Выберите регион
и язык интерфейса
Покажем актуальные для региона
Telegram-каналы и возможности
Регион
avatar

“Насихаттар жинағы”

NasihattarJinagi
Аударған: Қуаныш Абу Хафс
Подписчики
1 570
24 часа
30 дней
20
Просмотры
1 131
ER
68,54%
Посты (30д)
5
Символов в посте
331
Инсайты от анализа ИИ по постам канала
Категория канала
Религия и духовность
Пол аудитории
Женский
Возраст аудитории
25-34
Финансовый статус аудитории
Средний
Профессии аудитории
Образование
Краткое описание
April 27, 10:28

{Осындай бауырларымызды бағалайық}
Имам ибн Хиббан:
“Сенің әкеңнен тумаған қаншама бауырың бар…
Ал кейде бір әкеден туған бауырыңның өзі сенен теріс айналуы мүмкін.”
“Егер шынайы достық қаласаң — жомарт, жаны таза адамдармен аралас.
Біліп қой: уәдеге берік, адал адам — нағыз бауыр.”
“Саған әкеңнен тумаған қаншама адамдар бар,
бірақ олар саған өз бауырыңдай жақын болып кетеді.”
“Егер оларды өте қиын, тіпті өмірге қатерлі жағдайда шақырсаң —
олар сені тастамай, сен үшін бастарын қатерге тігуге дайын болады.”
‏روضة العقلاء
‏للإمام ابن حبان
‏ص(143)
@NasihattarJinagi

April 20, 09:27
Файлы недоступны
1
Открыть в Telegram

Шейхуль-Ислам айтады:
«Адамдардың арасында сондайлары бар:
оны қызғаныш (хасад) ғайбат айтуға итермелейді.
Сөйтіп ол екі жаман істі бірге жинайды:
ғайбат пен қызғанышты.»
‏مجموعة الفتاوى | ٢٣٨/٢٨
Қысқаша түсінік:
Яғни кейбір адамдар біреуді көре алмай, соның салдарынан артынан жамандап (ғайбат айтып) қояды. Бұл — екі күнәнің қосылуы:
Ішкі дерт — қызғаныш
Сыртқы амал — ғайбат
@NasihattarJinagi

April 19, 07:41
Файлы недоступны
1
Открыть в Telegram

Имам Мәлик айтады:
Білімдегі орынсыз талас-тартыс пен айтысу —
құлдың жүрегінен білімнің нұрын өшіреді.
(جامع العلوم والحكم) ص ٩٣/١
@NasihattarJinagi

April 16, 15:16
Файлы недоступны
1
Открыть в Telegram

Имам Мәликтің насихаты:
Маңызды іс болмаса, үйден жиі шыға берме.
Пайдалы білім берілетін жиналыс болмаса, бос отырыстарға барма.

ترتيب المدارك (٦٣/٢)
@NasihattarJinagi

April 11, 08:34

Му’ауя ибн Қурра айтады:
Адамдардан жақсылық жасауды талап етпе, керісінше олардан зиян тигізбеуін талап ет.
Кімде-кім бүгін саған зиян тигізбесе — ол саған сыйлық берген адаммен тең.
تاريخ دمشق (٢٧٠/٥٩).
Расында да, саған жала жаппай, зұлымдық жасамай жүрген адамның өзі — саған үлкен жақсылық жасағанмен тең.
@NasihattarJinagi

March 23, 03:03
Файлы недоступны
1
Открыть в Telegram

Шейх Фаузан (Аллаһ оны сақтасын) айтады:
Дін мәселелері тек ғалымдардан сұралады. Ол жайлы дәрігерлерден, инженерлерден сұралмайды. Дін мәселесі ақылмен жетіп түсініп алатын нәрсе емес. Расында, ол тек аспаннан түскен уахи арқылы үйренілетін нәрсе.
"المنحة الربانية في شرح الأربعين النووية"
ص ٢٣١
@NasihattarJinagi

March 22, 01:59
Файлы недоступны
1
Открыть в Telegram

Пайғамбарымыз ﷺ айтты:
«Құлдың Раббысына ең жақын болатын сәті — сәждеде тұрған кезі. Сондықтан (сол кезде) дұғаны көбейтіңдер».
‏رواه مسلم (482)
@NasihattarJinagi

March 20, 03:04

Айт мейрамы Құтты болсын!
Аллаһ Тағала әрбір үйге береке мен тыныштық, жүректерге иман нұрын сыйласын.
Бұл ұлық күнде жасаған дұғаларыңыз, ізгі амалдарыңыз қабыл болғай.
Айт мерекесінде Аллаһ тағала барлық мұсылман қауымына қуаныш, ынтымақ пен мейірім әкелсін!
Айт қабыл болсын!
تقبل الله منا
ومنكم صالح الأعمال

March 10, 23:56

{
Соңғы он күнді ықыласпен өткізейік
}
Имам ибн Рожаб айтады:
Құлшылықта сүйенетін нәрсе – көп ижтиһад (көп амал) емес, сол амалдың қабыл болуы.
Өйткені маңыздысы – дененің көп амал жасауы емес, жүректің дұрыс болуы.
Кейде түнде намаз оқыған адамның түні, тек ұйықтамай өткізген түн сияқты ғана болып қалуы мүмкін.
Қаншама адамдар бар – түнімен намаз оқиды, бірақ сауаптан махрұм қалады.
Ал қаншама адамдар бар – түнде ұйықтайды, бірақ Алланың мейіріміне бөленеді.
Мына бір адам ұйықтап жатса да, жүрегі Раббысын зікір етуде.
Ал мына бір адам намаз оқып тұрса да, жүрегі күнәларға толы.
لطائف المعارف: ١٥٤ ص
Қуаныш Омар
@NasihattarJinagi

March 07, 05:36

{ Абдулла ибн Омардың кішіпейілділігі }
Абдулла ибн Омар ораза ұстаған кезде ауызын тек кедей-міскіндермен бірге ашатын. Егер отбасы оларды онымен бірге ауыз ашуға жібермесе, сол түні өзі де тамақ ішпей жатып қалатын.
"لطائف المعارف لابن رجب" ص ٤٠٣
Қуаныш Омар
@NasihattarJinagi