Выберите регион
и язык интерфейса
Покажем актуальные для региона
Telegram-каналы и возможности
Регион
avatar

Ержан Бақытжанов

yerzhan_bakhytzhanov
Нұр-Мубарак түлегі Исламтанушы Оқып түйген ойларым, кітаптан үзінділер мен аудармаларым.
Подписчики
4 420
24 часа
10
30 дней
-110
Просмотры
876
ER
0,2%
Посты (30д)
17
Символов в посте
263
December 08, 07:30

Алланың саған берген нығметін білгің келсе, көзіңді жұмып көр. Көру нығметінің қадірін түсінесің.
Бәкір әл-Музани (Алла оған рахым етсін)

December 06, 15:45

Ассалаумағалейкум құрметті ағайын!
Мен – Жанұзақ Санат. Көпшілік мені продюсерлік қызметімнен, ұстаздармен жасаған жобаларымнан (АТЫ ЖОҚ PODCAST, ZHUMA PODCAST т.б), халыққа ағартушылық пен руханият тарату жолындағы еңбегімнен таниды.
Бүгін мен елден бірінші рет өз отбасым үшін көмек сұраудамын.
Қарындасым жеті жылдан астам уақыт бойы ЖАРАЛЫКОЛИТ (ішектің созылмалы ойық жаралы қабынуы) диагнозымен күресіп келеді. Ауруы асқынып, мүгедектік берілді. Қазақстанда алған емінен басқа ағзаларына кері әсерін беруде.
Енді шұғыл түрде Корей еліне толыққанды ем алуға аттанбақшымыз. Жақын күндері жолға шығуымыз қажет.
Өкінішке қарай, емнің бағасы, жол шығындары және тексерістер өте қымбат. Сондықтан осы жолы сіздерден қолдау сұраймын. Қомақты қаражат керек. 20 млн теңгенің 3 млн қаражаты жиналды.
Әрбір көмек— қарындасымның сауығуына жасалған үлкен үміт пен қайырлы қадам.
Алла баршаңызға разы болсын. Жақсылықтарыңыз еселеніп қайтсын!
Реквизит: 87769640968 Санат Ж (Каспи, Халық)
4400 4303 1997 5709

December 06, 07:45

Қазақтың қариялары бата бергенде:
Ақтан – аят,
Пайғамбардан – шапағат,
Әулиеден – медет! деп қайырады.
Оразбек Сарсенбаев

November 30, 19:26

Құран аяттарының орналасу тәртібі де мұғжиза.
#ойлар

November 28, 02:14

Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деген: "Расында, күндердің ең абзалы – жұма. Сол күні маған салауатты көп айтыңдар, өйткені сендердің салауаттарың міндетті түрде маған жеткізіледі".
Әбу Дәуіт/1531.

November 27, 17:22

“Саф жүрек” кітабының үшінші томында “тәфәул” тақырыбын жаздым. Жақсы ойлау, жақсылыққа үміттену, жақсылықты күту.
Өйткені адамға шабыт беру, науқас адамға “жазылып кетесің, уайымдама”– деп айту – Пайғамбарымыздың ‎ﷺ сүннеті.
Алайда сөздің парқын ажырата алмайтын небір қызық адамдар бар. Қай жерде қалай сөйлеу керектігін білмейді. Тіпті кей адамдар ауруды зиярат еткенде: “Байқа енді, менің бір танысым осы аурудан көз жұмған” деп айтып қалады.
Суфиян әс-Сәури өзінің бір сөзінде былай деген:
«Көңіл сұрап келген кей адамдардың ақымақтығы – науқасқа оның ауруынан да жаман әсер етеді», – деді. (Әл-Ғиқд әл-фарид)
(Саф, 3-том)

November 27, 10:34

Ескі кітаптарда адасып қателескендерді ғалымдарымыз олардың атын атап, түсін түстемей "кейбір адамдар" немесе "сондай бір топ" деп сипаттап жазады. Бұл – ұлық имамдардың әдебі. Қазір өзгенің атын, өзінің атын шығару үшін айтатын сияқты көпшілік.

November 27, 10:15

Өмір деп жүргеніміз бір сәт қана. Сол сәтке бәріміз сыймай жанталасып жүрміз.

November 27, 05:38

Сын естудің пайдасы.

November 23, 07:24

Әдеппен білімге қол жетеді. Білім арқылы амал түзеледі. Ал, түзу амал хикметке жеткізеді.
Шиһабуддин Суһрәуәрди
Хилия. 10/239