өзім беремін деген. Бұлай айтылу сыры осы болса керек.
Оразаның тағы бір беретін тәрбиесі нығметті сездіру. Құдайдың берген нығметінің саны жоқ. Адам оны күнде пайдаланғасын дәмін ұмытып қалған. Ал ораза бізге тоқтық нығметінің дәмін сездіреді. Аш жүргендердің қиындығын еш тілсіз айтылған уағыз қылып жеткізеді. Хазіреті Жүсіп пайғамбар қазына басшысы бола тұра ұдайы ораза ұстап, пақырлардың аштығын ұмытып кетуге қорқамын дейді екен.
Тағы бір сыры Аллаға толыққанды берілу. Кәміл бағыну. Алла бұйырады және тыяды. Мүміннің жауабы естідік те, мойынсұндық болмақ. Демек ораза бұл – рухты ояту мен тәннің саулығы, қалауымызды тәрбиелеп, сабырымызды шыңдау және нығметті танып Раббымызға толық тәсілім ету екен.
Данагөй бір ғалым шіркін мұсылмандар осы рамазанның сырын ұғынып, қадірін түсінсе екен. Бұрыңғылар ауыздары тағамнан ғана емес, тілі күнәларынан тыйылатын еді. Көз бен құлақтары да ораза болатын. Түндерін Құранмен, намазбен өткізетін деген екен. Бұл бір ғажайып құлшылық қой шынымен, түсінген пендеге.
Ойшыл Нәжіп Фазыл айтқандай: "Жесең ғибадат, жемесең де ғибадат. Ішсең ғибадат, ішпесең де ғибадат. Ұйықтасаң ғибадат, ұйықтамасаң да ғибадат. Ораза нендей керемет ғибадат".
Алла тағала оразамызды қабыл етсін!
Рамазан айы мүбәрак болсын, ардақты ағайын!

February 12, 16:08

Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деген: "Расында, күндердің ең абзалы – жұма. Сол күні маған салауатты көп айтыңдар, өйткені сендердің салауаттарың міндетті түрде маған жеткізіледі".
Әбу Дәуіт/1531.

February 11, 08:47

Алла бізге не қажет екенін бізден жақсырақ біледі!