Выберите регион
и язык интерфейса
Покажем актуальные для региона
Telegram-каналы и возможности
Регион
avatar

Zukhridin Al-Hanafi

zukhridin_alhanafi
1 - грамматика https://t.me/attaudih 2 - хуббурросул https://t.me/hubburrasul
Подписчики
2 237
24 часа
—
30 дней
5
Просмотры
368
ER
16,45%
Посты (30д)
34
Символов в посте
349
Инсайты от анализа ИИ по постам канала
Категория канала
Религия и духовность
Пол аудитории
Женский
Возраст аудитории
25-34
Финансовый статус аудитории
Средний
Профессии аудитории
Образование
Краткое описание
October 27, 23:16

Өз қадірін білмеген адамға обал жоқ.

October 27, 23:13

Ілімге деген әдепсіздіктердің төресі – ілім алушы атанып, бірақ ілім талаб етпеу шығар.

October 27, 23:12

Ғибадаттарда ойдың сол ғибадатта болуы маңызды. Намазда болсын, зікір де болсын. Ілім талаб ету де үлкен құлшылық, әр адамға міндет құлшылық. Ілім алар кезде де ойың толықтай ілімде болу шарт. Денең сабақта, ойың жан-жақта жүрсе ілім ала алмайсың. Ден қойып оқу, ден қойып тыңдау, ден қойып мәселені ойлау маңызды, өте маңызды. Енді оған қол жеткізу үшін ойыңды бөлетін заттардан аулақ болу қажет. Ойыңды ілімнен басқаға бұратын заттардан алыстап, тәрк етпесең, бірден айтсақ түбінде ілімді тәрк етесің.

October 27, 23:09

Парақшаны Алланы дәріптеу үшін ашып, өзіңді дәріптеп кетсең Құдайдың ұрғаны сол болар. Тез-тез пікір қылып, тәубеге келіп отыру керек. Шайтан мен нәпсі қоймайды ғой.

October 27, 20:42

Өз қадірін білмеген адамға обал жоқ.

October 22, 19:24

2026 жылы Татарстан еліндегі Қазан қаласында өткен халықаралық жарыста Алланың қалауымен 2 орын алдым. Нәтижені барлығы білгенмен, нәтижеге себепші болған асыл жандарды кейбір адамдар біле бермес. Өйткені, бұл жеңіс тек менің емес, осы жолда көмектескен ұстаздардың…

October 22, 19:23

2026 жылы Татарстан еліндегі Қазан қаласында өткен халықаралық жарыста Алланың қалауымен 2 орын алдым.
Нәтижені барлығы білгенмен, нәтижеге себепші болған асыл жандарды кейбір адамдар біле бермес. Өйткені, бұл жеңіс тек менің емес, осы жолда көмектескен ұстаздардың да жеңісі. Қысқаша айтып кетсем:
- Бейсенали Олжас ұстаз. Алғаш сарф пәнін не екенін көрсетіп, база қалыптастырған ұстаз. Кеше болғандай болса да, қазір қарасам 7 жыл бұрын сол кісінің сарф видео сабақтарын сатып алып, толық аяқтап шыққан едім.
- Боханов Ерболат ұстаз. Маған нахву пәнінің дәмін татқызған ұстаз. Тек араб тілін емес, нағыз көркем мінезді үйректен алғаш ұстаздарымның бірі.
- Жүсіхпан ұстаз. Қазақстанның оңтүстігінің түбінде болған Сарыағаш қаласындағы адамдар арасында белгісіз болса да, Құдайдың құзырында дәрежесі биік ұстазым. Бұл кісінің маған аударма және нахву саласындағы көмегі зор.
- Доктор Шариф Мухаммад. Медресемізде болған менің алғаш көрген араб ұстазым. Мені шәкіртіндей емес, өзінің інісіндей қадірлеп, ізет көрсеткен ұстазым.
Бұл араб тіліне қатысты маған өздерінің негізгі үлестерін қосқан ұстаздар. Әрине, бұл ұстаздар туралы көп жазса болады, алайда, қазірше тек кіріспе ретінде жазайын деп шештім.
Зухридин ұстазым болса, ол кісіні таныстыру үшін пост емес, посттар да емес, толық кітап керек.
Алла қаласа жалғасы болып қалар!

October 22, 15:48
Файлы недоступны
1
Открыть в Telegram

Темірлан маған шәкірттен де жақынырақ. Әр жеңісі мен жетістігі мен үшін өз жетістігімдей. Татарстанға барып, 22 ел қатысқан жарыста араб тілінен екінші орынды алды. Бірақ мен үшін ол бірінші орынды алды. Бірінші болып қала береді. Оны қарсыласымен арасындағы бірнеше балл екінші орынға түсірмейді.
Осы жарыста бір ғана нәрсе қиын болды. Татарстанда интернет жағы қиын болып, көп байланыса алмағанымыз ғана.

October 20, 21:18

Бір кісі ант ішеді. Бірақ оның антына қатысты мәселені фақиһтар шеше алмайды. Содан оған басқа қалаға барып, сол жақтағы ғалымдардан сұрауға кеңес береді. Әлгі кісі жолдың алыстығын айтып қиналғанда, оған:
“Дінін ойлаған адам үшін ол жер алыс емес”, – деп айтылады.
[Пайғамбарлардың мұрагерлері]

October 20, 12:18

Сыншыл бол!
Өзгеге емес, ең алдымен өз сөзіңе сын көзбен қара!
Әр сөзіңді айтпас бұрын ой елегінен өткізіп, өзіңнен сұра:
«Бұл сөзім дұрыс па?»
«Осы жерде айту орынды ма?»
«Мұны айтуым қажет пе?»
Сөзіңді айтпай тұрып сынға ал, сұрыпта. Сонда кейін өкінетін сәттерің де азаяды.
Бүгін өзіңді қатаң есепке алып, сөзіңді түзесең, ақыреттегі есебің де жеңіл болар, ин ша Алла!