
Zukhridin Al-Hanafi
Соңғы кезде сабаққа өтініш көбейді. Алла қаласа араб тілінен де және басқа да сабақтарды күтіңіздер, қабылдауды да.
Кейбір “батырларымыз” мектептегі бүлдіршіндеріміздің басындағы 50-100 грам шамасындағы орамалмен арпалысып, соны женумен әуре. Оның елге төніп келген айдаһар емес екенін аңғаратын күн қашан келеді екен.
XV РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰРАН БАЙҚАУЫ — ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ!
Тікелей эфир сілтемесі:
https://www.youtube.com/live/n4IiU_YXoJM?si=nNafin4yfYcN9kBL
📕
Пән: Философия
📒
Оқытылатын кітап: «
Мәбади әл-Фәлсафа»
әл-Бәләнбури
📅
Басталу күні: 20.09.2026
📌
Дәрістің мақсаты: бұл кітапфилософия және кәлам ілімдеріне кіріспе, сондай-ақ
«Шарх әл-Ақаид ән-Насафия»
секілді кәлам мәселелері мен кітаптарын түсінуге көмекші құрал саналады.
🎞️
Әр сабақ арнайы әзілнген слайдтар арқылы жүргізіледі.
📱
Дәрістер Зум қосымшасы арқылы өтеді.
🧮
Дәріс саны: 12-15
Шариғат маманымен философия оқыңыз келе ме? Сіз басқа жерден таба алмайтын сабақ жіберемін қазір
📕
Пән: Бәлаға ілімі
📏
Деңгей: Бірінші деңгей
📒
Оқытылатын кітап:
«Мәтн әт-Тухфа»
📖
Авторы: Ахмад әд-Дардир
📅
Басталу күні: 20.09.2026
📱
Дәрістер зум қосымшасы арқылы өтеді.
🧮
Дәріс саны: 5
Екіншісі — білім іздеудегі ниеттің көркем болуы.
Яғни, білімді Алла Тағаланың разылығын мақсат етіп, оған амал ету, шариғатты жандандыру, жүректі нұрландыру, ішкі жан дүниені көркейту, Алла Тағалаға Онымен кездесетін күні жақын құлы болу, сондай-ақ білім иелеріне әзірленген Алланың разылығы мен ұлы нығметіне ие болуды мақсат етіп үйрену.
Суфиян әс-Сәури:
“Мен үшін өз ниетімді түзеуден қиын нәрсе болған емес.” -
деген.
Ал білім арқылы мансапқа, абырой-беделге, мал-дүниеге қол жеткізуді, қатарластарының алдында мақтануды, адамдардың өзін ұлықтауын, мәжілістерде төрге шығарылып, алдыңғы орынға отырғызылуды және осыған ұқсас дүниелік мақсаттарды көздемеу керек. Өйткені мұндай адам
төмен нәрсені (алып) жақсырақ нәрсеге (-ні беріп) айырбастаған
болады.
Әбу Юсуф (Алла оны рақым етсін):
“
Білімдерің арқылы Алла Тағаланы мақсат етіңдер! Өйткені мен ешбір мәжіліске оларға кішіпейілділік таныту ниетімен отырып, соңында олардан абыройым артпай кеткен емеспін. Ал ешбір мәжіліске олардан жоғары болуды ниет етіп отырып, соңында масқара болып тұрмай кеткен емеспін” -
деген.
Білім — құлшылықтардың бірі әрі Аллаға жақындататын амалдардың бірі.
Егер ондағы ниет Алла Тағала үшін ықыласты болса, ол қабыл болып, көбейіп, берекеті артады. Ал егер білім арқылы Алланың разылығынан өзге нәрсе көзделсе, онда ол амал зая кетіп, құрдымға кетеді.
Мұндай адамның саудасы зиянға ұшырайды. Тіпті кейде ол көздеген дүниелік мақсаттарына да жете алмай, үміті ақталмай, мақсаты жүзеге аспай, еңбегі босқа кетеді.
تذكرة السامع والمتكلم في أدب العالم والمتعلم
Егер кітап өз оқырмандарының біреуінің ғана өмір жолын өзгерте алса, бұл — оның авторы үшін жеткілікті сый.
©️
Профессор, доктор Абдулкарим Баккар
Баланың әрбір қалауы міндетті түрде орындалуы керек деген түсінікпен өсуі — дұрыс тәрбие емес. Өйткені өмір оған талай рет: “Жоқ” дейді. Егер бала “жоқ” дегенді өз үйінде естіп, қабылдауды үйренбесе, оны үйден тыс жерде қабылдауы қиын болады.
Бала тәрбиесінде оған берілетін ең үлкен сыйлардың бірі — оның қалауын орындаудан бұрын,
сабыр етуді үйрету
.
©️
Профессор, доктор Абдулкарим Баккар
Қорқынышқа негізделген тәрбие баланы тілалғыш етуі мүмкін, бірақ бақылаушы жоқ кезде оның жақсы адам болуына кепілдік бермейді.
©️
Профессор, доктор Абдулкарим Баккар